Жуырда Қостанай облысы Наурызым ауданы орталығындағы «Түркебай» мешітінің найб имамы А. Кенжеғара және аудандық «Ішкі саясат» бөлімінің дін мәселелері жөніндегі әдіскері А. Серікбай «Мереке» және «Қожа» ауылдары тұрғындарымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесулер өткізді.
Бұл кездесуде жастар тәрбиесінің маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды. Мұндағы басты мақсат – жастарды еліне адал қызмет ететін патриот қылып тәрбиелеу жайы әңгіме өзегіне айналды.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше екені белгілі. Өйткені бала еліктегіш болып келеді. Сондықтан ата-ананың бойында дұрыс қасиет көрсе, олардың жақсы қырларын бала бойына сіңіріп өсетіні белгілі. Сол себептен балаңызға көп көңіл бөліп, онымен әрдайым сырласып, аптасына бір күніңізді жанұяңызға арнап, балалырыңызбен әңгіме-дүкен құрып өткізген жөн. Сонда ғана сіз жасыл желектей желпілдеп өсіп келе жатқан ұрпағыңызға оң әсер етіп, олардың болашақта байыпты да салиқалы ұрпақ тәрбиелеп шығаратыныңыз белгілі.
Аталмыш кездесу соңында арнайы жергілікті халықпен кездескен меймандарға түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауап та алынды. Бұл жүздесуден көпшілік рухани ләззат алып тарасты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі