Жақында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті жамағатымен бірге «Тазалық – иманның жартысы» - атты тазалық акциясын бастады. Осынау игі шара сәуір айының соңғы күндері қолға алынып, ұйымшылдық танытудың арқасында қаншама шаруалар жүзеге асырылды.
Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев әрдайым: «Дініміз Ислам тазалыққа қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Қай елді-мекеннің болмасын келбеті тазалықтан басталмақ. Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының борышы деп түсінеміз„,- деп мұсылман қауымына айтып келеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей әңгімеге арқау болған шараға мешіт қызметкерлерімен бірге жамағат та бір үйдің адамдарындай белсене атсалысты.
Сонымен ұйымшылдық көрсетудің нәтижесінде мешіт айналасы тазарды, қойылған орындықтар жөнделді, сондай-ақ жиектастар әктеліп, сырланды. Күллі қоқыстар сыртқа шығарылды.
Осындай аса қажетті жұмыстар тек қалалық мешітте ғана емес, шаһарға қарасты өзге мешіттер мен намазханаларда да ойдағыдай атқарылды».
Бас имамның сөзіне қарағанда, мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі