Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
23 01.17

Адамзаттың абзалына құрмет

news230120170101

Қостанай өңірінде қасиетті Мәуліт мерекесін тойлау жалғасын табуда. Әлемнің рақым нұры, екі дүниенің сәруары, пайғамбарлардың сұлтаны Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні — исі мұсылман үшін қуанышты бір мерекелердің бірі.

news230120170102

Әдеттегідей «Мирас» мәдениет үйінің залы халыққа лық толы болды. Бұл Алла елшісіне деген зор құрмет екені анық. Мерекенің құрметіне мәуліт-шариф оқылып, пайғамбарымызға салауаттар айтылды, дұғалар бағышталды.

news230120170103

Мерекелік жиынның алғашқы сөзін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев алып, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың құттықтау лебізін жеткізді.

news230120170103

Ал мәні зор мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпараттық насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы арнайы келіп қатысып, пайғамбарымыздың өмірі мен кейінгі үмбеттері алдында орындап кеткен жауапкершілігі жайында уағыз-насихат айтты.

news230120170103

Бүгінгі таңда мешіттеріміз жастарды тура жолға бастап отырған басты рухани орда болса, өңірлердегі өнер ошақтарының да кейінгі буынның адасып кетуіне жол бермей келе жатқанын айтуымыз керек. Жазушы-драматург Ақылбек Шаяхметтің өмірдің ащы шындығын бейнелейтін «Өкініш» спектаклі дәл қазіргі тасбауыр қоғамның дертін тап басқандай.

news230120170103

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы сахнада аталған қойылымнан үзінді көрсеткенде, көпшілік көз жасына ерік берді.

news230120170103

Дегенмен ортаға қазақтың марғасқа ұлдарының бірі белгілі айтыскер Айбек Қалиев пен елдің аяулы қызы Салтанат Өтелбай шығып, сөз жарыстырғанда, халықтың еңсесі көтеріліп қалды. Бұл жерде пайғамбарымыздың ұлы тұлғалығын насихаттаған қос ақын жарасымды әзіл-қалжыңды да ұмыт қалдырған жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл-имамы Бахытбек Тәжімбет бірқатар жүрегі ізгі азаматтарға алғыс хаттар тапсырды.

news230120170103

Жылда салтанатты шарадан кейін қалталы азаматтар жиналып, жұртшылыққа ас беретін. Ал биылғы Мәуліт мерекесінде Қостанай облысының Жастар бөлімі мен Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен Аймағанбет Спанұлының ұрпақтары бастап, қаладағы «Сәтті» мейрамханасында 150-ге тарта жағдайы төмен отбасыларының балалары мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне берді.

news230120170103

news230120170103

news230120170103

news230120170103

news230120170103

news230120170103

news230120170103

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Жарыс әсерлі өтті
келесі жаңалық
Терроризімнің алдын алу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником