Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ жан-жақты кадрлардың толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.
Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанайдағы Құрылыс колледжі.
Аталмыш оқу орнының 2 курс студенттері жуырда Қостанай шаһарында бой көтергеніне 1 жыл болған киелі орынмен танысты.
Мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы қонақтарға парасат ордасына айналған мешіттің құрылыс туралы айтып, имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы жасалып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты әңгіме өрбітті.
Өз кезегінде студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, араб тілі бойынша дәріс алғысы келетіндері туралы ниеттерін білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі