Жақында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың республикалық басылымдарда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы жарық көріп көпшілік назарына ұсынылған болатын.
Осынау аса маңызды құжатта таяу жылдарда қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жайы қозғалды. Ол жұртшылық тарапынан қолдау тауып жатыр.
Жуырда Қостанай қалалық мешітінде осы мешіт ұжымы мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұстаздары отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшырап, қиянат құрбаны болған алаш ардақтыларының бірі - Ахмет Байтұрсыновқа арналған рухани кеш ұйымдастырылды.
Бұл басқосу «Ұлттың ұйтқысы - Ахмет Байтұрсынов» деп аталады. Жиынға негізінен аталған жоғары оқу орнының гуманитарлық – әлеуметтік факультетінің қазақ филологиясы мамандығының студенттері қатысты.
Рухани кешті мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы ашып, жиынның негізгі алға қойған мақсаты мен міндетіне тоқталды.
Осы мәжілісте кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Жүрсіналина «ТАРИХ ТАНЫМ:ТАҒЛЫМ мен ТАҒЗЫМ» тақырыбында баяндама жасады.Қатысушыларға бейне слайд ұсынды.
Сондай – ақ жоғарыда аталған университеттің студенттері Күнжамал Кенжеахметова мен Аяжан Әмірғалиева А.Байтұрсынұлының «Маса» және «Жұртыма» атты деп аталатын өлеңдердің оқыды.
Ал мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы әңгімеге арқау болған ұлт көсемінің қазақ тіліне, діліне және дініне кезінде аса зор мән бергеніне тоқталып, оның өмірінен сөз қозғады.
Кеш соңында мешіттің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов және гуманитарлық-әлеуметтік факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сауле Жалғасқызы жиналған қауымға шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі