Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесу болып өтті. Онда «Үмнттің байлығы - бірлікте» тақырыбы әңгімеге арқау болды.
Осынау маңызды шарада күн тәртібіндегі негізгі тақырып бойынша облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.
Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Содан соң жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да киелі орындағы жұртты елең еткізер оқиға болды.
Мұндай кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына өмір көрген ақ жаулықты аналарымыз шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі