Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сәйкес ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілі және облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мен найб имам Бақытжан Икрам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Дәл осындай марапатқа Қостанай, Рудный қалалары мен Денисов, Жітіқара, Қарасу, Ұзынкөл аудандық мешіттерінің бас имамдары Шоқан Ғазезұлы, Сеит Темірбекұлы, Ерік Қожахметұлы, Сабыржан Зейнелғабиденұлы, Халық Қабиұлы, Есенгелді Сақтағанұлы ие болды.
Сонымен қатар 2016 жылы ақарылған шаралардың нәтижесі бойынша Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қолынан Бахытбек Нұрғабылұлы мен Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы алғыс хатқа ие болды.
Біз облысымыздың таңдаулы дін қайраткерлерін құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, игі мақсат жолындағы қызметтерінде табыс тілейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі