Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
05 05.18

Амангелдідегі жиында...

Амангелдідегі жиында...

Жақында Амангелді аудандық мәдениет үйінде «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты басқосу болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Т.Карбозов ашып, жүргізіп отырды. Бұл мәжілістің мақсаты – жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіруді насихаттау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу.

Амангелдідегі жиында...

Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, имамдар, ардагерлер ұйымының төрағалары, мешіт жамағаты, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Амирхамзин басқосу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын басшылыққа ала отырып, тиісті шешім қабылданғандығын жиналған көпшілікке таныстырды.

Амангелдідегі жиында...

Ал Арқалық қалалық «Мухтасиб әл-Мұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы «Ысырапшылдық – Исламға жат нәрсе» тақырыбында әңгімеледі. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Есім Дауылбай сөз сөйлеп, жас жеткіншектерге дінмен қатар тәрбиелік мәні бар ұлттық ғұрыптарды да насихаттап, түсіндіріп отыру қажеттігін айтты.

Амангелдідегі жиында...

Бұл басқосудың соңында мәжіліске келген барша ақсақалдар мен қонақтар күн тәртібіндегі мәселені бір ауыздан қолдайтынын және оның өте маңыздылығына тоқталды.

Амангелдідегі жиында...

Амангелдідегі жиында...

Амангелдідегі жиында...

Амангелдідегі жиында...

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Арқалықта «Тазалық – иманның жартысы» акциясы өтті
келесі жаңалық
Қмдб: рамазан айының басталуына қатысты мәлімдеме

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником