Қостнай облысының Денисов ауданында «Жастар» жылы аясында тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастарылуда.
Мысалы, ұлттық ойынымыз болып табылатын тоғызқұмалақтан жарыс Наурыз мерекесі қарсаңында ойдағыдай өтті.
Аудан орталығындағы «Жұма» мешітінде ұйымдастырылған сайысқа алты ауылдың командасы қатысты.
Жарыс бар жерде жүлдегерлер де топ жаратындығы белгілі. Барлық командалар оған жан-жақты әзірлікпен келгендіктерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша Бас имам Болатжан Ғалымжанұлы қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.
Жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бірінші орынды Зааят ауылының, екінші орынды Аят ауылының, үшінші Фрунзе ауылының командалары иеленді.