Науырзым ауданының Шилі және Шолақсай ауылдарында Ұлы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарымыздың туған күні құрметіне арналған мерекелік шаралар болып өтті.
Онда Шилі ауылының молдасы Жұмағали Төпішұлының бастамасымен, ауыл әкімі, мектеп ұстаздары және оқушылар белсенді ат салысты.
.Ал «Шолақсай» ауылында кештің ұйтқысы ауыл молдасы Ерғалиұлы Сержан жас та болса осы ауылдың рухани жетекшісі, дін жолын уағыздап жүрген азамат. Сержан молданың бұл бастамасын ауыл жастары, мектептің ұстаз-шәкірттері қолдап, мерекенің жақсы өтуіне үлестерін қосты.
Аталмыш жиындарда аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы көпішіліктің алдында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаяны және оның көркем мінезі туралы уағыз айтса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары басқосудың ажарын аша түсті.
Рухани кеш соңында Мәулітке келген барша мұсылман жамағатқа дастархан жайылып, ауыл ақсақалдарының ақ баталарын берді.
Ал көптеген игі шараларға демеушілік жасап жүрген ел ағасы Ихтиләпов Өмірзақ тілегін айтып, ақ батасын берді. Онда елді өзі демеушілік жасап, күрделі жөндеуден өткізген ғибадат үйі Намазханаға келуіді, намазхан-жамағат болуға шақырды. Сонымен қатар ауыл молдасы Сержанға өз есебінен еңбек ақы тағайындалғанын хабарлады.
ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі