Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

img01

Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінің ұйытқы болуымен бірнеше есте қаларлық кездесулер мен дөңгелек үстелдер болып өтті. «Нұр Отан» партиясы Қостанай аудандық филиалының ғимаратында Бас имам Асылхан Түсіпбек, ауыл молдалары және ішкі саясат қызметкерлері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында тағылымдық іс-шара ұйымдастырды.

img01

Онда діни басқарманың тапсырмасы бойынша жаназадағы ысырапшылдық және өзге де мәселелер қаралды. Жүздесуге еліміздегі ғұламалар кеңесінің бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы арқау болды.

img01

Бас имам ауыл молдаларына жаназа кітабын таратып, оларға нақты тапсырмалар берді. Одан кейін жат ағымдардың алдын-алуға байланысты осы аудандық «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы және Ішкі саясат бөлімінің маманы Кымбат Қоянбаева, Қостанай ауылшаруашылық колледж студенттері, аудандық кітапхана оқырмандары, сондай-ақ «Қазақ тұлпары» жылқы зауыты қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

img01

Бұл жүздесулерде Қазақстанда тыйым салынған ағымдар және олардың болашақ ұрпаққа келтірер зияны мен одан сақтану жолдары туралы түсіндірмелер жасалды. Қатысушылар қойған сұрақтарына нақты жауап алды.

img01

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

img01

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы басталды.

Халықаралық форумға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Сенат және Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Еуразияның 21 елінен 35-тен астам делегат, еліміздің беделді дін ғалымдары мен Ғұламалар кеңесінің мүшелері, жалпы 250-ден астам адам қатысуда.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден келген мәртебелі меймандарға құттықтау сәлемін жолдап, форум жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев әлемдегі діни тұрақтылық пен халықтар арасындағы бірлікті сақтауда дін қызметкерлерінің рөлі үлкен екенін атап өтті.

Мінберде сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Бүгін Қазақстан мұсылмандарының рухани өмірінде тарихи күн. Өйткені, біздің бастамамызбен тұңғыш рет Еуразия еліндегі Ислам ғалымдары Астанада бас қосып, әлемдегі діни ахуал туралы пікір алмасып, ортақ Қарар қабылдап отыр. Ислам діні Еуразия мұсылмандары арасында Қарахан кезеңінде тарала бастап, Алтын Орда дәуірінде аяқталғаны баршамызға мәлім. Мәураннахр мен Анадолы және Каспий мен Еділ бойында жаңа түркі-ислам өркениетінің негізі қаланды. Яғни, біздің діни-рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған ортақ тарихымыз бен мәдениетіміз бар. Олай болса, сырттан келіп жатқан тасқындарға төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандарының ортақ мәдени және рухани құндылықтарын жандандыруымыз керек. Еуразия мұсылмандары радикализмнің кез-келген түрін, оның ішінде дін атын жамылған содырлық әрекеттерді ешқашан қолдамауға тиісті. Керісінше, исламға қатысты ксенофобия орын алмас үшін діни радикализмге қарсы орынды сын айтып, ортақ ұстанымдарымызды жариялап отыруымыз керек», – деді.

Халықаралық форумның мақсаты мен міндеті – жаңа замандағы мұсылман қауымының жауапкершілігі мен өзара түсінігін қалыптастыру, әлемдегі сын-қатерлерге жауап беру, бүгінгі мұсылман үмбетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін арттыру, ортаазиялық тарихи діни мектептің рөлін арттыру, Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасына орай қазақ топырағынан шыққан әлемге танымал діни тұлғалардың еңбегін насихаттау, Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру, Еуразия кеңістігінде діни ықпалдастық пен рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосу, т.б.

Форум жұмысы соңында «Бүгінгі мұсылманның келбеті» құжаты қабылданып, жиынға қатысушылардың Қарары жарияланады.

img01

img01

img01

img01

Published in Жаңалықтар

Бұл күндері республикамызда көптеген игі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың қаңтарында беделді басылымдарда жарық көрген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы дер едік.

img01

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында аталмыш маңызды құжат талқыланып, жұртшылық өздерінің қолдауларын білдіруде. Оның халқымыз үшін маңызы ерекше екендігі айтпаса да белгілі.

img01

Жуырда Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің ұжымы осы Жолдауға байланысты жиын өткізді. Оған ауданның жаңадан тағайындалған Бас имамы Серік Темірбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Сұлтанбекқызы және аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қызметкері Кенжегүл Орынбасарқызы қатысты.

img01

Бас имам Серік Рахым Жолдаудың негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ендігі барша қауымның алдында тұрған басты міндет – осы маңызды құжатта айтылған мақсаттарды жүзеге асыруға лайықты үлес қосу керек екендігін тілге тиек етті.

img01

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Сұлтанбекқызы Жолдауға байланысты өзінің ойларын ортаға салды. Өзгелер де пікірлерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

img01

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Еуразия мұсылман ғұламалары» форумына қатысушы делегациялармен кездесу өткізіп, арнайы қабылдау жасады. Еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға ат терлетіп жеткен Еуразия елдерінің дінбасылары мен қайраткерлері еліміздің Бас мешітін зиярат етіп, Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен бірқатар мәселелер жайын талқылады.

Форум қарсаңында өткен осындай келелі кездесулердің алғашқысы Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағаcының орынбасары, доцент Селим Аргунге арналды. «Түбіміз бір түркі халықтарымыз» деп туыстық құшағын аша келген Селим Аргун Бас мүфти Серікбай қажы Оразға арнайы алғысын білдіріп, бүкіл түрік елінің ыстық сәлемін жеткізді. Қазақ елінің дінбасшысына деген құрметтерін арнайы әкелген тарту-таралғылары арқылы білдірген Түркия делегациясы екі ел арасындағы рухани байланыстың биік деңгейлерге көтеріліп, діни-мәдени байланыстардың дами түсуіне мүдделі екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу аясында екі ел арасындағы діни ахуал жайлы айтылып, оқу орындары мен білім ошақтары арасындағы ынтымақтастық арттыра түсу жайы да сырт қалмады. Қабылдау соңында құрметті мейманға халқымыздың қонақжай салтына сәйкес жағалы шапан жабылып, ілтипат көрсетілді.

img01

img01

img01

img01

img01

img01

Published in Жаңалықтар

img01

Ислам дінінде азан шақырудың алар орны ерекшеі. «Азан» - Ислам дінінің бес парызының бірі - намазға шақыруды білдіреді. Осы ретте Қостанай облысы бойынша мешіттердің шәкірттері арасында аса маңызды сайыстарды тұрақты ұйымдастыру дәстүрге айналған.

img01

Міне осы орайда «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Әуезді Азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы ұйымдастырылып өтті.

img01

Оған екі жарым жыл бұрын дүниеден өткен баласына сауабы тисін деген ізгі ниетпен Құрманғазы ағамыз үлгі ретінде жария садақа етіп, осынау игі бастамаға демеушілік жасады.

img01

Аталмыш сайысқа өңірден 40-қа жуық азаншылар (муаззин) қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңінде азан тақырыбы аясында үш сұрақ қойылды.

img01

Сонымен Таран ауданынан келген Арғынбек Бейбітханұлы Бас жүлдені жеңіп алып, 30 мың теңге сыйлыққа ие болды. Ал бірінші орын «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіндегі жас шәкірттердің бірі Оразхан Зейноллаұлына бұйырып, оған 20 мың теңге табыс етілді.

img01

Сондай-ақ жүлделі екінші орын мен 15 мың теңгені Жангелдин ауданының жас шәкірті Архат Құлтайұлы иемденді. Үшінші орын және 10 мың теңге ақшалай сыйлық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітің шәкірті Дәуренбек Саламатұлына бұйырды.

img01

Ал қалған барлық қатысушыларға Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

img01

Марапаттау соңында қатысушыларға дастархан жайылып, қаситетті Құран оқылып, уағыз-насихат айтылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

Published in Жаңалықтар

Бұл күндері елімізде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі.

Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған ақпараттық топ келді.

Соған орай министр Нұрлан Байұзақұлымен Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның залында кездесу болып өтті. Оған ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері және жастар қатысты.

Жүздесуді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ашып, мәртебелі қонақпен таныстырды. Ақпараттық топтың бізге келгендегі мақсаттары мен міндеттері жайлы айтып берді.

Діл істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үстіміздегі жылғы мемлекет басшысының Жолдауы жөнінде жан-жақты тоқталды. Ондағы негізгі он бағыттың алға қойған міндеттері хақында баяндады.

Сондай-ақ өзі басқарып отырған министрліктің осы кезге дейін халық мүддесі үшін тындырған жұмыстары жөнінде жиналған жұртшылықты хабардар етті.

Сонымен қатар алда тұрған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Оның айтуына қарағанда, алдағы жүзеге асырылар істер де өте ауқымды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тығыз байланыста екендіктерін де сөз етті. Министрлік әзірлеген заң жобасы жайында да тілге тиек етті.

-Қостанай аграрлы өңір. Сондықтан Жолдаудағы үшінші бағытта айтылған «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі жөнінде айтылған тұжырымдардың біздің облыстың диқандары мен мамандары үшін алар орны ерекше, -деді ол.

Осы басқосуда Нұрлан Байұзақұлына залдан бірнеше сұрақтар қойылды. Министр оларға нақты жауап берді. Жиын соңында барша қатысушыларға еңбекте табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 22 Февраль 2018 11:34

Қостанайда жаңа тағайындаулар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығы негізінде Қостанай облысының бірқатар мешіттерінде жаңа тағайындаулар болды.

img01

Мәселен, Лисаков қаласындағы «Әс-Салам» мешітіне Сабыржан Есмурзин тағайындалды. Ол осыған дейін Жітіқара ауданы «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған.

img01

Ал Жітіқара аудандық мешітіне Мейіржан Бердіғожин бас имам болып тағайындалды.

img01

Сонымен қатар Лисаков қаласындағы «Әс-Салам» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Серік Рахым Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бас имамы лауазымына кірісті.

img01

Облыс орталығына жақын орналасқан Рудный қалалық «Нұр» мешітіне найб имам болып қызметін бастаған Қаип Сағандықов та жұртшылыққа таныстырылды.

img01

Мұндай кадрдық өзгертулер ҚМДБ-ның бекіткен Ережеге сәйкес жүзеге асырылды. Аталмыш дін қайраткерлерінің қай-қайсы да өз саласын жетік білетін білікті мамандар. Оларға жамағаты алғыстарын білдіріп, ақсақалдар батасын берді.

Барша тағайындалған азаматтарға алдағы уақытта да жаңа қызметтерінде абырой мен жеміс тілейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

kz

Игілік режимін іске қос! Өз оқырмандарына дәл осындай үндеумен Al Saqr Finance компаниясы ой тастайды.

Өткен жылдың аяғында Қазақстанда тұңғыш исламдық картаны шығарып, танымал болған Al Saqr Finance компаниясы «Игі істер картасы» атты бірегей жаңа жобасын бастады. Бұл картаның мәні, ерекшеліктері, қайырымдылыққа деген жаңа көзқарастар туралы ойларымен Al Saqr Finance компаниясы Басқармасының төрағасы Данияр Успанов бөлісті.

- Алғашқы исламдық төлем карталары туралы жаңалықтың қазақстандық нарықты шулатқанына көп бола қойған жоқ. Бұл карталарды шығарудың ерекшеліктері туралы не айтар едіңіз?

- Al Saqr Finance компаниясы Басқармасының төрағасы Данияр Успанов: өзінің стратегиялық мақсаттарына сәйкес, Al Saqr Finance компаниясы өткен жылдың аяғында алғашқы исламдық төлем карталарын шығару арқылы бөлшек саудадағы қаржы өнімдері нарығына аяқ басты. Бұл картаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – Шариғаттың қағидаттары мен нормаларына толық сәйкестігі.

Бұл біздің бөлшек нарықтағы пилоттық жобамыз болып табылады, картаны таңдауымыздың өзі кездейсоқ емес, өйткені халыққа ұсынылатын қаржы қызметтерінің ішінде ең көп таралғаны – карточкалық сервис.

Бүгінгі таңда www.goislamic.kz сайты арқылы карта шығаруға 4 000 астам өтініш берілген, бұл өнімнің нарықтағы сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Өтініштер толассыз түсіп жатыр, клиенттерге карта жеткізу жоспарлы түрде жүреді. Орташа есеппен тапсырыс қабылдағаннан бастап картаны жеткізгенге дейінгі уақыт 3 күнді құрайды. Айта кетерлік жайт, картаны шығару, қызмет көрсету, сондай-ақ жеткізу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

- Халықтың қашанда жаңа нәрселерді жатырқай қабылдайтыны белгілі. Клиенттермен кері байланыс арқылы не анықталды? Қандай пікірлер туындауда?

- Исламдық қаржыландыру өнімдерін насихаттау және кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде Компанияның ресми парақшаларын аштық. Әр аптада тек өзіміздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз ғана емес, сонымен қатар исламдық қаржы саласындағы қызықты деректер туралы бірнеше пост жариялаймыз. Барлық келіп-түскен пікірлермен мұқият танысып, сұрақтарға жауап береміз, қажеттілік туындаса, тіпті қоңырау шалып, хабарласып жатамыз. Сонымен қатар www.goislamic.kz сайтында клиенттермен хат-хабар алмасуға және on-line кеңес беруге арналған чат аштық. Осы чаттағы диалогтарға талдау жасағанда байқағанымыз, пікірлердің 75% – жағымды, 25% – бейтарап, ал жағымсыз пікірлер мүлдем түскен жоқ деуге болады.

- Өз өнімдеріңізді жетілдіруге ұмтыласыз ба? Қандай жаңа опцияларды енгізуді ұйғардыңыз?

- Әрине, біздің тобымыз өз өнімдерін жетілдіру жұмыстарымен жүйелі айналысады. Картаның фирмалық артықшылықтарына ғана сеніп, осымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Қазіргі таңда қуана-қуана жаңа опцияны ұсынамыз – бұл алынған кэшбэк мөлшерін қайырымдылыққа бағыттау мүмкіндігі. Енді біздің картамыз Игі істер картасына айналды.

- Игі істер картасының ерекшеліктері неде? Біздің қоғам үшін қайырымдылық жасау мәселесі тосын тақырып емес екені белгілі.

- Біз әр адамның жүрегінде жақсылықтар кеніші жатқанына сенеміз және көмекке зәру адамдарға қол ұшын беруге дайын адамдар саны әлдеқайда көп екеніне көпшіліктің көзін жеткізбекшіміз. Алайда, көптеген адамдардың күнделікті күйбең тіршілік ағымынан шыға алмай, жақсылық жасауға ниеті болғанымен, уақыты болмай жатқанын көріп жатырмыз.

Бүгінде Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың көбейіп кеткені белгілі. Алайда, өкінішке қарай, олардың кейбірлерінің аңқау, ақкөңіл адамдарға алаяқтық торларын құрып жатқандығы туралы жаңалықтардан хабардармыз. Мүмкін, адамдардың мұқтаж адамдарға көмектесуге енжарлық танытуының бір ұшы осындай оқиғалардан аузы күйіп қалғандықтан болар.

Осының бәрін ескере отырып, біз жақсылық жасау желісін мейлінше жеңілдете отырып, қайырымдылыққа қатысты инновациялық тәсілдемені жасақтадық.

Өзіміздің қаржылық зертханамызда біз исламдық картаны «игілік режиміне» қосу арқылы «Игі істер картасына» айналдырдық. Енді www.goislamic.kz сайтынан исламдық картаға тапсырыс бергенде, қолыңызға «Игі істер картасын» аласыз. Картамен тауар немесе қызмет үшін ақы төлеген кезде, Сіз ай сайын жинақталатын кэшбэк мөлшерін «игілік режимін» белсендіргеннен кейін автоматты түрде қайырымдылық мақсаттарына жұмсай аласыз.

Айта кетерім, «игілік режимін» қосу-қоспау клиенттің еркінде. Сонымен бірге картаның тегін жеткізу, банкоматтан комиссиясыз шешіп алу, тегін қызмет алу, мультивалюталық және басқа да осы сияқты артықшылықтары сол күйінде сақталып қалады.

- Қайырымдылық көмек беруді кез-келген адамның қалтасы көтере бермейді. Көбінесе мұндай іс қомақты қаражатты талап ететіні белгілі. Бұл жағдайда не ұсынарыңыз бар?

- Өте жақсы сұрақ. Біздің жобаның инновациялық сипатында осы жайт ескерілген. Клиент қайырымдылыққа өз қаражатын жұмсамайды, өзіне Банк сыйлаған бонустарды пайдаланады.

Ай сайын Al Saqr Finance картасы бойынша клиенттердің шотына әр қолма-қолсыз транзакциядан 1,5% көлемінде Банк бонустары түрінде кішігірім кэшбек жиналады. Шын мәнінде, бұл бонустар Банктің жасалған саудалары үшін клиенттеріне сыйлығы болып табылады. Біз өз клиенттерімізге осы жинақталған бонустарын жақсылыққа жұмсауды ұсынамыз. Мысалы, клиент Al Saqr Finance картасымен айына 100 000 теңгеге сауда жасайтын болса, ай соңында оның есебіне 1 500 теңге бонус жазылады. Егер «игілік режиміне» қосылатын болса, осы 1 500 теңгені карта иесінің атынан қайырымды істерге жолдап отыратын боламыз.

Біздің пайымдауымызша, бір адамның орташа кэшбэк сомасы онша қомақты емес, алайда өнімнің жалы және жаппай сипатына сенетін болсақ, осындай мардымсыз кэшбэк сомаларынан үлкен ақша жинақталып, оны игі істерге бағыттауға мүмкіндік бар.

Біздің компания ашық және транспаренттілік қағидаттарын ұстанады. Бұл нені білдіреді: «Игі істер картасы» жобасы аясында жүзеге асырған барлық жұмыстарымызды сайтта, әлеуметтік желілерде, телеарналар және басқа да бұқаралық ақпарат көздері арқылы кеңінен насихаттап, көрсетіп отыратын боламыз. Біздің клиенттеріміз қаражаттың қайда жұмсалғанынан, кімге көмек берілгенінен хабардар болады, осылайша жобаның жүзеге асырылуына тікелей қатысу және көзбен көру арқылы игі істер картасының қалай үлкейіп бара жатқанына куә болып, өз үлесінің маңыздылығын сезініп, шексіз алғысқа бөленетін болады.

Біздің www.alsaqr.kz корпоративтік сайтымызда «Игі істер картасы» жобасына арналған бөлек бөлім ашылып, ол жерде клиенттерімізбен бірлескен жұмысымыздың нәтижелерімен бөлісіп отыратын боламыз.

Осылайша Al Saqr Finance компаниясы көңілі ашық, көкірегі ояу, жаны ізгі адамдарға ешкімнің алдауына түспей, қаражат және уақыт шығынынсыз, ерікті меценат атануды ұсынады.

- «Игі істер картасы» жобасын жүзеге асырудағы әріптестеріңіз кімдер?

- Al Saqr Finance компаниясының «Игі істер картасы» жобасы аясындағы әріптесі – Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен құрылған «Уакып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры.

«Уакып» қорының мақсаты азаматтарды қорғау, тұрмысы қиын және көпбалалы жанұяларға, мүгедек балаларға, жетімдерге, зейнеткерлерге және әлеуметтік қорғалмаған санаттағы басқа да адамдарға материалдық көмек беру сияқты әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету; дәстүрлі рухани-адами және діни құндылықтарды дамыту, қоғамда бейбітшілік, достық пен келісімді нығайту болып табылады. Толығырақ Қордың қызметімен www.waqyp.kz сайтынан таныса аласыз.

- Біздің оқырмандарымызға айтар тілегіңіз қандай?

- Al Saqr Finance компаниясы барша ақ ниетті жандарды «игілік режиміне» қосылып, игі істерді орынды әрі оңай жасауға шақырады. Игі істер картасына үйіңізден немесе кеңсеңізден, яғни отырған орныңыздан тұрмастан, дәл қазір www.goislamic.kz сайтына кіріп, әп сәтте тапсырыс беруге болады.

Біздің қызметіміздегі басты месседж – бұл әр клиентті соңымыздан ілестіре отырып, ізгілік жолына із салу, әр клиентке бірлескен қайырымдылық жобаларымыз туралы ең соңғы ақпаратты жеткізіп отыру, әр клиенттің тікелей қатысуымен атқарылған істің маңыздылығы үшін мақтанышты сезіндіру.

Құрметті оқырмандар, «игілік режимін» растап, Al Saqr Finance картасына тапсырыс беріп, қайырымдылық жолындағы біздің ортақ жобамызды қолдаңыз – жақсылық жасау қиын емес!

www.muftyat.kz

Published in Жаңалықтар

Рудный қаласы қарасты Қашар кентіндегі «Кәмшәт ана» мешітінде «Рухани жаңғыру» атты басқосу болып өтті.

img01

Жиынның негізгі мақсаты – ел арасындағы бірлік пен рухани байлықты нығайту. Бас имам Ерлан Өмірбекұлы қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқып, одан соң мешітке келген жамағатқа «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында тағылымы мол уағызын жеткізді.

img01

Мешітке келген жамағат тек уағыз тыңдап қана қоймай, жастар арасындағы өткізілген қызықты сұрақ-жауаптар мен спорттық шаралардың куәсі болды.

img01

Осынау мазмұнды да берері мол шара мешітке келушілердің білімі мен ой-өрісін кеңейтіп ғана қоймай, жамағат арасында өзара бауырмашылдықтың орнауына орасан зор септігін тигізді десек те артық айтпаған болармыз.

img01

Аталмыш рухани бас қосудың соңында барша қатысушылар жайылған дастарханнан дәм татып, ақсақалдардың батасын алды.

img01

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында еліміздің алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындағаны белгілі.

Өңірдегі барша аудандар мен қалалардың, Қашар секілді кенттердің бас имамдары да осы маңызды құжатты қолдайды. Күнделікті жұмыстарында оның жүзеге асуына өздерінің лайықты үлестерін қосуда.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

«Ас адамның арқауы» деген сөз атам қазақта жақсы айтылған. Осы маңызды мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы мешіттегі инабатты шәкірттеріне арнап, «Халал және харам тағамдар» тақырыбында ауқымды сабақ өткізді.

img01

Онда оларға өмірлерінде пайдасын тигізетін жайлар айтылды. Мәселен, күнделікті тұтынып жүрген тағам құрамы немесе денсаулығымызға оның пайдалы және зиынды жақтары сөз болды.

img01

Сонымен қатар қасиетті Құранда қандай тағамдарды пайдалану және тұтынбау қажеттігі жөнінде Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүнеттерінде келтірілген жайлар жайлы да баяндалды.

img01

Бұл маңызды тақырып аясында бейне ролик көрсетіліп, қатысушылар оған байланысты өз ойларын ортаға салды.

img01

Маңызды жиыннан оған қатысушылар өздеріне керекті қаншама мағлұматтар алып, дүниетанымдарын кеңейтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником