Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Енбек спорт залында жастармен арнайы кездесті. Онда еркін күреспен айналысатын балаларға «Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Оған жас спортшылар, жаттықтырушылар, басшылық құрам және қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин мен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы жастар ісі секторының жауапты маманы Әлішер Ертайұлы қатысты.
Кездесуде жастар Бектұрсын қажы Торғайбайұлының өзекті мәселеге байланысты дәрісін ұйып тыңдады. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, тиянақты жауап алды. Соңында естелік суретке түсті.








Қостанай облыстың мешітінің баспасөз қызметі
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі өңірдегі ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың басын қосты.
Бұл «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп аталатын маңызды кездесуде облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, барша ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасында бақыт, өскелең ұрпаққа ақылшы болып жүре берулеріне тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар ол арамызда жүрген қарттарымызға құрмет көрсетіп, ілтипат таныту мен қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы екендігіне ерекше тоқталды.
Аға буын өкілдеріне облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің асханасында дастархан жайылды. Қаншама жылы лебіздер айтылды. Астың соңында абыз ақсақал Торғайбай Уәлиев бата берді.









Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы” мешітінің қызметкерлері “Орда” дәмханасында “Қазыналы қарттарым” атты тағылымды іс-шара ұйымдастырды.
Мұндағы басты мақсат - аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жастарға үлгі ету.
Сондай-ақ жаны жайсаң қариялардың жүрегіне жылу ұялату.
Аталған мерекелік кешке қала тұрғындары, зейнеткерлер мен ардагерлер, мешіт жамағаты және еріктілер қатысты. “Орда” да дәмханасының кең әрі жайлы залындағы дастархан басында қарттарға ерекше ілтипат танытылды.
Іс-шара барысында мешіттің Бас имамы жылы лебізі мен ізгі тілегін білдірді. Қонақтар әдемі әуен мен термелерді ұйып тыңдады. Абыз ақсақалдар жастарға бата беріп, имандылық ордасының ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді.
Осындай мағыналы шаралар үлкендерді құрметтеу – ізгіліктің бастауы екенін тағы бір дәлелдеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен дүйсенбіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани Мәуліт кешін өткізді.
Жиынды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет кіріспе сөзбен ашып, басқосудың негізгі мақсаты мен мәніне қысқаша тоқталды.
Онда Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертетін бейнефильм көрсетілді. Содан кейін ұстаз – қарилар Мұртаза Балахмет, Сұңғат Қызылбай және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықов Мәуліт -шариф оқыды.
Өңіріміздің Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы жұртшылықты мерекемен шын жүректен құттықтап, демеушілік жасаған азаматтарға ризашылығын білдірді. Тағылымы мол уағыз-насихат айтты.
Кеш барысында ұстаз Саидаббас Мираманов қос тілде викториналық ойындарды жүргізді. Тапқырлық танытып, жүлделі орындарға ие болған намазхандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мәуліт мерекесінің құрметіне арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Жиналған қауым ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, жоғары көңіл-күймен тарқасты.
















Қостанай облыстың мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті жұма күні Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінде Мәуліт айының құрметіне салауат оқылып, дұға жасалды. Оған халық көп жиналды.
Бұл ғибраты мол рухани басқосуда облыстық ''Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің наиб имамы Әлішер Ертайұлы және ұстаз әрі қари Нұртаза Балахмет, Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықовтар қазақша және араб тілінде Мәуліт- шариф оқыды.
Сондай-ақ облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жамағатқа Мұхаммед Пайғамбарымызды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрметтеу және салауат, жамағаттың бірлігі жайында уағыз-насихат айтты. Содан кейін аталмыш имандылық ордасында намаз оқылды. Жиналған қауым Мәуліт мерекесінен үлкен үлкен әсер алды.











Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиевтың арнайы тапсырмасымен "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің ұжымы футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырды. Оған "Аймағанбет қажы Спанұлы", қалалық "Марал ишан", "Жайлаубай ата" Тобыл қалалық "Маңдай батыр" және Лисаков шаһарындағы "Әбдіхаим Саламатұлы" мешіттерінің қызметкерлері мен Файзолла қари медресесінің шәкірттері қатысып, бақтарын сынады.
Бұл игі шарада Бас имам Бектұрсын қажы сөз сөйлеп, жамағаттың бірлігі жайлы уағыз-насихат айтты. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешіті, ІІ орынды Файзолла қари медресесі, ІІІ орынды "Маңдай батыр" мешітінің командалары иеленді.
Мұндай кездесулер дін қызметкерлері арасындағы ауызбірлік пен ынтымақты барынша нығайта түсетіндігі даусыз.








Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы жұма намазынан кейін жамағатқа ыстық тамақ пен тәтті сусын таратты. Намазхандар өзара әңгімелесіп, жоғары көңіл тарқасты.



Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ермек Қасболатұлының тарапынан берілген арнайы тапсырмаға сәйкес “Өткенге құрмет-тіріге міндет” тақырыбымен зираттарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Облыс орталығымен іргелес орналасқан Қонай елді-мекеніне қарасты мұсылмандар зираты қоқыстан тазартылды. Оған облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы бастаған қаладағы "Аймағанбет қажы Спанұлы", "Марал ишан" және "Жайлаубай ата" мешіттерінің қызметкерлері белсене атсалысты.
Бұл аса маңызды жұмысқа арнайы техника мен жиналған қоқыстарды таситын көліктер жұмылдырылды. "Өлі риза болмай, тірі байымайды”-деген қағиданы берік ұстанған имамдарға жергілікті халықтың алғысы шексіз.







Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Құран ұстаздары мен азаншылардың діни білімі және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген болатын.
Осыған орай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде бір күндік оқу семинары өткізілді. Оған өңірге қарасты аудан және ауыл имамдары қатысты. Семинарда дәрісті Құран секторына жауапты Әкімбек Асанов пен жоғарыда аталған мешіттің ұстазы Сұңғат Мақатұлы жүргізді. Сабақ барысында азан шақыру мен Құран оқудың әдебі, сауабы мен ақыреттегі дәрежесі жайлы насихат айтылды.



Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша "С"санатындағы діни қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес имамдардың білімін жетілдіру курсы толық аяқталды.
Жалпы, өңірдегі имам- молдалардан 34 қызметкер емтихан тапсырып, сертификатқа ие болды.





Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі