Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке.
Міне, осы айтулы мейрамның құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі және Діни проблемаларды зерттеу орталығының демеушілігімен қалалар, аудандар мешіті жамағаты арасында шахмат турнирі өткізілді.
Онда облыстық мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі мұсылмандар қауымының ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау екендігіне тоқталды.
Осынау турнир өте қызықты да тартымды ұйымдастырылғандықтан көпшіліктің есінде қалды. Оның қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі