Сарыкөл ауданы "Аққозы қажы" мешітнің Бас имамы Исламұлы Нұрбол қажы басқаратын мешіт ұжымының ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттар» атты шара өткізілді.
Еліміз бойынша аталып өтетін осы мереке қарсаңында арамыздағы қарт кісілерге, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу. Осынау қыйын қыстау заманда оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету - адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.
Мерекелік жиын барысында Бас имам Нұрбол қажы "Қарттары бар ел-бақытты ел" турасында уағыз насихат айтып, сыйлықтар табыстады. Осынау ықыласқа риза болған ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарда барша ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі