Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы марқұм Ербол қажы Молдахметұлының отбасына ізгілік мақсатында автокөлікті сыйға тартты.
Ербол қажы Молдахметұлы Алматы ислам институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын 1995 жылы Амантоғай ауданында имамдық қызметтен бастаған.
Ол 2000 жылы Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне бас имам болып тағайындалып, 17 жыл бойы адал жұмыс істеді. Жергілікті халықтың шынайы алғысына бөленді.
Тағдырдың жазғанына шара бар ма?! Ол күтпеген жерден сырқатқа ұшырап 2012 жылдың қазан айында дүниеден өтті. Артында әлі кәмелеттік жасқа толмаған үш ұлы мен екі қызы қалды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өңір имамдарының атынан марқұм Ербол қажының ұзақ жылғы еңбегін ескере отырып, жоғарыда аталған жеңіл көлікті оның отбасына беру туралы ұсыныс жасаған болатын.
Жуырда діни басқарманың төралқа мәжілісінде бұл қолдау тауып, бұрынғы имамның отбасына беру жөнінде шешім қабылданды.
Жақында қалалық мешіт ұжымы «Ваз 21154» жеңіл көлікті Ербол қажы Молдахметұлының отбасына табыс етті. Мешіттің алқа мүшесі Мираш қажы Тәшетов марқұмның отбасы мен бала-шағасына жүрек жарды лебізін білдіріп, намазхан ақсақал Торғайбай қажы бата берді.
Ербол қажының ғұмырлық серігі Майя Сайлауқызы өз отбасы атынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұл шешіміне шынайы алғысын білдірді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі