Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің діни сауат ашу курсындағы әйелдер тобы Тәуелсіздік пен мерейлі Мәуліт мерекесі қарсаңында Арқалық балалар және жасөспірімдерге арналған үйде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен кездесті.
Мұнда 3 пен 14 жас аралығындағы ата-анасының тәрбесі құқығынан айырылған балалар тәрбиеленуде.
Осынау жүздесу барысында мұндағы он екі сәбиге ойыншықтар мен тәттілер үлестірілді. Оларға бала ұғымындағы тәрбие жөнінде қызықты қойылымдар қойылып, әндер шырқалды.
Әйелдер тобының ұстазы Диана Альтанова бастаған мешіт шәкірттері өздерінің арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасын «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» деп атады.
Кездесуде ата-ананың ыстық ықыласы мен аялы алақанының жылуына мұқтаж бейкүнә сәбилер ерекше қуанышқа бөленіп, жүздері шаттықтан бал-бұл жанды.
Балалар үйінің қызметкерлері өздеріне арнайы келіп, осындай шара ұйымдастырған жүректері жомарт жандарға шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі