Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Понедельник, 25 Декабрь 2017 10:36

Тағылымы мол шара

img01

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігіне қарайтын әйелдер және қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні яғни Мәуліт мерекесіне орай тағылымды шара болып өтті.

img01

Оны облыстық мешіттің ұстаздары Дайыр Рыскүл мен Қаңлыбаева Гүлдана және шәкірттер өздеріне тән шеберлікпен өткізді. Жиналған қауымның алдында облыстық мешіттің наиб имамы Сейіт Нұрқанов сөз сөйлеп, Мәуліт мерекесінің өзіндік ерекшелігі мен мән-мағынасы жайлы баяндады.

img01

Сонымен қатар жиында мешіттің зерделі шәкірттері Ақгүл апа мен Айдана және Жанаттар қасиетті Құранды оқығанда, келген көпшілік ұйып тыңдап, көп жайды көңілдеріне тоқыды.

img01

Баршаға мәлім, игі шараларда Мәуліт қиссасы және Пайғамбарымызға салауат айтылады. Оны мешіттің шәкірттер орындады. Сондай-ақ көпшілікке Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері орындайтын «Адамзаттың асыл тәжі» деп аталатын сахналық көрініс ұсынылды.

img01

Әңгіменің орайы келгенде, болашағынан үлкен үміт күттіретін 4 сынып оқушысы, мешіттің қабілетті шәркірті Ділназ Наурыз «Мәуліт күні» деген жыр шумағын мәнерлеп оқып бергендігін айтып өткен лазым.

img01

Кеш барысында қатысушыларға танымдық жағы мол викториналық сауалдар қойылып, сыйлықтар берілді.

img01

img01

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 22 Декабрь 2017 12:35

Имам жастармен кездесті

Жақында белгілі дін қайраткері, Денисов ауданы «Жұма» мешітінің имамы Ыбыраев Денисов ауылында орналасқан Кәсіптік-техникалық колледжде болды.

Ол осы білім ордасында қызмет атқарып жатқан барша ұстаздар мен студенттерді еліміздегі ұлы мереке тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.

Мешіт көпшіліктің киелі орны. Сондықтан имандылық ордасын жөндеу жұмыстарына қолғабыс жасап жатқан осындағы кәсіптік шеберлер мен студенттерге Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.

Жиналғандар имамның ұлағатты сөзінен көп тағылым алды. Мұндай игі мақсаттағы жүздесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

01

02

 

Published in Жаңалықтар
Четверг, 21 Декабрь 2017 10:38

Қызым саған айтам...

Қостанай облысы Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінде «Қызым саған айтам ...» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп, оған ақ жаулықты аналар мен жас келіндер, діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әйел жамағаты қатысты.

img01

Сауат ашу курсының ұстазы Диана Қайырбекқызы осы іс – шараның маңыздылығы туралы айтса, ал өзге бауырларымыз көкейде жүрген көрікті ойларымен бөлісті. .

Бұл келелі мәжілістің қыз – келіншектерге берері мол екендігі даусыз. Өйткені, атамыз қазақ «Қызым келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» деген жоқ па. Бұл орайда халқымыз көргенді ұл мен инабатты қыз тәрбиелеу жайын қашан да жоғары қойғандығын анық сезінесіз.

img01

Бүгінгі бүлдіршін қыз ертең бойжетіп, бір үйдің босағасын аттап, келін атанары анық. Ал «келінді аяғынан» деп санайтын ұлтымыз әу бастан-ақ жаңа түскен келінге сын көзбен қараған.

Ал отбасында тәлімді тәрбие алып, ибалылық пен инабаттылықты жанына серік еткен қыз бала барған жерінде бағы ашылып, сыйға бөленеді.

img01

Үлкен кісілер әдетте қыз балаларына ұзатылар кезінде «Барған жеріңе тастай батып, судай сің» дейді. Демек, жаңа отбасына сіңісе алған келіннің ғана ауыл-аймаққа қадірі артады.

Әрине, өзге ортаға, яғни түскен жеріне бірден сіңісе қою кімге болса да, ауыр соғары анық. Ол отбасының әрбір мүшесімен – қайын ене, қайын ата, қайын жұртпен тіл табысып, бір мәмілеге келу – үлкен сын.

Бірақ даналық пен көрегендік дарыған, қасиетті бабаларымыз ұстанған әдеп – ғұрыптың арқасында отбасындағы сыйластықтың артуы үшін қолданылатын құндылықтар жеткілікті.

Бұған қосып айтар болсақ, халқымызда: «Келін еш уақытта өз ата-енесін атымен атаған емес, оларға „әке„, „ана» деп айтқан.

Құран кәрімде: «Қашан ата-ананың біреуі қартайса немесе екеуі де қартайса, оларға «Уф» деп айтпа» (Исра сүресі, 17/23) десе ал, Пайғамбарымыздың хадисінде (с.а.с.) : «Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетіңдер»-деген.

Жалпы жоғарыда аталған кездесуде қозғалған жайлар бойжеткендер, яғни болашақ келіндерге де үлкен ой салды деген үміттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 15 Декабрь 2017 12:34

Дін қайраткерлері балалар үйінде

img01

Тәуелсіздің күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі атынан найб имам Икрам Бақытжан және Қажылар қауымдастығының төрағасы Ғайсин Жақсылық Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.

img01

Өз кезегінде мұндағы тәрбиеленушілер тәуелсіздік күніне орай дайындаған өнерлерімен бөлісті. Ал дін өкілдері тәрбиеленуші жасөспірімдерге тәттілер мен киім-кешек табыс етті.

img01

Бұл шара тәрбие үйінің басшылы тарапынан қолдау тауып, мешіт ұжымының басшысы Бахытбек Нұрғабылұлына алғысын хатпен жеткізді.

img01

«Алдағы уақытта болашағымыз болып табылатын балалар өзінің жанұясында тәрбие алса екен» деген тілек білдірді Жақсылық ата.

img01

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 15 Декабрь 2017 11:31

AINAMED жеңілдіктер жасауда

img01

Хижри жыл санауы бойынша биылғы жылы 30 қараша күні Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келген күні. Яғни Мәуліт. Осы айда көптеп Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтқан өте орынды.

Сонымен қатар мүмкіндігі бар әрбір мұсылман айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға шарапатын тигізіп, қолдан келгенше жақсылық жасауға ұмтылғаны абзал. Жалпы, қайырымдылық адамзат бойындағы ең ізгі қасиет болып табылады.

img01

Бір қуаныштысы, арамызда ондай жүрегі жомарт кісілер баршылық. Мәселен, Айнаш Қуанышқызы Ақбаева жаны ізгілікке толы жан. Ол басқарып отырған «AINAMED» тіс емдеу орталығы осы Мәуліт айында барлық қызметтің түріне 15 пайыздық жеңілдік жасап отыр.

Осынау қазақтың аяулы қызы «Келем деушілерге есігіміз айқара ашық»- дейді.

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғанына аса көп болмаса да жергілікті халықтың ерекше құрметіне бөленді.

img03

Өзінің бойындағы асыл қасиеттерімен өңірдегі барша әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Оның адамгершілік, имандылыққа байланысты айтқан ұлағатты сөздерін үлкенді-кіші қауым әрдайым ұйып тыңдайды.

img03

Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, ол келгелі бері танымдық-тағылымдық жағы мол ғибратты кештерді жиі ұйымдастырып, барша жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.

img03

Еліміздегі ұлы мереке қарсаңында Бас имам үлкен қуанышқа кенелді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бахытбек Нұрғабылұлын өңірге сіңірген адал еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мейрамының құрметіне Құрмет грамотасымен марапаттады.

img03

Біз дін қайраткерін осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тілейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 14 Декабрь 2017 17:50

Студенттер мешітте қонақ болды

Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ жан-жақты кадрлардың толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.

img01

Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанайдағы Құрылыс колледжі.

img01

Аталмыш оқу орнының 2 курс студенттері жуырда Қостанай шаһарында бой көтергеніне 1 жыл болған киелі орынмен танысты.

img01

Мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы қонақтарға парасат ордасына айналған мешіттің құрылыс туралы айтып, имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы жасалып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты әңгіме өрбітті.

Өз кезегінде студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, араб тілі бойынша дәріс алғысы келетіндері туралы ниеттерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 14 Декабрь 2017 15:28

Донор күні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қан тапсырып донор болу күнін өткізді. Бұл шара облыстық «Қан орталығы» мекемесі тарапынан қолдау тауып сауапты амалды бірігіп атқарды.

img01

Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы аясында быйыл 2 рет өткізіліп отыр. Оған облыстық мешіт жамағаты қалалар мен аудандардың имамдары, ерікті намазхан азаматтар тарапынан қолдау тауып донор болды.

img01

Әрине донор болуға әр адам ниетті болғанымен оған арнайы дайындық арқылы болғандықтан алдын-ала хабарландыру айтылып, дайындық арқылы жүзеге асты.

img01

Осылайша 28 адамның әр қайсысы 450 грамнан қан тапсырды.

img01

Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы мұсылмандар тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым қолдау табылатынына ризашылығын білдірді.

ҚМДБ Қостанай облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын мәлімдейді.

ҚМДБ жамағат тарапынан киім мәселесіне қатысты жолданған сұрақтарға шариғат бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу міндет екенін мәлімдейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Ал паранжа (ниқаб) киюдің салтымызда болмаған, басқа елдің үлгісі екенін де ерекше атап өткеніміз жөн.

Ислам шариғатында қыз баланың балиғатқа толуын 9 жаспен шектеу дұрыс емес. Мұсылман ғалымдары қыз балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне сай, көпшіліктің жағдайын назарға ала отырып, 15 жаспен шектеген.

Ислам діні балиғат жасына толмаған, санасы толық қалыптасып үлгермеген, орамал тағудың түпкі мәні мен маңызын, үкімін түсінбейтін кішкентай қыз баласына орамал тағуды міндеттемейді. Әрбір мұсылман қыз бала орамалдың қадір-қасиетін терең түсініп, жауапкершілігін саналы түрде сезініп, Алланың әмірін өз еркімен орындауы басты мақсат. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршінді жаулық жабуға мәжбүрлеуден бұрын оған ең әуелі білім мен тәрбие берген абзал. Бұл – ата-ананың басты міндеті.

Алла Тағала күллі адамзат баласына иманды болуды әрі білім алуды әмір еткен. Құран Кәрімнің ең алғаш түскен аятының өзі «Оқы!», деген бұйрықпен басталуы ерекше назар аударарлық.

Сондай-ақ Құранда: «Раббым, білімімді арттыр!», («Таһа» сүресі, 114), «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зумар» сүресі, 9), «Алла Тағала сендердің араларыңда иман келтіргендер мен бойларына білім дарытқандардың дәрежелерін өсіреді» («Мужәдәлә» сүресі, 11) деп ілім иелерінің мәртебесінің жоғарылығын атап өткен.

Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болғай): «Білім алу әрбір мұсылман ер кісіге де, әйелге де парыз»,– деп білім ізденудің әйелдерге де тиісті екенін айтқан.

Сондықтан да, дінімізде мұсылман ер кісі мен әйелге білім алу – міндет. Ал мектеп жасындағы балаға имандылыққа баулып, білім үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Діни һәм зайырлы білім алу – жарқын болашақтың кілті.

Бүгінгі заманның үдерісі еліміздің әрбір азаматы мен лауазымды тұлғасына білімді, иманды, отаншыл ұрпақ қалыптастыруды талап етуде. Бұл – баршамыздың ұлы борышымыз, асыл міндетіміз.

Біз мұсылман жамағаты мен ата-аналарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес. Өйткені елімізде орамалға түбегейлі тыйым салынбағанын түсінуіміз керек. Тек орта мектептерде киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында шешім қабылданған.

Конституцияға сәйкес, еліміз зайырлы мемлекет болып табылады, онда азаматтардың ар-ождан бостандығына еркіндік берілген. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттің қызметіне араласпайтыны көрсетілген. Аталған Заңда еліміздегі білім беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және зайырлы сипатта болатындығы айтылған.

Діндар азаматтар қоғамнан бөлек өмір сүрмейді. Дініміздегі бойұсыну – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мұсылмандар заңға құрметпен қарауы тиіс.

Еліміздің заңнамалары бізге балаларымыздың орта білім алуын қамтамасыз етуімізді міндеттейді. Білімсіздік бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Сондықтан қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуын ата-аналары еліміздің заңнамасы талаптары шеңберінде қамтамасыз еткендері жөн.

Алла Тағаладан елімізді түрлі бүліктен сақтауын тілейміз. Халқымыздың бірлігі мен берекесі арта бергей!

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником