«Тазалық – иманның жартысы» - демекші, әр мұсылманға қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау ізгілікті іс болып табылады. Қала өміріндегі осынау тазалықты сақтау мәселесіне Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті де өздерінің лайықты үлестерін қосуда.
Осы сөзіміздің нақты мысалы ретінде аталмыш мешіт қызметкерлері, жамағаттар және шәкірттер даладағы қыс бойы жиналып қалған қоқыстарды жинауға ат салысты. Мешіттің айналасын айнадай етіп тазартты.
Сөйтіп, сенбілікте шаһарға өздерінің жанашырлығын, мұндай ортақ істен щет қалмайтындығын тағы да дәлелдеді.
Қаланың тазалығы бәрімізге ортақ! Сондықтан, белсенділік танытқан қауымға айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да мұндай сенбіліктерде өзгелерге үлгі – өнеге көрсете береміз, - дейді аталмыш мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі