Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 20 мен 25 сәуір аралығында «Сақтандыру. Қорғау. Екпе жасау» ұранымен Еуропалық иммунизация апталығы өтеді. «ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ имунизацияның маңыздылығы мен қауіпсіз имунизацияны насихаттау туралы ақпараттандыруын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл бас қосуда «Марал ишан» мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы мен Қостанай ауданының бас имамы Азамат Серікбайұлы қатысып «Вакциялық екпе егуге Ислам шариғатында қарсылығы жок» екендігі турасында сөз сөйледі. Басқа да барлық дін өкілдері өз ойларын ортаға салды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі