Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет. Мұны облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық Ғайсин жете түсінеді және сол бағытта қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Осы биылғы жылдың өзінде Наурыз мейрамы кезінде Қостанай қаласының қажылары мен аз қамтылған отбасы балаларының басын қосып үлкен кездесу өткізілсе, Ұлы Жеңіс күніне арнап, соғыс ардагерлері мен жетім балаларға «Думан» мейрамханасында дастархан жайылғаны көпшілікке белгілі.

Айта кететін бір жағдай, бұл кездесуде православие, католик шіркеулерінің өкілдерінің поптары шақырылып, концерттік бағдарлама мен қойылымдар көрсетілді және басқа дін өкілдеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Бұл біздің Президентіміздің ұстанып отырған дінаралық татулықтың белгісі екенінің көрінісі.

Өткен айда жаңа мешіт ашылу салтанатына келген Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың «Дін және дәстүр» кітабының тұсау кесері балалар шығармашылық сарайында үлкен концертпен жалғасқанына біздің Қостанайлықтар куә. Бұл жиынды Республикамызға белгілі өнер қайраткері Ақжол Мейірбековтың жүргізгенінің өзі және жиынға Қазақстан Қажылар қауымдастығының өкілдері қатысып жамағатқа айтқан тілектері, оның үлкен деңгейде өткенінің дәлелі.

Марал ишан мешітімен облыстық «Зекет қорының» және Қостанай Қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Торғай, Қостанай өңіріне белгілі ақын-жорналшы Еренғайып Әбдіхалық атындағы жүлде мен мүшәйраның жоғары деңгейде өткені белгілі. Осы кешті ұйымдастырушылардың бірі, Республикаға танымал дін насихатшысы 65 рет Мекке, Мединеге қажылық сапарға мұсылмандарды бастап апарған Амангелді Еренғайыптың сонау Израил-Палестинадағы мұсылманның 3-інші қасиетті Әл-Ақса мешітінің директоры шейх Наджиһті Қостанайға әкелуі үлкен оқиға болды. Шейхтың, кездесулерде Қостанай облысының, бүкіл Қазақстанның халқына айтқан тілектері жүрек тебірентеді.

Сонымен қатар, мешіттер жамағаты, жылда, елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетіп, өңірдегі көнкөрісі төмен отбасыларының ұл-қыздары мен көмекке мұқтаж жетім балаларға қайырымдылық танытып келеді.

Осының жарқын көрінісі ретінде жуырда облыстық Марал Ишан мешітінде аталған азаматтар қамқорлыққа алған 52 бала бас қосты. Олардың жанында ата-аналарымен бірге жанашыр кісілер де болды.

Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам арнайы шақырылған бүлдіршіндердің алдында тебірене сөз сөйледі. Олардың тәуелсіз еліміздің ертеңгі нағыз тіректері екендіктерін айтты. Көпшіліктің алдында барлық балаларға жаңа оқу жылына қажетті оқу-құрал жабдықтарын салтанатты түрде табыс етті.

Мына тіршілікте жанарлары қуанышқа толы балалардың бақытты сәтін көрудің өзі бір ғанибет екен. Наиб имам мен «Зекет» қорының өкілі бүлдіршіндердің жүзіндегі ерекше шаттықты көріп, өздері де қатты толқыды.

- «Біз мұндай қайырымдылықты жылда көрсетіп келеміз, биыл да мешіттің бас имамымен, облыстық «Зекет қоры» және Қажылар қауымдастығымен келісе отырып, қаладағы көмекке мұқтаж балдырғандарға қол ұшын беруге ұйғарым жасадық. Мұнымыздың өте орынды болғандығын балаларға сыйлықты тапсыру кезінде айқын сезіндік, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі, абыз ақсақал Жақсылық қажы.

Осындай қайырымдылық шаралар аудан, қала мешіттерінде де өткізілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

Баспасөз қызметі

gallery27082014 01

gallery27082014 02

gallery27082014 03

gallery27082014 04

gallery27082014 05

Published in Жаңалықтар

Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы,

Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін

мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойын-

сұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастай-

тын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен

арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық

һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті.

Сондықтан да, намазды дұрыс орындау – мұсылмандар

үшін ең маңызды міндет. Ардақты Пайғамбарымыз

(с.а.у): «Мен намазды қалай оқыған болсам, сендер де

солай оқыңдар!», – деп, бекер өсиет етпеген. Тағы бір

хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.) намазға былайша анықтама

берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым!

Published in Кітапхана
Понедельник, 25 Август 2014 00:00

"Менің мәзһабым - сенімді хадис"

Мәзһабпен жүрмейтіндер өзгелерді мәзһаб ұстаудан тайдыру үшін дәлел ретінде төрт имамның бірінің сөзі болып табылатын, олардың пікірлері сенімді хадиске қайшы келер болса, ол пікірден бас тарту керек деген сөзін пайдаланады.

Өкінішке орай, ешбір қарапайым мұсылман да, тіпті бүлік шығарушылардың өздері де имамдардың бұл сөзінің астарын әрі бұл сөздердің кімге қаратылып айтылғанын түсінбейді. Сонда кез келген адам Шариғат негіздерінен еш хабары болмастан, кез келген хадис жинағын ашып, кез келген хадиске амал етіп кете беруіне болады деген нәрсе шығады. Әрі ол хадистің күші жойылған ба, жоқ па, жалпы сипатқа ма, әлде жалқы сипатқа ие ме, осы мәселеде басқа да хадистер келген бе деп қарап, ізденбейді де. Олай болса ижтихад жасаушы имамдар мен қарапайым мұсылманның не айырмашылығы бар? Исламның әт- Тахауи, Ибн Сурейж, әл- Қудури, әс- Сархаси, әл- Жуәйни, әл- Ғазали, ән- Науауи және басқа да ғалымдар өздерін осы төрт мәзһабтың бірін ұстанушылардан санаған. Алайда оларда ұшан- теңіз ілім бар еді. Ал олардың еңбектерін бүкіл Ислам әлемі әлі күнге дейін оқып келеді. Оларда хадис жинақтары болмады дейсіздер ме? Әлде олардың ілімі біздің заманауи ғалымдарымыздан таяздау болғаны ма?

Бұған жауап ретінде имам Науауидің сөзін келтіруге болады: «Бұл сөздің мағынасы- әр хадисті тура мағынасында түсіну Шафиғи мәзһабында бар дегенді білдірмейді. Олай болатын болса, уақытша некеге Шафиғи мәзһабы рұқсат береді дейді, себебі бұл жайлы хадис Бұхарида келген. Уақытша неке жайлы хадис расымен де сенімді, алайда күшін жойған (мансух). Бұл мәселе, яғни сөздер «мәзһаб мужтахиды» (мәзһаб мужтахиды – қайнар көзге қарап, усулға негіздей отырып, яғни өзі ұстанатын мәзһабтың имамының шешім шығару тәсіліне сүйене отырып өз бетінше шешім шығара алатын ғалым) дәрежесіне жеткен адамға арналған. Бұл жердегі шарт- әлгі ғалым имам Шафиғи бұл хадисті білмеген я болмаса сенімділігі жайлы хабары болмаған деп есептеуі қажет. Ал оны нақтылау үшін шафиғилік кітаптардың барлығын дәлелімен меңгергеннен соң ғана білуге болады. Бұл өте қиын және оны анықтайтын дәрежеге ешкім жете қойған жоқ. Егер имам Шафиғи кейбір сенімді хадистерді қалдырған болса және оған амал етпеген болса, оған себеп болған нәрсенің бары белгілі. Мысалы, бір хадистің күші жойылған, я болмаса тур мағынасын алуға болмауы мүмкін. Ибн Саләх былай деген: «Шафиғи әрбір сенімді хадиске тікелей амал етпеу керектігін айтқан. Және де кез келген фақиһ өздігінше шешім шығара алатын дәрежеге жетпеген». («Әл-Маджмуу ли Имами ан-Нәуәуи», 1/104–105 қараңыз).

Осы сөздерден біздің түсінетініміз, Имам Науауи хадисті өз бетінше түсініп, амал етуі үшін ол адамға екі түрлі шарт қояды:

1. Ол мәзһаб мужтахиды болуы керек. Егер адам ижтихад жасай алатын дәрежеге жетпеген болса, шешім шығаруда хадистерге өз бетінше сүйенетін болады. Яғни оның шығарған кез келген шешімі қате деген сөз. Бұл күнә, себебі ол шамасы келмейтін істі атқарып отыр. Ал «мужтахид дұрыс айтса – екі, қателессе – бір сауап алады» деген хадистің оған қатысы жоқ.

2. Ол мәзһабтың имамы бұл хадисті білмегендігіне я болмаса оның сенімділігін білмегендігіне сенімді болуы тиіс. Ал оны тек сол мәзһабтың еңбектерін толықтай қарап шыққаннан соң ғана, әсіресе мәзһабтың дәлелдерін қарап шыққаннан соң ғана барып біле алады. Ал біздің күнімізде өзге мәзһаб тұрмақ, өзіміздің бастама еңбектерді меңгере алмай жатырмыз! Ондай болса, өзге мәзһаб еңбектері жайлы сөз қозғаудың қажеті шамалы.

Сонымен, мәзһабтарды жоққа шығару – сәләф- солихтардың жолын терістеу және де дінге надани жаңалық енгізу екендігін білдік. Сириялық заманауи ғалым Мұхаммад Саийд Рамазан әл- Бути былай деген: «Мәзһабсыздық – Шариғатқа қауіп төндіретін надандық». Алла Тағала бізді және жақындарымызды бүліктен сақтасын.

Абу Али аль-Ашари

___________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Дарульфикр.ру

Published in Ғибратнама

Published in Фиқһ

Сұрақ: Мен сіздердің соңғы бір мақалаларыңызды оқыған едім. Бір адамды ілім алуға тұрарлық  ғалым деу үшін қандай талаптар заңдастырылған? Иснад (ілімді жеткізушілердің тізбегі) сол талаптардың бірі болып саналады ма? Бұған шариғат қайнар көздерінде, яғни Құран мен Сүннетте қандай дәлелдер келген? Байқағанымдай, біреуді мужтахид деп атау үшін иснадты ғалымдар керек шарт деп есептей бермейді. Өз бетіңше ілім алып, мужтахид болуға бола ма?

Жауап: Сіздің сұрағыңыз екі бөлімнен тұрады: біріншісі – Ислам іліміндегі тізбектің маңыздылығы (иснад), ал екіншісі – білікті ұстаздан ілім алуға қатысты. Мен сіздің осы екі бірдей сұрағыңызға Құран мен Сүннет және ғалымдардың сөзімен жауап беруге тырысамын.

Иснад (ілім жеткізушілердің тізбегі)

Ұлы Алла Тағала біздің мырзамыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметін бізге дейінгі өзге қауымдарға бермеген көптеген ерекшеліктер арқылы беделін үстем еткен.

Осындай нығыметтің бірі – ең озық әрі бірегей ерекшелік, атап айтқанда – әр түрлі Ислами ілімдерді жеткізудегі тізбектің (иснад) сақталуы. Иснадты сәләф ғалымдар шариғат ілімдерінің негізі әрі алғашқы шарты деп қарастырған.

Осылайша Алла Тағала дінді, Кітабын және Сүйіктісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін әрі осы екі қайнар бұлақты дұрыс түсінуге қажетті Ислам ілімдерін сақтаймын деген уәдесін орындауда.

Алла Тағала былай дейді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (Нәжім сүресі, 3- 4 аят)

Уахи сөзі дегенде Құран мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті айтылып тұр. Себебі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз ойынан емес, Алла уахи еткен нәрселерді ғана айтады. Алла Тағала былай дейді: «Расында Құранды Біз қорғаушымыз» (Хижр сүресі, 9 аят)

Пайғамбарымыз (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) сөзімен және ісімен Алланың Кітабын түсіндіріп берген. Құранда Шариғат заңдары айқын айтылмаған, сондықтан да Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) міндеті- сол жердегі жазылғанды түсіндіріп беру болды.

Алла Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (Нахл сүресі, 44 аят)

Осылайша дінді сақтаудың тек қана Құранға емес, Сүннетке де қатысы бар. Сүннетті сахабалар түсінгендей түсіну әрі олардан білім алғандар түсінгендей түсіну.

Иснад – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінің айырықша ерекшелігі. Ешқандай да бір ұлт, дін я болмаса қоғам өздерінің діндеріндегі иснад секілді қатаң талапты шарттарымен мақтана алмайды.

Ертедегі мұсылман ғалымдар өздеріне жеткен әрбір хабарды Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен бе, әлде сахабадан жеткен бе, жоқ па деп тексеріп, талдау жасаған. Олар тізбек ішіндегі адамдардың жеке өмірлері мен қасиеттеріне дейін іздеп білетін болған.

Осылайша үммет бүгінгі таңда ешбір теңдесі жоқ «хадис жеткізушілерді зерттеу ілімінің» басқы бетімен ғана таныс болды. Тек мұсыландар ғана хадис жеткізушілердің есімдері мен туған күнін және өлген уақытын, мінез- құқына дейін жазады.

Ибн Хажар Асқаләнидің «Тахзиб әл-Кәмәл» әл-Миззи, «Тахзиб әл-Тахзиб», Захабидің «Мизан әл-Итидалі» және  Ибн Хажардың «Лисан әл-Мизані» осы таңғажайып нәрсенің дәлелі бола алады. Сондай- ақ шамамен он мың сахабалардың өмірбаяндары жазылып, сақталған Ибн Садтың «Табақаты», Ибн Абдул-Барраның «Әл-Истиабы», Ибн Асирдің «Усд әл-Ғабә» және Ибн Хажардың «Әл-Исабәсы» секілді еңбектер бар.

Имам Абдуллаһ ибн Мубәрәк былай деген: «Иснад – бұл діннің бөлшегі. Егер иснад болмаса әркім қалағанын айтып жүрер еді. Біреуден (тізбексіз сөйлеушіден): «Мұны саған кім жеткізді?»,- деп сұраған кезде сасқанынан үнсіз қалады»

Және ол былай деген: «Кімде кім дінге қатысты сұрақтарды тізбексіз үйренер болса, жоғарыға  баспалдақсыз шыққанмен тең».

Суфиан әс-Сәури былай айтқан: «Иснад – мұсылманның қаруы. Егер адамның қаруы болмаса, ол қалайша соғысады?»

Имам аш-Шафиғи болса: «Кімде кім хадисті тізбегіне мән берместен жаттар болса, орманда отын жинап, шырпыларын байламақ болып жатқанда арасындағы тығылып тұрған жыланды көрмей қалған адамға ұқсайды, яғни ол сенімді болсын, жалған болсын барлық хадистерді жинай береді».

Бірде Бақийә ибн Уалид бірнеше хабарды Хаммад ибн Зейдке тізбексіз жеткізеді.  Мұнысына Хаммад былай деді: «Бұл хабарлар маған қанатсыз ұшып жетіпті, олай болса мен оларды қанаттары болса ғана қабылдаймын».

Ибн Таймиәбылай деген: «Иснад – Ислам мен бұл үмметтің айқын ерекшелігі. Ал мұсылмандар арасында мұнысымен Әһлі Сүннет уәл Жамағат ерекше».(Жоғарыда келтірілген дәйексөздерді шейх Әбу Ғудда өзінің «Әл- Иснад мин әд- дин» еңбегінде жазған, 18- 20 б.)

Біздің салиқалы ата- бабаларымыздың бұл сөздері мұсылмандардың алғашқы  ұрпағы үшін ілім алуда иснадтың міндетті шарты болғандығын көрсетеді. Сондықтан да олар өз еңбектерінде бір сөзді келтіру үшін үш немесе төрт жолдан тұрса да тізбегіндегі адамдарды толықтай жазып шыққан.

Иснад тек Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  жеткен хабарларда ғана емес, кез келген ілімде, атап айтқанда Құран түсіндірмесінде (тәпсір), әулиелердің және өзге де үмметтің тарихына қатысты хабарларда да қолданылған.

Хадистер «Сахих» Бухари, «Сахих» Муслим секілді үлкен жинақ болып жинақталғанда және өзге де ғылымға қатысты жинақтар шыққан кезде әрбір келген хабардың тізбегін көрсетіп отыру тоқтады. Тек кітап авторының я болмаса жинаққа сілтеме ретінде иснады келсе болды. Автордың иснады еңбектің ішінде келген.

Біздің күнімізде де ғалымдарымыз бүкіл әлемге хадистер мен Ислам ілімдерін осы үлкен еңбектердің авторы енетін тізбекпен таратып жүр.

Алты хадис жинақ оны құрастырыушыларға апарып тірелетін, ал олардан – Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жететін иснадпен үйретіледі. Көптеген ғалымдар ең жақсы иснад пен ижәзәға қол жеткізу үшін сапар шегіп, бел асатын.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иснадына келер болсақ, бірінші қатарда Үндістандық ғалымдар тұрады. Олар хадис жаттау іліміне аса үлкен мән береді және де әр түрлі Ислами жоғары оқу орнында (дарул - ъулум) білім алып жатқан әрбір студент маңызды хадис жинақтарының иснадын жақсы біледі. Тіпті ғалым- арабтардың өздері Үндістан мен Пәкістанға хадис шейхтарынан ижәзә мен иснад алуға келетіні белгілі.

Өзге ғылым салалары, мысалы, тәжуид, фиқһ және де басқа ғылым түрлерін араб ғалымдары көптеген еңбектерді иснадымен келтіріп, үйретеді. Сирияның және өзге елдердің беделді ғалымдары Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жейбірейілге, одан Ұлы Алла Тағалаға баратын Құранды оқу мен жаттауда иснадқа ие.

Ханафи мәзһабының үлкен еңбектері авторына және имам Әбу Ханифаға баратын өзге ғылым түрлерінің еңбектері де иснадпен үйретіледі. Өзге ғылым түрлері де осы жолмен жеткізіліп, үйретіледі.

Қорыта айтар болсақ: иснад – біздің үмметке берілген айрықша ерекшелік. Ілім іздеу мен үйрену кезінде иснад ең басты орында болған. Ғалымдар, қазыргі таңда студент білімді иснады бар ғалымнан я болмаса иснады бар адамнан ілім алған ұстаздан үйренуі қажет деп санайды. Ілім беру үшін үзілмеген иснадтың болуы міндет емес. Дегенмен, ілім алып жатқан адам өзге шейхтан ілім алған болуы қажет. Бұл жайлы жауабымыздың келесі бөлімінде толық айтып өтеміз.

Білікті ұстаздан ілім алу

Алла Тағала адам баласын хайуаннан артық етіп жаратты. Хайуандар адамдар секілді ұстазға я болмаса жаттықтырушыға мұқтаж емес. Мысалы, балық туыла сала өзі- ақ жүзіп кете береді. Оны ешкім үйретпейді. Қандай адам жаңа туған нәрестені балық секілді суға қоя береді? Тек ақымақ қана. Балыққа жүзуді үйрететін жаттықтырушы қажет емес, ал адамға жүзіп үйренуі үшін жол көрсетуші қажет екенін білеміз.

Я болмаса мысалға жаңа шыққан балапанды алайық. Жұмыртқадан шыға сала тамақты шоқи бастайды, бірақ оны ешкім бұған үйретпеген еді. Алайда жас нәрестеге тамақты қалай ішу керектігін үйретпесе, білмейді.

Бұл- адамдары оларға ұстаздың тәжірибелік ілімі мен жөн көрсетуі қажет етіп жаратқан Алланың әмірі. Туыла салғаннан өмірдің небір қилы жолдарында әркімге болсын үйретуші мен жол көрсетуші қажет.

Бірауыздан келісілген пікірлер бойынша мына өмірде адамды ұстазсыз және жол көрсетушісіз ешқандай ғылыммен жаулап ала алмайды. Егер ұстазың болмаса, ешқандай салада да білім ала алмайсың.

Мысалға медицина ғылымын алайық. Егер біреу медициналық кітаптарды үйінде отырып оқып алып, дәрігер болатын болса, онда ол адамды есі дұрыс деп айтпасы анық. Ал егер осы адам бір науқасқа операция жасап немесе адамдарды емдейтін болса, оның емдеген адамдарын тек зираттан ғана табуға болатын жағдайға ұшырайды.

Тіпті ол адам сондай епті әрі дарынды болса да, жол көрсетушінің басшылығы әбден қажет. Мысалы ол медициналық кітаптарды түсініп, небір терминдерді білуі мүмкін, алайда ол толық медициналық ілімді ұстаздың басшылығымен меңгеріп шықпайынша оны оташылық қызметке қабылдамайды.  Ешқандай да басшылық пен қызмет орындары өз бетімен ілім алған адамды тәжірибеден өткізуге де қабылдамайды. Себебі ол адам қажетті ілімді толық алған жоқ.

Сол секілді, жер бетіндегі кез келген ілімді меңгеру үшін ұстаз міндетті түрде қажет. Егер сіз заңгерлік мектептен, білікті заңгер маманынан ілім алмаған болсаңыз, сізді ешкім заңгерлік тәжірибеден өткізу үшін жұмысқа қабылдамайды.

Үлкен мамандықтарды былай қойғанда тіпті аспаздық өнерді де тек кітабын оқып алып үйреніп кету мүмкін емес. Әр түрлі тағам түрлеріне арналған небір еңбектер жазылғанымен егер адам өмірінде тамақ әзірлеп көрмеген бола тұрып, үлгіге қарап жасар болса, не шығатыны айтпаса да түсінікті.

Адам ұстазсыз тек кітаптан ілім ала алмайды, өйткені табиғаты солай. Кез келген адамға әрбір қадамында жәрдем беретін және де қателіктерден қорғайтын тәжірибелі ұстаз қажет. Бұл заңдылық әрбір ғылым түріне қатысты: өнерге және қол өнерге, рухани және діни ғылым болсын бәрібір. Ешкім кәсіби ұстазы я болмаса жол көрсетушісі болмастан рухани ілім ала алмайды.

Кітап пен Жазбалардың сыры оны түсіндіру үшін Алла Тағала Пайғамбарын жіберген кезде ғана ашылады. Алла Тағала ешқандай Кітап я Жазба түсірместен Пайғамбарын ғана жіберген мысалдар өте көп. Бірақ Пайғамбарсыз Кітап ешқашан түскен емес.

Мұның қарапайым ғана себебі – егер Кітап өзі ғана келер болса, адам баласы Пайғамбарсыз оның мағынасын түсіне алмайтын еді. Егер Алла қаласа, Ол Кітаптың тек өзін ғана түсірер еді. Кез келген адам кітапты өз үйінде тауып алып, «Осыған бағыныңдар» деген дауыс естір еді. Алайда Жаратушы Алла Тағала жаратылысын жақсы білгендіктен кітаптың мазмұнын сөзімен әрі ісімен түсіндіріп беретін жол көрсетуішісімен қосып жіберген.

Алла Тағала мұны төмендегі аятпен түсіндерген: «Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді»4.

Сондай- ақ: «Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» 5.

Осылайша Алланың әмірі адамзат үшін екі түрлі тәсілді сақтаған. Бірі – Кітабы арқылы, екіншісі болса, Пайғамбарлары мен сахабалары арқылы. Осылайша екі жол: Алланың Кітабы да, Алла жіберген пенделер де тура жолға бастауда ең қажеттілер болып табылады. Егер осының біріне ғана сүйенер болса, сөзсіз жолдан таяды.

Осыған орай, төменде усулдағы үлкен ғалым имам әш- Шатыбидің «Әл- Мууафақат» атты трактатында осы сұрақ бойынша айтқан сөзін келтіреміз:

«Ілім алудың ең жақсы әрі тиімді тәсілі ілімді сол ғылым саласының маманынан алу болып табылады. Сұрақтар туып, түсіндіруді талап етіп тұратын ілімді ұстаздан ғана алу қажет. Ұстазсыз ілім алу мүмкін емес, сондықтан да ұстаз- ілім алудағы ең бірінші қадам болып табылады». Бұған ғалымдар да бір ауыздан келіскен

Ғалымдар былай деген «Рухани ілім пенделік жүректе болған, осыдан соң кітаптарға көшті, ал ол кітаптардың кілті ғалымдардың қолында». Бұл жерде ілімді сол ілім иелерінен алудың маңыздылығы айтылып тұр.

Бұл Алла Тағала ілімді адамдарға ұмыттыру арқылы алмайды, ғалымдарды алу арқылы алады деген хадиске негізделіп айтылған. Жер бетінде ілім иелері қалмаған кезде адамдар надан бола бастайды. Олардан дін жайлы сұраған кезде олар ешқандай ілімсіз сөйлейтін болады. Олар өздері де жолдан тайып, өзгелерді де адастырады. (Сахих Бұхари). Осылайша, ғалымдар күмәнсіз ілімдердің кілті болып табылады.»6.

Имам әш-Шатыби төменде тәжірибелі әрі жетік ұстаздаң үш түрлі белгісі мен қырын айтып өтеді:

1) Үйреткен ілімі амалында көрінеді.

2) Өзі білікті ұстаздан ілім алған болады.

3) Оның шәкірттері алған ілімдерімен жүріп, оны үзбестен алып отырады. Егер шәкірттер оның артынан ермейтін болса, ұстазда кінәрат бар деген сөз7.

Ұстаздан ілім алуда үлкен даналық пен береке бар. Мәтінді шынайы түрде түсіну, оларды дұрыс тәпсірлеу, терминдерді дұрыс түсіну, туған сұрақтарға тиісінше жауап алып, оны тәжірибеде қолдану және де береке мен тура жолда болу – осындай нығымет пен берекеге шәкірт  шәкірт- ұстаз деген қастерлі ұғымды өмірінде қолдана бастағанда ғана кенеледі.

Қорыта айтар болсақ: кез келген адам білімді, тақуалығы бар, даналығы бар және де сондай қасиеттерге ие ғалымдардан сабақ алған ғалымнан ілім алуы қажет. Бұл деген сөз кітапты басшылыққа алған жан оны үйрететін ғалымды табуы қажет деген сөз емес. Ол адамға жақсы ұстазбен сол ғылымға қатысты терминдер болсын, басқа сұрақтар болсын меңгеруі қажет. Осыдан соң барып қана шәкірт ол кітапты өз бетінше, алайда түсініксіз жерлерін ұстаздан сұрай отыра оқи алады

Алла жақсы Білуші.

1. «Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар; 53:3-4.

2. «Хиджр» сүресі, 9 аят; 15:9.

3. «Нәхл» сүресі, 44 аят; 16:44.

4. «Әл- Имран» сүресі, 164 аят; 3:164.

5. «Нәхл» сүресі, 44 аят; 16:44.

6. Әл-Мууафақат.

7. Сол жерде.

Авторы: Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри
Түпнұсқа: daruliftaa.com
____________________

Өткен сенбіде Анталияда тек әйелдерге ғана келуге рұқсат етілетін жағажай ашылды. Курортты қаланың әкімі Мендерес Түрел, сондай-ақ, билік басындағы партия атынан сайланған әйел депутаттар бастаған жоғары лауазымды тұлғалар аталмыш жағажайдың ашылу салтанатына арнайы келіп қатысты. Қала әкімі бастаған құрметті меймандар жағажай лентасын қиып, әйелдердің демалыс орнын өз көздерімен аралап көрді. Бұл жағажай Анталияның батыс аумағындағы Конияалты ауданында орын тепкен Сарысу демалыс аймағында орналасқан. Бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта мұндай демалыс орындарына сұраныс өте үлкен. Ыстамбұл шаһарында осындай 3 жағажай бар.

Published in Жаңалықтар

Шейх әл-Ислам Әбу Ысхақ аш-Ширәзи (393-476 гг. хижра бойынша/1003-1083 ж.миләди бойынша) былай деп айтқан:

فإن قيل: إذا قلتم إنه ليس على العرش، ولا في السماوات، ولا في جهة من الجهات، فأين هو؟! يُقال لهم: أول جهلكم: وصفكم له بـ" أين "؛ لأن " أين " استخبار عن المكان، والرب  منزه عن ذلك. ثم يقال لهم: هل تثبتون خلق العرش والسماوات وجميع الجهات أم لا؟  فإن قالوا: ليست مخلوقة فقد قالوا بقدم العالم، وينتقل الكلام معهم إلى القول بحدوث العالم. وإن وافقوا أهل الحق وقالوا بخلق جميع الجهات، يقال لهم: فهل كان الرب موجوداً قبل وجودها، وهو الذي أوجدها من العدم إلى الوجود أم لا؟ فإن قيل: لم يكن موجوداً قبلها ولا أوجدها، فقد قالوا بحدث الرب  وهذا هو الكفر الصراح. وإن وافقوا أهل الحق في القول بوجوده قبل وجود المخلوقات ( من العالم العلوي والسفلي )، قيل لهم: فأخبرونا عما كان عليه قبل وجودها؟ فكل دليل لهم قبل وجودها، هو دليل لنا بعد وجودها؛ فإن الرب  بعد وجود جميع المخلوقات على ما كان عليه قبل وجودها، لا يجوز على الرب التغيُّر من حال إلى حال، ولا الانتقال من مكان إلى مكان؛ قال   في قصة إبراهيم :  فلما جنّ عليه الليل رأى كوكباً قال هذا ربي فلما أفل  أي: انتقل من جهة إلى جهة، وتغيّر من حال إلى حال  قال لا أحب الآفلين  أي: لا أحب المنتقلين المتغيرين. فمن وصف القديم بما نفاه عنه إبراهيم فليس من المسلمين.

Егер олар: «Алла Аршыда, аспанда және де бірде бір тарапта орналаспады десеңіз, Ол қайда?» деп сұраса, оларға былай деп жауап беріңіз: «Сіз «қайда» деген сөзді қолданып оны сипаттау арқылы, өз надандығыңызды көрсеттіңіз, өйткені бұл мекен-жайды білдіретін сұрақ, ал Алла Тағалаға белгілі бір мекенге орналасу тән емес».  Одан кейін оларға мына сұрақты қойыңыз: «Сіз Аршының, аспанның және барлық мекеннің жаратылғанын мойындайсыз ба?». Егер олар  жаратылмады деп жауап берсе, кеңістіктің бастауы жоқ деген пікірде болуларын білдіреді, демек, бұл әңгімені кеңістіктің жаратылысы саласында өрбіту керек. Ал егер олар барлық тараптың жаратылғанын мойындаса, оларға мына сұрақты қойыңыз: «Алла мекен жаратылғанға дейін бар болды ма? Ол оларды жоқтан жаратты ма жоқ па?».  Егер олар Алла мекендерге дейін болмады, және Ол оларды жаратқан емес десе, онда бұл олардың Құдайды жаратылған деген пікірде болғандарын білдіреді. Ал бұл айқын күпірлік. Егер де олар Құдай барлық  мақұлықтар жаратылмай тұрып та бар болды деген дұрыс пікірде болса, оларға мына сұрақты қойыңыз: «Барлық жаратылысқа дейін Алла Тағала қандай қалыпта болды?». Олардың жаратылысқа дейін Алла жайында айтқандары, бұл- барлық нәрсені жаратқаннан кейін Алла Тағала қандай қалыпта екенінің дәлелі, өйткені Алла барлық нәрсені жаратқаннан кейін де еш өзгерместен сол қалыпта болды. Аллаға бір қалыптан екінші қалыпқа, бір мекеннен екінші мекенге ауысу тән емес.

Алла Тағала Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) жайында былай деген (мағынасы): «Түн жамылған кезде, ол бір ғаламшарды көреді (бұл Шолпан деген тұжырым бар) де, өз халқына былай деп айтады: Бұл менің Раббым (сендердің пікірлерің бойынша)». Ал ол сөніп қалған кезде, яғни бір қалыптан екінші қалыпқа және бір жерден екінші жерге ауысқан кезде, ол былай деп айтады: «Мен бір қалыптан екінші қалыпқа ауысатын нәрсеге құлшылық еткім келмейді»(6:76) – яғни, мен өзгеріп ауысатындарды ұнатпаймын дегені. Демек, өзгеріп, ауысу Аллаға тән емес.

فإن قيل: إذا لم يكن في جهة، فما فائدة رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء، وعروج النبي  إلى السماء؟ يُقال لهم: لو جاز لقائل أن يقول إن الرب  في جهة فوق، لأجل رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء!! لكان لغيره أن يقول: هو في جهة القبلة، لأجل استقبالنا إليها في الصلاة!! أو هو في الأرض، لأجل قربنا من الأرض في حال السجود؛ وقد رُوي في الخبر عن النبي أنه قال: { أقرب ما يكون العبد من إذا سجد }، قال  :  واسجد واقترب !! فلو كان في جهة فوق، لما وُصف العبد بالقرب منه إذا سجد؛ فكما أن الكعبة قبلة المصلي يستقبلها في الصلاة، ولا يقال إن   في جهة الكعبة ومستقبل الأرض بوجهه في السجود لا يقال: إن  في الأرض، فكذلك _ أيضاً _ جُعلت السماء قبلة الدعاء، لا أنّ   حالّ فيها. وكذلك أيضاً عروج النبي إلى السماء، لا يدل على أن   في السماء، كما أن عروج موسى عليه الصلاة والسلام إلى الجبل، وسماعه لكلام  تعالى عنده، لا يدل على أن   حالّ في الجبل؛ فعروج النبي : إنّما كان زيادة في درجته، وعلواً لمنزلته؛ ليتبين الفرق بينه وبين غيره في المنزلة وعلو الدرجة

Егер де сізге мынандай сұрақ қойса: «Алла Тағала бірде бір тарапта орналаспаса, дұға еткенде қолдарымызды аспанға көтерудің және Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) миғраж сапарында көкке көтерілуінің мәні неде?», - оларға былай деп жауап беріңіз: «Алла Тағала аспанда, өйткені біз дұға жасағанда қолымызды көкке қаратамыз, деп біреу айтатын болса, дәл солай басқа біреу, Алла тағала құбыла тарапында орналасқан, өйткені біз құбылаға қарап намаз оқимыз деп, ал үшінші бір адам, Алла Тағала жерде, өйткені сәжде жасағанда біз жерге жақындаймыз, Пайғамбардың(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  мына сөздері бар емес пе: «Құлдың Аллаға ең жақын болатын мезеті, сәждеге жығылған кезі» . Алла Тағала да былай деген: «Жоқ! Оған бойсұнба, сәжде жасап, Аллаға жақында»(96:19)». Алла Тағала көкте болатын болса, адам сәждеге жасаған кезде Оған жақын болмас еді. Сол сияқты, адам Қағбаға қарап намаз оқыса да, Алла Қағбада деп ешкім айтпайды, жерге қарап сәжде етсек те, ешкім Алла жерде деп айтпайды, алақанымызды көкке қаратып жайсақ та, Алланың көкте болған себебінен емес.

Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілуі де, Алла Тағаланың көкте болуының дәлелі емес. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Синай тауына шығып, онда Оның Сөзін естуі де, Алла Тағаланың Синай тауында екенін дәлелдемейді. Ал Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілуі, оның өзге адамдардың жанында мәртебесінің жоғары екенін көрсету үшін болған еді.

[Имам Әбу Ысхақ  әш-Ширәзидің  «Әл-Ишәрат илә мәзһаб әһлу әл-Хаққ» кітабынан]

Ғалымдардың Әбу Ысхақ әш-Ширәзи жайында айтқандары:

Имам Науәуи (хижра ж.с.б. 636-676 ж) оның «Әл-Мухаззаб» кітабына шарх жазған уақытында былай деп айтқан:

هو الإمام المحقق ، المتقن المدقق ، ذو الفنون من العلوم المتكاثرات ، والتصانيف النافعة المستجادات ، الزاهد العابد الورع ، المعرض عن الدنيا ، المقبل بقلبه على الآخرة ، الباذل نفسه في نصرة دين الله تعالى ، المجانب للهوى ، أحد العلماء الصالحين ، وعباد الله العارفين الجامعين بين العلم ، والعبادة ، والورع ، والزهادة ، المواظبين على ، وظائف الدين ، واتباع هدي سيد المرسلين صلى الله عليه وسلم ورضي الله عنهم أجمعين أبو إسحاق إبراهيم بن علي بن يوسف بن عبد الله الشيرازي الفيروزآبادي رحمه الله ، ورضي عنه

قال الإمام الحافظ أبو سعد السمعاني  : كان الشيخ أبو إسحاق إمام الشافعية ، والمدرس ببغداد في النظامية ، شيخ الدهر ، وإمام العصر ، رحل إليه الناس من الأمصار ، وقصدوه من كل الجوانب ، والأقطار ، وكان يجري مجرى أبي العباس بن سريج قال : وكان زاهدا ، ورعا متواضعا ، متخلقا ظريفا كريما سخيا جوادا طلق الوجه دائم البشر ، حسن المجالسة ، مليح المحاورة ، وكان يحكي الحكايات الحسنة ، والأشعار المستبدعة المليحة ، وكان يحفظ منها كثيرا ، وكان يضرب به المثل في الفصاحة . وقال السمعاني أيضا : تفرد الإمام أبو إسحاق بالعلم الوافر ، كالبحر الزاخر ، مع السيرة الجميلة ، والطريقة المرضية ، جاءته الدنيا صاغرة فأباها ، واطرحها ، وقلاها .

«Ол имам, зерттеуші, дін мәселелерін мұқият қараушы, көптеген ғылымдарды меңгерген, пайдалы еңбектердің иесі, тақуа, көп құлшылық етуші, дүниеден бас тартып, барлық мақсаттары ақырғы өмірге бағытталған, Алланың дініне жан тәнімен берілген, нәпсіден бас тартқан, Алла Тағаланың ізгі де салихалы ғалымдарының бірі, өзіне ілім мен құлшылық сияқты қасиетті иемденген, Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін өте берік ұстанған адам. Бұл – Әбу Ысхақ ибн Юсуф ибн Абдаллаһ әш-Ширәзи әл-Файрузабади (Алла оны рахым етіп, оған разы болғай)...»

Имам, хафыз Әбу Саъд әс-Самаъани былай деп айтқан: «Әбу Ысхақ шәфиғи мектебінің имамы  және Бағдадта «Низәмия» медресесінде оқытушы болған шейх және ғасыр имамы. Адамдар оған әр түрлі қалалар мен жердің әр тарапынан  келетін. Ол өте тақуа, салихалы, қарапайым, сонымен қатар, ұшқыр ойлы, сымбатты, жомарт болатын. Жүзінен күлкі кетпейтін, әңгімені өте қызықты баяндайтын, жақсы оқиғаларды айтып, өлендер оқитын, айтқандары есте қалатын». Сол сияқты Самаъани былай дейді: «Имам Әбу Ысхақ терең іліммен ерекшеленген әрі ғылымда теңіз іспетті еді. Бұл дүние оған құшағын жайса да, ол оны қаламай, одан бас тартты».

Хафыз Шәмсуддин әз-Зәһаби (хижра ж.с.б. 673-748 ж.) «Сиәр әъләм ан-Нубалә» еңбегінде ол жайында былай деп айтқан:

الشيخ ، الإمام ، القدوة ، المجتهد ، شيخ الإسلام أبو إسحاق ، إبراهيم بن علي بن يوسف الفيروزابادي ، الشيرازي . قال السمعاني : هو إمام الشافعية ، ومدرس النظامية ، وشيخ العصر . قال أبو بكر الشاشي : أبو إسحاق حجة الله على أئمة العصر . وقال الموفق الحنفي : أبو إسحاق أمير المؤمنين في الفقهاء

«Шейх, имам, үлгі тұтар адам, ыждахатты, Исламның шейхы... Ас-Самаъани былай деп айтқан: «Шафиғилықтардың имамы, «Низәмия» медресесінің оқытушысы және өз заманының шейхы». Әбу Бәкір әш-Шаши былай деген: «Әбу Ысхақ – өз заманының имамдары арасындағы дәйегі». Әл-Муафиқ әл-Ханафи былай деп айтқан: «Әбу Ысхақ –фақыхтардың арасындағы мүміндердің әміршісі (амир әл-мүминин)».

Имам Тәжуддин ас-Субки (хижра ж.с.б. 717-771 ж.) «Табақат Шәфииә әл-Кубра» еңбегінде ол жайында былай деп жазады:

هو الشيخ الإمام شيخ الإسلام صاحب التصانيف التي سارت كمسير الشمس ودارت الدنيا فما جحد فضلها إلا الذي يتخبطه الشيطان من المس بعذوبة لفظ أحلى من الشهد بلا نحله وحلاوة تصانيف

«Ол шейх, имам, шейху л-ислам, күн сияқты қозғалып, әлем сияқты айналған кітаптардың авторы. Олардың пайдасын шайтанға ергендерден басқа ешкім теріске шығармады...».

Автор: Имам Әбу Ысхақ аш-Ширәзи

Published in Ақида

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником