Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғанына аса көп болмаса да жергілікті халықтың ерекше құрметіне бөленді.
Өзінің бойындағы асыл қасиеттерімен өңірдегі барша әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Оның адамгершілік, имандылыққа байланысты айтқан ұлағатты сөздерін үлкенді-кіші қауым әрдайым ұйып тыңдайды.
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, ол келгелі бері танымдық-тағылымдық жағы мол ғибратты кештерді жиі ұйымдастырып, барша жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.
Еліміздегі ұлы мереке қарсаңында Бас имам үлкен қуанышқа кенелді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бахытбек Нұрғабылұлын өңірге сіңірген адал еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мейрамының құрметіне Құрмет грамотасымен марапаттады.
Біз дін қайраткерін осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тілейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі