Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде тек жергілікті мұсылман қауымдар ғана емес, шетелдіктер де болып тұрады. Соның бір мысалы ретінде жақында Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына байланысты ОБСЕ-тарапынан өңірімізге келген шетелдік бақылаушылар Богдан Стэфан және Катя Рейнхольц киелі орынға ат басын бұрды.
Құрметті қонақтарды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек жылы жүзбен қарсы алды. Олардың мешіттің жұмысымен жан-жақты таныстырды.
- Қазақстан азаматы есебінде дауысымды сөзбен емес ісімен дәлелдеген кісіге беремін. Ел басының сайлауы бұл ел тағдыры, яғни өзімнің де тағдырым. Жер бетінде бейбітшіліктің болғанын қалаймын, - деді ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек.