Үстіміздегі жастар жылы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде де тиісті деңгейде аталып өтіп, кейінгілерге үлгі-өнеге боларлықтай іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Мысалға аталған мешіт қызметкерлері аптасына екі рет аудандық «Пионер» спорт кешініде футболдан жарыс ұйымдастырып келеді.
Біздің қазақ «Жаны саудың - тәні сау» деген сөзді босқа айтпайды. Бұл орайда жастардың тарапынан да ерекше белсенділік байқалады. Футболдан мұндай жарыстар өткізудің де өзіндік тәрбиелік мәні зор.
-Спортпен айналысқан адамның көңіл күйі жоғары болады. Сондай-ақ өзін әрқашан да сергек сезінеді. Сондай-ақ ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға да өзінің септігін тигізеді,-дейді аудандық мешіттің имамы М. Бердығожин.
Өңіріміздегі мешіттерде мұндай салауатты өмір салтын ұстануға деген ықыластың арта түсуі баршамызды да ерекше қуанышқа бөлейді.