Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 04.15

Наиб мүфти Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен кездесті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серік қажы Ораз Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен ашық әңгіме өткізді. Биыл исламтану мамандығы бойынша мемлекеттік гранттың алғашқы иелерінің қалың легі бұқарамен бетпе-бет қауышатындықтан оларды рухани әрі саналы түрде дайындауды діни басқарма өкілдері ағалық борыш санайтыны анық байқалады. Осыған дейін еліміздің өңір-өңірлеріндегі өкіл имамдар келіп, болашақ түлектерді елдегі діни ахуалмен таныстырып, нақты жұмыс орындарын ұсынған болатын. Ал, бұл жолы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серік Ораз мырза болашақ түлектерді ашық әңгімеге шақырып, олардың алдындағы міндеттің маңызды да жауапты екенін пысықтай түсті. Әуелі университет проректоры Шамшәдин Керім мырзамен жүздесіп, оқу барысын, университет ахуалын пысықтап алған Серік Ораз мырза төртінші курс студенттерімен кеңінен әңгіме өрбітті:

- Біз сіздерді мемлекеттік грантпен оқыды деп, келісім-шарт негізінде мәжбүрлеп, бұйрықпен міндеттесек те болар еді. Бірақ біз сіздердің өз қалауларыңызбен, азаматтық таңдауларыңызбен Алланың разылығы, ел игілігі үшін айқын шешім қабылдағандарыңызды қалаймыз. Сіздер елге керексіздер, елге қызмет етсеңіздер, діни басқарма құрамы сіздерге қызмет етуге әзір, - деді наиб мүфти Серік Ораз. Әңгімені арыдан бастап, сонау Кеңестік қоғамның кезіндегі ахуал мен тәуелсіздік алған жылдардағы әрі-сәрі кезең, елдің түсініксіз халдегі күндері, барлығын шолып өтіп, бүгінгі дінімізге еркіндік берген күннің қадіріне жету керектігін ескертіп:

- Кезінде діні үшін құрбан болған бабаларымыз осы күндерді қалай аңсағанын сөзбен жеткізу, әсте, мүмкін емес. Сондықтан осындай кеңшілік уақытта, зәулім ғимаратта бүкіл мүмкіндіктері жасақталған жоғары оқу орнында білім ала отырып, шешуші сәт келгенде жеке бастың қамын күйттеп, жылы-жұмсақ жер іздеп, орталықта қалуға ұмтылу азаматтыққа сын. Бір кездері елдің барлығы материалдық құндылыққа құлдық ұрып, байлықтың жолын күйттеп кеткен жылдары алғаш ашылған Ислам институтындағы 2 жылдық білімін алып, бүгінде шалғай ауылда 25 жылдан бері тапжылмай елдің имандылығына ат салысып жүрген азаматтарымыз бар. Олардың абыройын ешқандай ақшаға сатып ала алмайсыз. Сондықтан сіздер де осы төрт жылдық білімдеріңізді елге үйретіп, еңбек етіңіздер. Ал қыз балаларға келсек, бізге әр облысқа кем дегенде әйел затынан 2 ұстаздан керек, біз қолдан келген қамқорлықты жасаймыз - деген наиб мүфти шәкірттерге жүректегі жылы сөздерін жеткізді.

Расында, бүгінде жұмыс табу қай мекеме, кәсіпорын болса да таныс-тамыр жағалап, қалтасын жұқартып, жемқорлыққа жол берілетін кездер де аз емес. Ал, дін саласында ҚМДБ өкілдерінің жас мамандарға өздері жұмыс орнын ұсынып, абыройлы бастарын иіп: «Сіздер Алла жолында елге қызмет етсеңіздер, біз сіздердің қызметтеріңіздеміз», - деп ағынан жарылып ашық айтуы бүгінде қай салада кездеседі? Бұның өзі еліміздегі имандылық жолындағы азаматтардың азаматтығын аңғартып, ел болашағына деген үмітті үкілей түсері сөзсіз. Ал бүгінгі наиб мүфти Серік Ораз мырзамен болған кездесу болашақ түлектердің ойына ой, жігеріне қайрат қосып, азаматтық намысын қайрап, патриоттық сезімін арттыра түскені сөзсіз.

алдыңғы жаңалық
Бас мүфти – Қырғызстанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумда (ФОТО)
келесі жаңалық
Елбасы Ердоғанмен бауырым деп сөйлесті (ВИДЕО)

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником