Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазіреті Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Мәуліт араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді.
Күллі адамзаттың асыл тәжі болған пайғамбарымыздың (с.ғ.у) өмірі кімге де болсын өнеге. Ал тәрбие тал бесіктен берілсе, сонда бүлдіршіннің бойына сіңіп, олар ертең саналы азамат болып өседі.
Осы мақсатта жуырда мешіт жамағаты мен әйелдер қауымы балаларға есте қаларлықтай қуаныш сыйлады. Өткізілген шара аясында балалар Мұхаммед (с.ғ.у) өмірі мен тағылымды сөздерінен көп ғибрат алды.
Мұндай басқосулардың әрқашанда тигізер ықпалы мол екендігі даусыз. Жас кезде берілген тәлімді тәрбие кімнің болсын жадында мәңгілік сақталады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі