Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Вторник, 29 Ноябрь 2016 15:30

Жастар - ел болашағы

3011201601

Жақында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Аққарға және Степной елді мекендерінде орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

3011201602

Осы шара барысында жиналған жас буын өкілдеріне асыл дініміздің құндылықтары насихаттап, теріс ағымдардың қоғамға, отбасы мен жалпы адам өміріне әкелер зияны жан-жақты түсіндірілді. Жастардың болашақтағы өмірлеріне игі әсер ететін ғибратты уағыз-насихат айтылды.

3011201603

Мұндай тағылымды кездесулердің мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, патриотизмге, қоғамға пайдалы қызмет етуге, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар ата бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, исламның баға жетпес рухани құндылықтарын насихаттау.

Жоғарыда аталған жүздесулерде жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы, кездесулер өте әсерлі өтті.

3011201604

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 21 Ноябрь 2016 11:49

Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ!

2111201601

Дана халқымыз қашанда отбасыдағы ауызбіршілікке, тәртібі мен тәрбиесіне ерекше мән беріп келген. Өзектілігі мен құндылығын жоғалтпайтын, қанша айтса да шегіне жете алмайтын осы мәселе жайында бүгінде Рудный қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында ЗОЖ меңгерушісі Ф.Мырзаева басшылығымен және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Нұрқанов Сейіт Темірбекұлының қатысуымен «Нет насилию в семье!» атты тақырыбына дөңгелек үстел болып өтті. Ол жиынға білікті мамандары ЗОЖ психологы Л.А. Артамонова, Рудный қалалық психиатриялық емхананың психологы В.А. Зинич, кәмелетке толмаған балалардың істері бойынша инспекторы А. Культасовалар да қатысты.

2111201602

Өз ісінің мамандары атаулы тақырыпқа өзінің көзқарастарын білдіріп, отбасыда зорлық-зомбылықтың алдын алу, одан құтылу жолдарын айтқан болатын.

Бас имам Сейіт қажы Темірбекұлы отбасы мүшелерінің бір-бірінің алдындағы міндеттері бар екенін әрі оны орындау арқылы адам тыныштыққа, берекеге және екі дүние бақытына кенелетіні жайлы діннің көзқарасын тілге тиек ете отырып, ұнамды әрі әсерлі етіп баяндады.

2111201603

2111201605

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

1

Тақырып: «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесіне орай Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды. БАС ЖҮЛДЕ – ҚАЖЫЛЫҚ.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;

2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;

3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;

4. Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;

Бейнероликті This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.

Сайт: Muftyat.kz

Телефон: 8 (727) 397-63-97, 8 (727) 397-64-84, 8 (778) 881-33-33

Published in Жаңалықтар

1811201602

Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ жан-жақты кадрлардың толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.

Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанай мемлекеттік Ахмет Байтұрсынов университетіне сонау Франциядан дәріс беруге келген Dr Gaelle Roudaut пен Frederic Debeaufort өз саласының білікті тұлғалары.

1811201603

Олар жуырда Қостанай шаһарындағы Аймағанбет Спанұлы атындағы облыстық мешітте болып, жаңадан пайдалануға берілген киелі орынмен танысты.

Мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам қонақтарға бұл күндері облыс жұртшылығының парасат ордасына айналған мешіттің имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы тыңдырып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты айтып берді.

1811201604

(Суретте: Dr Gaelle Roudaut мырза мен Frederic Debeaufort ханым)

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 18 Ноябрь 2016 11:19

Halaldamu.kz сайты іске қосылды

1811201601

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Halaldamu.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен халал өнімдерінің жәрмеңкесі кезінде белгілі болды.

Сайтта Қазақстандағы халалға байланысты жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар және халал сертификатын алған кәсіпорындардың тізімі бар. Сондай-ақ сайттан, халал сертификатын алған мекемелер жайлы толық ақпаратты алып және интерактивты картадан олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын қарай аласыздар.

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандарының айтуынша бұл сайт халал өнімдерге деген сұраныстың күн санап артуына орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету, ақпараттық технология заманында халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жасалып отыр.

Сілтеме: halaldamu.kz

Published in Жаңалықтар

15112016

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жыл сайын Елбасының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы кездесу өткізетіні баршаға мәлім. Ал ол ақпарат барлық өкілдіктердің атқарған шараларының нәтижесі арқылы жинақталады.

1511201604

Осы мақсатта Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары бас қосты. Мақсат атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.

Жалпы алғанда облыс көлемінде көптеген шаралардың атқарылғаны баршаға мәлім. Ол туралы бұған дейін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы көрсетіліпте, жазылыпта халыққа жеткізілді. Сонымен қатар облыстық мешіттің www.akmechet.kz ресми сайтында және facebook, ВКонтакте, Мой мир және Twitter сынды әлеуметтік желілерде де барынша қамтылған болатын.

Ондағы мақсат халықпен және зайырлы қоғаммен тығыз қарым – қатынаста болу.

1511201601

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 14 Ноябрь 2016 17:28

Баталы құл арымас

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа жарқыным,
Қарыз ғып берсең қажетте емес алтының
(М. Мақатаев)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытының бірі - қайымдырылық жасау. Міне, осы бағытта Қостанай облысы өкілдігінің жұмысы барынша жандана түсуде.

Әрине бұл игілікті іс те өңірдегі жанашыр демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал жақсылыққа жаны құштар жандар «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» қағидасын ұстанып, өздерін жарияға жар салғанын қаламайды. Өйткені, олар қайырымдылықтарын бір Алланың ризашылығы үшін жасайды және оны міндетсіп, мақтанбайды.

1411201602

Осындай демеушілердің арқасында тағы да 50 отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл көмек түрлі топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар мен күнкөрісі төмен жандарға көрсетілді.

Жалпы, қамқорлыққа мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауап болып табылады. Ол туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - делінген.

Облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам келушілерге Ислам діні, қайырымдылық турасында уағыз айтты.

Қамқорлықты айқын сезінген жерлестеріміз бұл тағылымды шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.

1411201603

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

0911201601

Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке.

Міне, осы айтулы мейрамның құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі және Діни проблемаларды зерттеу орталығының демеушілігімен қалалар, аудандар мешіті жамағаты арасында шахмат турнирі өткізілді.

0911201602

Онда облыстық мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі мұсылмандар қауымының ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау екендігіне тоқталды.

Осынау турнир өте қызықты да тартымды ұйымдастырылғандықтан көпшіліктің есінде қалды. Оның қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0911201603

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 07 Ноябрь 2016 17:11

Мешіттегі тағылымды шаралар

0711201602

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесу болып өтті. Онда «Үмнттің байлығы - бірлікте» тақырыбы әңгімеге арқау болды.

Осынау маңызды шарада күн тәртібіндегі негізгі тақырып бойынша облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.

0711201603

Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Содан соң жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да киелі орындағы жұртты елең еткізер оқиға болды.

0711201604

Мұндай кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына өмір көрген ақ жаулықты аналарымыз шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

0711201605

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 02 Ноябрь 2016 12:10

Рудныйдағы жастармен жүздесу

0211201604

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында дінді жан-жақты әрі дұрыс түсіну мақсатында жастармен семинарлар өткізу дәстүрге айналды.

Осындай есте қалаларлық басқосу аталған шаһардағы №19 орта мектебінің оқушыларымен өткізілді. Бұл семинарға Рудный қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Аманболұлы, Рудный индустриялдық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғалымдарының кандитаты Жасұлан Тұрғанбекұлы және осындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты.

0211201602

Осынау семинарда «Дін және жастар» деген тақырыпты жан-жақты ашуға айрықша назар аударылды.

Бас имам Сейіт Темірбекұлы жат ағымдардың алдын алудағы басты құрал – ұлттық идеология екендігін атап өтті. Себебі діни сауаты жоғары, білімді азаматтың қашанда рухы жоғары болатындығын жасырмады. Содан кейін жастарға беретін тәрбие жөнінде де өз ойын ортаға салды.

0211201603

Шара барысында жастар қатысқан зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

0211201605

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником