Быйылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлы Смирнов, Бөрлі, Белоглин ауылдарында бірнеше кездесу мәнді де мағыналы семинарлар өткізді.
Ол жиналған халыққа отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі жайында ұлағатты насихаттар айтылды.
Осы жүздесудің алдында Қостанай қаласында өткен «Салт- дәстүр және діни рәсімдер» атты конференция шешіміне сай жиналған жұртшылыққа жаназа рәсіміндегі кейбір жайлар жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар аталған басқосуларда қазіргі таңдағы жұртшылық назарындағы деструктивті теріс ағымдар және олардың қоғамға зияны жөнінде де тілге тиек етілді.
Кездесуге келген ауыл азаматтары жоғарыда әңгімеге арқау болған, өмірлік маңызы бар шешімді бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Жергілікті мұсылман бауырларымыз мұндай басқосуларды жоғары деңгейде ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі