Көпшілікке мәлім, жақында тәуелсіз еліміздің болашағы үшін аянбай тер төккен көрнекті тұлға Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.
Осы даңқты жерлесіміздің ғибратты ғұмырын насихаттауда әрі жас ұрпақтың санасына сіңіруде айтарлықтай үлесін қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Мәселен, облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы кезінде "Оян қазақ" деп халықты ілім-білімге үндеген дарын иесін үгіттеу мен қаншама тағылымды шараларды ұйымдастыруға тікелей мұрындық болды.Ол бабамыздың қабірінің басында Құран хатым түсіріп, бағыштады.
Ал, қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы 1992 жылы Міржақып атамыздың сүйегін Карелиядан әкелгенде жаназасын шығарды. Оның атынан Бәдәл қажылығын өтеді. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында бірқатар танымдық шаралардың өткізілуіне септігін тигізді.
Жоғарыда есімдері аталған қос дін қайраткеріне мерейтойлық медальды Алаш ардақтысының жиені Ерлан Сатыбалдиев табыс етті.





Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі “С” санаттағы дін қызметкерлерінен емтихан алды.
Сынақ басталмас бұрын Бас имам Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, бүгінгі имамдардың тұлғалық келбетіне тоқталды. Ең бастысы, олардың бойынан заман талабына сай терең білім, кемел парасат, көркем мінез, халыққа өнеге болар асыл қасиеттер табылуы керектігін баса айтты. Емтихан барысында ұстаздар шариғат ілімдері бойынша Дархан Сыздықов пен Саидаббас Мираманов, Құран және тәджуит бойынша Мұртаза Балахмет пен Қызылбай Сұңғат әділқазылық етті.
Жалпы, Қостанай облысындағы аудан, ауыл имамдары мен молдаларынан сынақ алынып, білімдеріне лайықты баға берілді.








Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі