Жуырда Қостанай облыстық мешітінің жаныңдағы «Жастар ісі және әйел-қыздар» секторларының ұймдастыруымен үстіміздегі жылы жарияланған Ихсан жылы аясында семинар болып өтті.
Мұнда жиналған қауымның алдында облыстың Бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Ертайұлы сөз сөйлеп, болашақта отбасын құратын өңір жастарына үлкен тағылым болатын ғибратты насихат айтты.
Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде: «Қоғам отбасынан құралады, еліміздің болашағы нұрлы және жарқын болуы сіздерге байланысты. Яғни өз алдарына жеке шаңырақ көтеретін жастардың сыйластығына, ауыз бірлігіне және туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігіне байланысты. Сіздер осындай биіктен көріне беретіндігіне кәміл сенемін» деді.
Сондай-ақ мешіттегі жастардың өзекті мәселесімен тікелей айналысатын наиб имам Әлішер Ертайұлынын да пікірі өте мағыналы әрі ұтымды шықты. Ол ата-бабаларымыздан келе жатқан «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегеннің мағынасын шараға қатысушыларға түсіндіріп жеткізді.
Бұл мешіттегі басқосуда баршаның есінде қалған бір ұмытылмас жай, қатысушылардың ішінде қос жұп мешітте ақ некесін салтанатты түрде қиып, Бас имамның батасын алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі