Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің әйел-қыздар секторы кейінгілерге өнеге боларлық бірқатар тағылымды шараларды жүзеге асырды.
Мәселен, мешіт жамағаты мен шәкірттер арасында «Тәні саудың жаны сау» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Онда эстафета, волейбол және баскетбол ойындары бойынша сайыстар өтті.
Сонымен қатар өткен «Алғыс айту» күнінде де тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан жарыстар болып, жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болды.
Біздің қазақ «Адам көркі шүберек» деп босқа айтпайды. Әйел затына әсемдік қашан да жарасады. Есімі өңірімізге кеңінен таныс аяулы жан, Қостанайдағы «Сұлтан» сән үйінің басшысы Мәлика Ғалымжанқызы Төлемісова мешітте болып әйелдер-қыздар жамағатымен кездесті.
Ол өзінің «Заманауи мұсылман киімдері» коллекциясымен таныстырып, орамал тартудың өзіне тән қыр-сырын көрсетті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі