Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінде найб имам Ерлан Өмірбекұлы ақсақалдармен "Жастарды арам астан сақтандыру" тақырыбында келелі жиын өткізді.
Онда дін қайраткері "Аталар мектебінің" қоғамдағы алатын ерекше орнына жан-жақты тоқталды.
Басқосуға қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен жұмада Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінде халыққа ізгілікті көмегін көрсетіп келе жатқан «Мейірімді жандар» тобының мүшелері қайрымдылық шарасын өткізді.
Олар осы өңірдегі қолдауға мұқтаж көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға азық-түлік себетін таратты. Қуанышқа бөленген шаңырақ иелері қайырымдылық жасаған топ мүшелеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.
Атап айтқанда, «Квадробердің шариғаттағы үкімі», «Татуировканың шариғаттағы үкімі», «Дің жасушалары донорлығының үкімі», «Кибербуллингтің шариғаттағы үкімі», «Сурет салудың үкімі» және «Жол жүру ережесін сақтаудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің асханасы өткен Рамазан айындағы Оразадан бері халыққа игі қызмет көрсетіп келеді. Әрине, жүрегі жомарт жандардың қолдауы арқасында көптеген жарқын істер атқарылуда.
Қазір аталған асханада діни рәсімдерге арналған астар, еске алу және басқа да мәнді де мағыналы рухани кештер өткізілуде.
Мәселен, жақында имандылық ордасына «Haier» тоңазытқышы тарту етілді. Оған «Кең болсаң, кем болмайсың» демекші, дін жанашыры, «Казнефть» компаниясының басшысы Данияр Оразбекұлы Нұғманов демеушілік етті.
Мешіт қызметкерлері іскер азаматтың жүргізіп жатқан кәсібіне береке, деніне саулық тілейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай өңірдегі дін қызметкерлері мен жамағаттарының арасында футболдан жарыс өткізілді.
Әділқазылардың шешімі бойынша І орынды облыстық "Аймағамбет қажы Спанұлы", ІІ-ІІІ орындарды Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" және Рудный қалалық "Нұр" мешіттерінің командалары иеленді.
Жарыс қорытындысында жүлдегерлерге арнайы кубок, медаль және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Қостанай облысының баспасөз қызметі
Таяуда Қостанай ауданына қарасты Әлжан елді-мекеніндегі мешіттің халық игілігіне берілгеніне бір толды. Бұл оқиға Тәуелсіздік мерекесіне тұспа тұс келді.
Сондықтан қос қуаныш дәл осы күні аталып өтілді. Салтанатты жиынға алыс жақыннан келген құрметті қонақтар, аталған мешіттің ірге тасы қалануына белсене атсалысқан азаматтар, ел ағалары және жамағат қатысты.
Онда алдымен Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз сөйлеп, барша қауымды мерекемен құттықтады. Жұртшылыққа имандылық ордасы жайлы бейне фильм көрсетілді.
Мешіттің ірге тасын қаласуға атсалысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырылды. Мұндай құрметке Медет Байзақов, Сапар Сейтқалиев және Ғизат Дарбаева ие болды.
Сөздің орайы келгенде, жоғарыда аталған шараның бас-қасында болған Ертарғын Жұбанышевтің және басқалардың да сіңірген еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Жергілікті халықтың шынайы ықыласымен мешіттің асханасында дастархан жайылып, ас берілді. Онда өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.
Есімі өңірімізге кеңінен танымал Торғайбай ақсақал ақ батасын берді. Тобыл қаласының имамы Дархан Сыздықов бастаған қала және ауыл имамдары Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайлы насихаттарын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздік күніне орай Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы және жанашыр жамағаттың ұйымдастыруымен "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" атты рухани кеш өткізілді.
Бұл жиында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы, Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық “Ы. Иманалиев” мешітінің Бас имамы Арыстан Оразалыұлы және ұстаз, ақын, абайтанушы Абай Қалшабек, тарихшы Рүстем Үсеновтер көпшілік қауымға дін мен дәстүрді байланыстыра отырып, уағыз-насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Мәселен, 20 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлікті тапсырды. Мешіт тарапынан жасалған мұндай нақты көмекке дән риза болған шаңырақ иелері шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев арнайы іс сапармен өңіріміздегі Сарыкөл ауданында болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Ол аталған аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағанбетовамен жүздесу барысында қалыптасқан діни ахуал және алдағы кездері атқарылатын жұмыстар жайлы әңгіме өрбітті. Оған «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.
Ол жергілікті «Аққозы қажы» мешітіндегі жамағатпен өткен жиында «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында насихат айтты. Жұртшылық оның уағызын ұйып тыңдады.
Бас имам аудандық кітапханада мәдениет үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған кездесуде «Дін мен дәстүр» хақында тағылымды сөз қозғалып, қатысушылардың сауалдарына нақты жауап берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде Тәуелсіздік күні қарсаңында "Тәуелсіздік -Тәңір берген тәтті сый" атты жамағатпен кездесу өткізілді.
Онда наиб имам Бақберсін Ізбасаров Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете ұғыну, ата-бабаларымыздың қазіргі егемендікке қол жеткізу үшін қаншама тер төккенін, соны әрбір азамат бағалай білуі қажет екендігін баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі