Бұл күндері елімізде Елбасының үстіміздегі жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі.
Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Осы сапары барысында мәртебелі мейман облыстық мешітке атбасын бұрды.
Онымен бірге облыс әкімі Архимед Мухамбетов болды. Дархан Аманұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді.
Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттері жайлы сөз етті.
Бұл мешіттегі басқосуға өңірдегі аудан және қала имамдары қатысып, біраз жайға қанықты. Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрі Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлының қойған сауалына нақты жауап берді. Кездесу өте әсерлі өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі