Жуырда Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінде көктемгі алғашқы мереке, алғыс айту күнімен және халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, ғұмырының саналы уақытын мешітке қызмет етуге арнаған Қымбат Қалиқызына арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Айта кетсек Досмухамбетова Қымбат Қалиқызы 1996 жылы Лисаков қалалық мешітіне есепші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде қазақ саны 5% дан аспайтын уақытта мешіт ұстап тұрудын өзі қандай қиын екендігі айтпасада белгілі.
Қиындыққа толы бірнеше жылдар өтіп, Лисаков қаласының мұсылмандар санаты көбейіп, қала тұрғындарының ықпалымен, сол кезде ел басқарып отырған азаматтардын демеуімен, мешіт басқарып отырған Рахым Серік имамның зор еңбегінің арқасында «Быткомбинат» ғимараты мешітке берілді.
Араға тағыда біраз уақыт салып Лисаков қаласында заманауи үлгіде, жаңа мешіт салынып 2018 жылдың 2 қыркүйегінде пайдаланысқа беріледі. Осынау уақыттың барлық қиыншылығына төзіп, 23 жыл бойы Қымбат Қалиқызы мешітте еңбек етіп келе жатыр.
Биылғы жылы көктемнің алғашқы мерекелерінде Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы алғысын білдіріп арнайы алғыс хатпен марапаттады.