Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
19 03.19

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Елімізде осы көнеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз көнермей, қайта керісінше жылдан-жылға тиісті деңгейде насихатталып келеді. Осы жолғы жарыс – соның бір жарқын айғағы іспеттес.

Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының «Жастар және салауатты өмір салты» айлық жоспарына сәйкес, Наурыз мейрамы қарсаңында ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз – ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Оған қатысушылар «Қол күрес», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Асық ату» сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты. Жиналған жұрттың арасынан мықтылар суырылып шығып, тамаша ойын үлгісін көрсетті.

Жеңімпаздар арнайы жүлделер мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі» халқымыздың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне арналды.

Жәрмеңке аясында барша қонақтарға мешіт тарапынан қыстың қымызы «Құрт көже» үлестіріліп, мешіттің әйелдер жамағаты мен шәкірт қыз-келіншіктеріміз дайындаған түрлі тағамдар төмен бағамен сатылса, 600 адам Фаттах қажы дәмі тіл үйіретін палауынан дәм татты.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге жеке кәсіпкерлер де тауарлар қатарын өз өнімдерімен, діни әшекей заттармен, киім-кешектермен толықтырды.

Мешіт алдындағы киіз үйде Жанат Орқашбаев дастархан жайып, шын көңілімен жиналған қауымға шай берсе, Айсұлу Құрманбекқызы 300 бөлке нанды тегін таратты.

«Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» - демекші, жастарымызға қолөнердің қыр-сырымен, жасалу әдіс-тәсілімен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» таныстырды. Осынау «Қолөнер» үйірме жетекшісі Айдын Диханбаев өз ойымен бөлісті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
алдыңғы жаңалық
Алғыс айтылды
келесі жаңалық
Ұлыстың ұлы күніне арналды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником