Қостанай облысына қарасты Қостанай аудандық «Мандай батыр» мешітінің имамы Азамат Серікбайұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге қазіргі уақыт талабына сай халықтың діни сауатын арттыру мақсатында ауданға қарасты ауыл тұрғындарымен, мұғалімдері және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуде.
Мәселен осы жүздесулер барысында «Кері ағымдардың қоғамдағы зияны», «Отанды сүю - иманнан», «Ислам бейбітшілік діні», «Ата-ананы құрметтеу», «Ілім алудың жолдары» сияқты маңызды тақырыптарды басшылыққа алуда.
Ең бастысы, жиналған жұртшылықтың діни білімге деген құштарлығы сезіледі. Дін қайраткерлері олардың сауалдарына нақты жауап беріп, тақырыптарды жан-жақты қамтуда.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Биылғы Мәуліт мерекесі Қарасу ауданында да мұсылман қауымына есте қаларлықтай өтуде. Мәселен, ол қаңтар айында осы ауданға қарасты Амангелді ауылында, Октябрь кентінде ұйымшылдықпен өтті.
Сондай-ақ қазіргі таңда Қарамырза ауылы мен Қойбағар бекетіндегі ағайындар да оған әзірлік үстінде.
Жуырда аудан орталығындағы балалар өнер мектебінде Мәуліт мерекесі өз денгейінде ұйымдастырылды. Оған ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек қатысып, барша ағайындарды осынау ерекше мейраммен шын жүректен құттықтады. Олардың отбасына шадыман-шаттық, бақыт пен ізгілік тіледі.
Сонымен қатар Қостанай шаһарынан, көрші аудандардан, жергілікті жерден көптеген азаматтар қатысып, тағылым алды. Мейрамның тәрбиелік жағына назар аударылып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шағын футболдан жарыс та өткізілді.
Ұлттық спортымыз тоғызқұмалақ ойыны да оқушылар арасында жоғары дәрежеде өткізілді. Жиналған қауымға ҚМДБ-ның дайындаған өнегесі мол он минуттық бейне таспасы көрсетілді.
Шақырылған қонақтар мен жұртшылықтың алдында облыс имамы Асылхан қажы Түсіпбектен кейін аудан әкімі Алмабек Шәмшиев және басқа да азаматтар сөз сөйледі. Оқушы балалар діни жырларды оқып, әндерді тамылжыта шырқады. Мың бұрала би биленді. Тәрбиелік жағы есте қаларлықтай сахналық көріністер де жасалды.
Мерекелік кеш соңында мешітке үнемі демеушілік көрсетіп жүрген бірқатар азаматтарға облыс имамы атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Қайырымдылық мақсатында көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға азық-түлік салынған пакеттер берілді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Астана қаласында тұңғыш рет І республикалық имамдар форумы өтті. Дін қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің басын босқан бұл басқосу тағылымды тарихымыздан орын алып, ұрпақ үшін ұлағат болады деген сенімдеміз.
Имамдар форумының маңызды тұсы мен мазмұнды сәті – тәлімдік құжаттардың қабылдануы. Діні мен дәстүрін сан ғасырдан бері сақтап, ел үмітін ақтап мұсылманшылығы мығым болған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы сіз бен біздің руханиятымыздың бағдаршамы іспетті, негізгі құжатымыздың бірегейі – Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы.
Он үш бөлімнен тұратын осы құжатта негізгі діни ұстанымдар қатарында ең әуелі сенім мәселесін айқындадық. Төл мәзһабымыз, дәстүрлі жолымыз Әбу Ханифа мәзһабына қатысты көзқарасы мен ұстанымы Тұғырнамамыздың бірінші бөлімінде нық айтылған.
Біз тәуелсіздік жылдарында сындарлы сәттерді бастан өткеріп келеміз. Қазір қадамымыз – нық, бағытымыз – белгілі, діни саладағы жолымыз – айқын, тәжірибеміз мол. Жат ағымдарға төтеп берер күшіміз бен біліктілігіміз жеткілікті. Тек тәуекелге бел буып, имандылық жолында табандылық танытуымыз тиіс.
Біз – зайырлы елміз. Ерекшелігіміз де, артықшылығымыз да осында. Зайырлы ел – дінсіз ел дегенді білдірмейді. Керісінше, азаматтардың діни сеніміне еркіндік беріледі. Осынау игілікке шүкір етіп, өзге де дін өкілдерінің сеніміне де құрметпен қарау – мұсылмандығымыздың белгісі.
«Ислам және зайырлы қоғам» деп аталатын екінші бөлім халқымызды тағаттылық жолын таңдауға, бірлігімізге бекем болуға үндейді.
Бұл – Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін діні мен ділін, тіршілігін үйлестіріп, өмір сүруге, ешкімді алаламай, жалқы емес, жалпы жұртшылығымызға арналған тәлімі мен тағылымы мол толыққанды әмбебап құжат деуге болады. Тұғырнама Ғұламалар Кеңесінің бірнеше рет талқылауынан өтіп, мақұлданды. Тәлімдік құжатымыз – теріс ағымдарға тойтарыс бере алатын, имани иммунитетімізді күшейтетін дәстүрлі бағдарымыз.
Тұғырнама біртұтас мұсылман үмбетінің бірлігін көздейді.
Мешіт – рухани-имандылық ордасы. Сол құлшылық үйінің көркем мінезімен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер, қоғамның рухани жетекшісі – имамдар екені сөзсіз. Имамдық қызметтің ұғымы кең, мазмұны терең. Ол отбасыдан бастап, бүкіл бұқараның ізгілік пен имандылық ұйытқысы.
Құдайсыз қоғам құруды көксеген кешегі Кеңестік идеология кезеңінде халқымыздың рухани тұтастығын бір арнаға тоғыстырып, игілікке үндеген де осы дін қызметкерлері еді. Ел арасында «Ишан», «Молда», «Хазірет» деген атпен танылған діни тұлғаларымыз діни ағарту саласында да жетекші рөл атқарды, табанды еңбек етті.
Пайғамбарымыздан бастау алған, әділетті мұсылман әміршілері – Әбу Бәкір, Омар, Османдар, одан бері Имам Ағзам мен оның шәкірттері жалғастырған имамдық қызмет – екі дүниенің абыройына бөлейтін сауапты да, жауапты міндет. Діни қызмет кешегі көшпелі қазақ топырағында да көрініс тапты.
Дегдарлық пен бекзаттылық үлгісі болған дәстүрлі исламды уағыздаған Марал Ишан, Науан Хазрет, Сәдуақас Ғылмани сынды діни қайраткерлеріміз дініміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Рухани тұлғаларымыздың бүгінгі жалғасы – осы отырған имамдарымыз бен ғалымдарымыз деп есептеймін.
Пайғамбарымыздың: «Имам – басшы әрі қарамағындағы адамдарға жауапты», – деген хадисі дін қызметкеріне зор жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі имамның келбеті, тұлғасы қандай болу керек? ХХІ ғасырдың дін қызмкеткеріне артылған жауапкершіліктің өлшемі қандай?
Көптен күткен тәлімдік құжатымыз осы сауалдарға жауап береді. Сонымен қатар, имам-молдалардың тұлғасын арттыру бағытында қатаң талаптар қояды. Халықтың қайырымдылық бағытта берген қаржы-қаражат мәселесінде де ашық жұмыс істеуге, бұра тартпай, бүкіл ісінде бүкпесіз қызмет етуді міндеттейді. Діни ағымдар әрекетіне де тосқауыл қоюда табандылық танытып, күш-жігер жұмсауға жетелейді.
Жаңа заманның имам-молдалары ғаламтор, заманауи ақпарат алмасу және байланыс құралдарын жетік меңгеруі, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін игеруі тиіс. Өзін жан-жақты дамытып, уағызды тарихымызбен сабақтастырып, салтымызбен ұштастырып, би-шешендеріміздің, ақын-жырауларымыздың салиқалы сөздерімен үйлестіріп айтуы қажет.
Бұл құжатымыз әр азаматтың ар-намыс кодексі іспетті.
Халқымыздың 70 пайыз бөлігін мұсылман қауымы құрайды. Бұл – үлкен көрсеткіш. Алайда осы көрсеткіштің бүгінгі әлеуеті қандай, сипаты қайсы, сапасы қандай дәрежеде? Бұл мәселе Діни басқарма басшыларын да толғандырады.
Асылында, шынайы мұсылманның өмірі имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделуі тиіс.
Осынау талап-тілек деңгейден біздің мұсылмандар қаншалықты көрініп жүр? Ғұламалар Кеңесі шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесін айқындайтын тәлімдік құжат дайындады. Бұл құжатымызда мұсылманның дұрыс сенімде болуы, білім алуы, Отанын қорғауы, дінаралық келісімді сақтауы, қоғамға пайдасын тигізуі, ысырапқа жол бермей, еңбекқор болуы, тәні мен жан тазалығы, көркем мінезді болуы, отбасы құндылығы, т.б. жағдаяттар қамтылды.
Осы тәлімдік құжат мұсылман қауымының, жұртымыздың жүрер жолы, діни ұстанымы, бірлікке бастайтын жалпыға ортақ өмірлік қағидасы деуге болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының І республикалық форумында «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Дін қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттарымыз бірауыздан қабылданды.
Алла Тағала халқымыздың, мұсылман үмбетінің бүгінгі берекесі мен бірлігіне сызат түсірмей, іргелі ел, жоралы жұртқа айналған мемлекетіміздің мәртебесін мәңгілік еткей. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын! Мәңгілік елге ұмтылған ұлтымыздың қадамы құтты, дұғасы қабыл, иманы кәміл болғай! Әмин.
Серікбай қажы Ораз
Muslim.kz
Әлемдердің Раббысы Аллаға мақтау-мадақ болсын. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларға салауат болсын.
Дінге енгізілген жаңалықты ұстанушылар өз сенімдерін бекіту үшін жалған дәлелдерге жүгініп жатады. Соның ішінде "мушаббиха", яғни, «Алла аспан үстінде» дейтіндер сол «дәлелдерді» тілге тиек етеді. Мәселен, Ибн Усаймин жануарлар мен жәндіктердің бастары мен аяқтарын аспанға көтеретіндерін "Алла төбеде" деген сөзін дәлелдеу үшін пайдаланған.
Бірақ, біз бүгін басқа «дәлелді» талдамақпыз. Барша мұсылмандар Аллаға дұға қылған кезде қолдарын көтеріп жалбарынады. Алла Тағаладан сұраған кезде қолды жайып, көтеру сүйікті Пайғамбарымыздың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Сүннеті болып табылады. Дұға қылған кезде қолды көтеру керектігін растайтын хадистер бар.
Әли ибн Әби Талиб (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегенін риуаят еткен: «(Аллаға дұға қылу кезінде) қолды көтеру – бойұсынуды көрсетеді. Ол жайында Алла Тағала былай дейді: «Біз оларға жаза тағайындадық. Бірақ, олар Раббыларының алдында да, намаздарында да мойынсұнған жоқ».(«Мустадракта» Әл-Хаким мен «Сунанда» әл-Байхақи)
Мәлік ибн Ясар, (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегенін риуаят еткен: «Алладан сұрағанда алақандарыңмен сұраңдар, алақандарыңның сыртқы жағын қаратып сұрамаңдар». (Ахмадтың «Муснадында» және Әбу Даудтің «Сунанында»)
Сондай-ақ, Омар ибн әл-Хаттаб, (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Аллаға дұға қылған кезде қолын көтергенін және бетін сипамай қолын түсірмейтін болғандығын риуаят еткен. («Сунан» әт-Тирмизи)
Мушаббихтердің алақанды аспанға қаратып көтерудің себебі ─ «Алла сол бағытта, яғни, аспан үстінде Өзінің Аршысында отырады» дейді.
Ғұламалар болса, мутакаллимдер, мухаддистер, факихтер, муфассирлер, сопылар, тіл мамандары және Әһлү Сүнна уәл Жамағатқа жататын басқа да мұсылмандар Алланы мекеннен және белгілі бір тарапта болудан пәктеп, мұндай «дәлелдерді» негізсіз деп санайды.
Осы мәселеге байланысты бірқатар беделді ғұламалардың пікірлерін келтірейік.
Әһлі-Сүннет жолының ұлы имамы Әбу Мансур әл-Матуриди (хижра бойынша 333 ж. көз жұмған) «Китаб Таухид» (75-76 беттер) кітабында былай деген:
وأما رفع الأيدي إلى السماء فعلى العبادة، ولله أن يَتَعَبَّد عباده بما شاء، ويوجههم إلى حيث شاء، وإن ظن من يظن أن رفع الأبصار إلى السماء لأن الله من ذلك الوجه إنما هو كظن من يزعم أنه إلى جهة أسفل الأرض بما يضع عليها وجهه متوجهاً في الصلاة ونحوها، وكظن من يزعم أنه في شرق الأرض وغربها بما يتوجه إلى ذلك في الصلاة، أو نحو مكة لخروجه إلى الحج
«Алақанды аспанға қарата жаюға келер болсақ, бұл ғибадат үшін (яғни, Шариғаттың үкімі сондай). Ал, Алла құлдарының құлшылық жасаудағы қағидаларын Өз қалауымен орнатып, Өзі қалаған жаққа бағыттайды. Расында, «Алла аспанда болғандықтан, біз сол жаққа қараймыз» дейтіндердің болжамы «намаз кезінде біз жүзімізді жерге қоятындықтан, Ол жер астында» дейтіндердің жорамалына ұқсайды. Ол: "Алла жердің батысында немесе шығысында" - деп пайымдайтындардың болжамына ұқсайды, себебі, олар намаз оқығанда сол жаққа бет бұрады емес пе? Яки, мәселен, өзі Меккеге қажылыққа баратындықтан "Алла сол жақта" - дейтіндердің сөзіне ұқсайды».
Өз заманындағы шафиғиттердің имамы шейх уль-Ислам Әбу Исхақ әш-Ширази (хижра бойынша 393-476 жылдар) «Әл-Ишарат иля мәзһаб әһлү әл-Хакк» кітабында былай деген:
فإن قيل: إذا لم يكن في جهة، فما فائدة رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء، وعروج النبي إلى السماء؟ يُقال لهم: لو جاز لقائل أن يقول إن الرب في جهة فوق، لأجل رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء!! لكان لغيره أن يقول: هو في جهة القبلة، لأجل استقبالنا إليها في الصلاة!! أو هو في الأرض، لأجل قربنا من الأرض في حال السجود؛ وقد رُوي في الخبر عن النبي أنه قال: { أقرب ما يكون العبد من إذا سجد }، قال : واسجد واقترب !! فلو كان في جهة فوق، لما وُصف العبد بالقرب منه إذا سجد؛ فكما أن الكعبة قبلة المصلي يستقبلها في الصلاة، ولا يقال إن في جهة الكعبة ومستقبل الأرض بوجهه في السجود لا يقال: إن في الأرض، فكذلك _ أيضاً _ جُعلت السماء قبلة الدعاء، لا أنّ حالّ فيها. وكذلك أيضاً عروج النبي إلى السماء، لا يدل على أن في السماء، كما أن عروج موسى عليه الصلاة والسلام إلى الجبل، وسماعه لكلام تعالى عنده، لا يدل على أن حالّ في الجبل؛ فعروج النبي : إنّما كان زيادة في درجته، وعلواً لمنزلته؛ ليتبين الفرق بينه وبين غيره في المنزلة وعلو الدرجة
«Егер кімде-кім: «Алла ешбір тарапта болмаса, дұға жасау кезінде қолды аспанға көтерудің және Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), көкке көтерілуінің мәні неде?» - деп сұраса, оған былай жауап бер: «Егер кімде-кім дұға жасау кезінде қолымызды аспанға қарай көтеретіндіктен "Раббымыз төбеде" десе, басқа біреу біз намазды құблаға қарап оқитындықтан, Жаратушымыз құбла тарапта деуі мүмкін ал екінші біреу біз сәждеге барғанда бетімізді жерге қоятындықтан, Жаратушы Иеміз жер астында деуі ғажап емес, өйткені, Пайғамбардың (оған Алланың иілігі мен сәлемі болсын), былай дегені риуаят етілген ғой: «Құлдың Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең жақын болатын күйі – сәждеде». Сондай-ақ, Алла Тағала былай дейді: «Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сәжде қыл, жақында!» (96:19)». Алла жоғарыда болса, құл сәждеге барған кезде Оған жақын болмас еді. Намаз оқығанда Қағбаға бет бұрғанымыз секілді (бірақ, Ұлы әрі Құдіретті Алла Қағба тарапта демейміз) және сәждеге барғанда жерге бетін тақайтыны сияқты (бірақ, Алла жер астында демейміз), дұға қылғанда қолымызды аспанға қарата көтереміз, бірақ, Алла сол жақта болғандықтан емес».
Имам Абуль-Муин ән-Насафи әл-Ханафи (хижра бойынша 418-508 жылдар) «Табсират әл-адиллят фи усул әд-Дин» (181-182 беттер) кітабында былай деген:
وتعلقهم بالإجماع برفع الأيدي إلى السماء عند المناجاة والدعاء باطل، لما ليس في ذلك دليل كونه تعالى في تلك الجهة، هذا كما أنهم أمروا بالتوجه في الصلاة إلى الكعبة وليس هو في الكعبة، وأمروا برمي أبصارهم إلى موضع سجودهم حالة القيام في الصلاة بعد نزول قوله تعالى: {قد أفلح المؤمنون الذين هم في صلاتهم خاشعون} [سورة المؤمنون/ 1ـ2] بعدما كانوا يصلون شاخصة أبصارهم نحو السماء، وليس هو في الأرض، وكذا حالة السجود أمروا بوضع الوجوه على الأرض، وليس هو تعالى تحت الأرض، فكذا هذا. وكذا المتحري يصلي إلى المشرق واليمن والشام، وليس هو تعالى في هذه الجهات. ثم هو يعبد كما في هذه المواضع ويُحتمل أنه تعالى أمر بالتوجه إلى هذه المواضع المختلفة عند اختلاف الأحوال ليندفع وهم تحيزه في جهة ويصير ذلك دليلا لمن عرفه أنه ليس بجهة منا. وقيل إن العرش جعل قبلة للقلوب عند الدعاء كما جعلت الكعبة قبلة للأبدان في حالة الصلاة
«Қолды жоғары көтеру Алла сол тарапта дегенге дәлел бола алмайды. Керісінше, бұл намаз оқығанда Қағба жаққа қарай бет түзеумен бірдей, бірақ, Алла Қағбада емес қой. Сонымен қатар, «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады»(23:1-2) деген аят түскеннен кейін қиямда тұрғанда сәждеге баратын жерге қарау әмір етілді. Бұл бұйрық сахабалар аспанға қарап намаз оқитын болғаннан кейін түсті. Алайда, Алла жерде емес қой. Сәждеге барғанда да басымызды жерге қою әмір етілген. Бірақ, Алла жер астында емес қой. Йеменде немесе Шамда намаз оқитын адам шығысқа қарай бет бұрады, алайда, Алла ол тараптарда емес. Ол тек көрсетілген жерлерде қалай құлшылық жасау керектігін бұйырды. Бұл «жаратылыстар кеңістікпен қоршалғандықтан, Алла Өзін олардан бөліп алу үшін осы жерлерде әр түрлі бағытқа қарап ғибадат жасауды әмір етті» деп түсіндіріледі. Сондықтан, бұл Алланы ешбір тарапқа тәуелді емес деп таныған адам үшін дәлел болып табылады. Сондай-ақ, Қағба намаздың құбласы секілді, Аршының да дұғаның құбласы екені айтылған».
Әш-Шәфиғи мәзһабындағы «асхабуль ууджухтардың» бірі имам Әбу Саид Әбдуррахман әл-Мутауалли әш-Шафиғи (хижра бойынша 426-478 жылдар) өзінің «Әл-Гъунья фи Усулюддин» (1/79) атты кітабында былай деген:
فرفع اليد إلى السماء ليس لأن الله تعالى في مكان ولكن لأن السماء قبلة الدعاء كما أن الكعبة قبلة الصلاة في حال القيام، والأرض قبلة في حال الركوع والسجود وليعلم أن الله تعالى ليس في الكعبة ولا في الأرض
«Қолымызды жоғары қарай көтеретін себебіміз ─ Алла Тағала мекенде болғандықтан емес, аспан ─ дұғаның құбласы болғандықтан. Қиямда тұрғанда намаздың құбласы Қағба секілді, рукуғ және сәждедедегі құбла – жер сияқты. Бірақ, Алла Тағала Қағбада да, жерде де емес екені бәріне белгілі».
Хижра бойынша 6-ғасырдағы дінді жаңғыртушы болып саналатын әйгілі Құран тәпсіршісі имам Фахруддин Мұхаммад ибн Умар әр-Рази (хижра бойынша 544-606 жылдар) өзінің «Арба’ун фи усуль әд-дин» (1/163) атты кітабында былай деген:
لو كان رفع الأيدى إلى السماء يدل على كون المعبود فى السماء ، الوجب أن يدل وضح الجبهة على الأرض على أنه فى الأرض
«Егер қолды аспанға қарай көтеру біздің Жаратушымыздың аспанда екенін білдіретін болса, онда маңдайды жерге тіреуіміз де Оның жерде екенін білдіруі тиіс».
Шейх уль-Ислам Мухйиддин ән-Нәуәуи (хижра бойынша 631-676 жылдар) «Шарх Сахих Муслимде» (5/24) былай деген:
اذا دعاه الداعي استقبل السماء كما اذا صلى المصلي استقبل الكعبة وليس ذلك لأنه منحصر في السماء كما أنه ليس منحصرا في جهة الكعبة بل ذلك لأن السماء قبلة الداعين كما أن الكعبة قبلة المصلين
«[Алланың бірлігін мойындайтындар] намаз оқығанда Қағба жаққа бет түзейтіндері тәрізді, [барлық кемшіліктен пәк Раббымызға] дұға қылғанда [ақыл-ойы мен алақандарын] аспанға қарай бұрады. Бірақ, бұл Алла аспанда шектеулі болғандықтан немесе Қағба тарапта шектеулі болғандықтан емес. Олардың [ақыл-ойы мен алақандарын] көкке қарататын себебі ─ Қағбаның намаздың үкім етілген бағыты (құбласы) болғаны сияқты, аспан да ─ [дұғаның] үкім етілген бағыты (құбласы)».
Имам Абуль-Аббас әл-Куртуби әл-Малики (хижра бойынша 578-656 жылдар) өзінің «Әл-Муфхим» (3/335) атты шархында Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусағын көтергені жайлы айтылған хадистен кейін былай жазған:
هذه الإشارة منه صلى الله عليه وسلم إما إلى السماء لأنها قبلة الدعاء وإمّا لعلوّ الله المعنوي لأن الله لا يحويه مكان ولا يختص بجهة وقد بين ذلك قوله تعالى: {وَهُوَ مَعَكُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ
«Бұл оның, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аспан дұғаның құбласы болғандықтан, соны көрсеткені немесе Алланың абстрактылы биіктігін көрсеткені. Себебі, Алланы мекен қамтымайды,
Ол тараппен шектелмеген. Осыдан Оның «Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге» (57:4) деген Сөздері түсінікті болады».
Абуль-Аббас әл-Куртубидің шәкірті әйгілі Құран тәпсіршісі имам Әбу Абдуллах әл-Куртуби әл-Малики (хижра бойынша 600- 671 жылдар) өзінің «Әл-Джами’ әл-Ахкам әл-Куран» (18/215-216) атты тәпсірінде былай деген:
وإنما ترفع الأيدي بالدعاء إلى السماء لأن السماء مهبط الوحي، ومنزل القطر، ومحل القُدس، ومعدن المطهرين من الملائكة، وإليها ترفع أعمال العباد، وفوقها عرشه وجنته؛ كما جعل الله الكعبة قِبلةً للدعاء والصلاة، ولأنه خلق الأمكنة وهو غير محتاج إليها، وكان في أزله قبل خلق المكان والزمان ولا مكان له ولا زمان. وهو الآن على ما عليه كان
«Дұға жасау кезінде қолымызды аспанға қарай көтеруіміздің себебі: аспан ─ уахидің, жаңбырдың, Жәбірейілдің мекені және тазартылған періштелердің қайнар көзі. Сондай-ақ, бұған құлдардың жасаған амалдарының көкке көтерілуі және аспанның жоғарысында Алланың Аршысы мен Жәннатының орналасуы себеп. Алланың Қағбаны ғибадат пен намаздың құбласы еткені тәрізді. Сонымен бірге, Жаратушы Алла мекенді жаратты, бірақ, Өзі оған мұқтаж болғандықтан емес. Мекен мен уақыт жаратылмай тұрғанда-ақ Алла бар болды және Оның мекені де, уақыты да болған жоқ. Сонымен қатар, қазір Ол өзгерген жоқ».
Имам Шихабуддин әл-Карафи әл-Малики (хижра бойынша 684 жылы көз жұмған) «Любаб әл-мунджийат» (190-бет) кітабында былай деген:
من هيأة الداعين التوجُّه نحو السماء حالة الدعاء؛ فإن الله جعل السماء قبلة الدعاء وتعبَّدنا بها، كما جعل الكعبة قبلة الصلاة، وجعل الأرض متوجَّه السجود، لا لأنه في جهة السماء، فتعالى الله عن الجهات وتحديد الأمكنة
«Дұға қылушылардың бейнесі – дұға жасау кезінде аспанға қарау. Расында, Алла Тағала Қағбаны намаздың құбласы және жерді сәждеге баратын бағыт еткені секілді, аспанды дұғаның құбласы ретінде бекітті. Біз сол арқылы құлшылық жасаймыз. Бірақ, Ол Өзі аспан жақта болғандықтан емес. Алла тарапта болудан және мекенмен шектелуден пәк».
Хафиз Ибн Хаджар әл-Аскаляни (хижра бойынша 773-852 жылдар) «Фатхуль Бари» (2/296) кітабында имам Ибн Батталь әл-Маликидің (хижра бойынша 449 жылы көз жұмған) сөзін келтіріп, былай жазған:
قال ابن بطال: أجمعوا على كراهة رفع البصر في الصلاة، واختلفوا فيه خارج الصلاة في الدعاء، فكرهه شريح وطائفة، وأجازه الأكثرون، لأن السماء قبلة الدعاء كما أن الكعبة قبلة الصلاة
«Ибн Батталь былай деді: “[Ғұламалар] намаз кезінде жоғары қараудың мәкрүх екеніне бірауыздан келіскен. Ал, намаздан тыс дұға жасау кезінде жоғары қарауға байланысты олардың пікірлері әр түрлі. Мұны Шурайх пен тағы бір топ ғұламалар мәкрүх деп тапқан. Бірақ, көпшілігі рұқсат еткен, себебі, намаздың құбласы Қағба болғаны сияқты, дұғаның құбласы ─ аспан”».
Имам Мулла Әли әл-Кари (хижра бойынша 1014 жылы көз жұмған) «Шарх Фикхуль Акбарда» (172-бет) былай деген:
ومن الغريب أنه استدل على مذهبه الباطل برفع الأيدي في الدعاء إلى السماء، وهو مردود لأن السماء قبلة الدعاء بمعنى أنها محل نزول الرحمة التي هي سبب أنواع النعمة، وهو موجب دفع أصناف النقمة، ولو كان الأمر كما قال هذا القائل في مدعاه الباطل لوقع التوجه بالوجه /إ/إلى السماء، وقد نهانا الشارع عن ذلك حال الدعاء لئلا يتوهم أن يكون المدعو في السماء، كما يشير إليه قوله تعالى:{وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ}[ البقرة/186] وقوله تعالى:{فَأَيْنَمَا تُوَلُّواْ فَثَمَّ وَجْهُ اللّهِ} [ البقرة
«Дұға жасауда қолды көтеру оның жалған пікірінің дәлелі деген сөз шындыққа жанаспайды. Бұл пікірдің жоққа шығарылатын себебі ─ аспан дұғаның құбласы. Мұның мағынасы мынада: аспан ─ неше түрлі игіліктің себепкері болып табылатын рақым түсірілетін жер. Осы жалған мәлімдеме жасаған адамның сөзі рас болса, (намаз кезінде) аспанға қарау міндет етілуі керек болатын. Алайда, Жаратушы Иеміз намаз кезінде аспанға қарауға тыйым салды. Өйткені, сыйынатын Раббымызды аспанда деп ойлауға болмайды. Мына аяттар ─ соның дәлелі: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» (2:186), сондай-ақ, «Қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі (яғни, құбла) сол жақта.» [1] (2:115)».
Имам Камалуддин әл-Баяди (хижра бойынша 1097 жылы көз жұмған/1686 миләди ж.с. бойынша) «Ишарат әл-Марам мин ибарат әл-Имам» (198-бет) кітабында былай жазған:
بأن رفع الأيدي عند الدعاء إلى جهة السماء ليس لكونه تعالى فوق السماوات العلى بل لكونها قبلة الدعاء، إذ منها يتوقع الخيرات، ويستنـزل البركات لقوله تعالى:{وَفِي السَّمَاء رِزْقُكُمْ وَمَا تُوعَدُونَ} [سورة الذاريات/22] مع الإشارة إلى اتصافه تعالى بنعوت الجلال وصفات الكبرياء، وكونه تعالى فوق عباده بالقهر والاستيلاء
«Дұға қылу кезінде қолымызды аспанға қарата көтеруіміздің себебі ─ Ол аспанда болғандықтан емес, керісінше, аспан дұғаның құбласы болғандықтан. Өйткені, көктен игілік түседі, береке түседі. Алла былай дейді: «Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте» (51:22), сонымен бірге, Ол Өзін ұлы әрі лайықты сипаттармен сипаттауды әмір етті. Алла Өзінің құдіретімен әрі билігімен құлдарынан әлдеқайда биік».
Хафиз, ірі тіл маманы Муртаза әз-Забиди әл-Ханафи (хижра бойынша 1145-1205 жылдар) маликилік имам Әбу Бәкір әт-Тартушидің (хижра бойынша 451-520 жылдар) сөздеріне сүйеніп, «Итхаф әс-садат әл-муттақин» (5/34-35) кітабында былай деген:
فإن قيل : إذا كان الحقُّ سبحانه ليس في جهةٍ، فما معنى رفع الأيدي بالدعاء نحو السماء ؟. فالجواب : من وجهين ذكرهما الطُّرْطُوشي:
- أحدهما : أنه محلُّ التعبُّد، كاستقبالِ الكعبةِ في الصلاة، وإلصاق الجبهةِ بالأرضِ في السجود، مع تنـزُّهه سبحانه عن محلِّ البيت ومحلِّ السجود، فكأنَّ السماءَ قبلةُ الدعاء.
- وثانيهما : أنها لما كانَتْ مهبِط الرزقِ والوحيِ وموضعَ الرحمةِ والبركةِ، على معنى أن المطرَ يَنـزِلُ منها إلى الأرضِ فيخرج نباتًا، وهي مَسكنُ الملإ الأعلى، فإذا قَضَى اللهُ أمرًا ألقاه إليهم، فيُلقونه إلى أهلِ الأرض، وكذلك الأعمال تُرفَع، وفيها غيرُ واحد من الأنبياء، وفيها الجنةُ -وهي فوق السماء السابعة – التي هي غايةُ الأماني، فلما كانت مَعْدِنًا لهذه الأمور العِظام ومَعرِفةَ القضاءِ والقَدَر، تَصرَّفَت الهِممُ إليها، وتوفَّرَت الدواعي عليها” انتهى
«Егер былай сұраса: Кемшіліктен пәк Әл-Хақ тарапта болмаса, дұға қылу кезінде қолды аспанға қарай көтерудің мәні неде?
Бұған екі жақты жауап бар және оларды Әбу Бәкір әт-Тартуши баяндап кеткен:
1. Намазда Қағба жаққа бет бұратынымыз және сәждеде маңдайымызды жерге тигізетініміз сияқты, аспан құлшылық жасау орны болып табылады. Бірақ, Ол үйде (Қағбада) және сәждеге баратын жерде болудан пәк. Ал, аспан ─ дұғаның құбласы.
2. Расында, аспан – ризық, уахи түсетін жер, рақым мен береке мекені, яғни, аспаннан жаңбыр жауып, өсімдік өсіреді. Сонымен қатар, ол ─ жоғарғы топтардың (періштелердің) тұрғылықты мекені. Алла Тағала бір шешім қабылдағанда оны сол періштелерге жібереді. Ал, олар оны жерді мекендеушілерге жібереді. Амалдар да солай көтеріледі. Сонымен қатар, аспанның үстінде Пайғамбарлар мен (оларға Алланың сәлемі болсын), Жәннат бар. Тілектердің шегі болып табылатын Жұмақ ─ 7-ші аспанда. Бұл үлкен құбылыстар және «қада» мен «қадар» -тағдырларының орналасқан жері болғандықтан, барлық ұмтылыстар тек соған бағытталған»».
Хижра бойынша 14-ші ғасырдың дінді жаңғыртушысы болып саналған шейхМухаммад Захид әл-Каусари (хижра бойынша 1296-1371 жылдар) «Сайф әс-сакыль» кітабына ескертпеде былай деген:
لكن رفعهم الأيدي إلى السماء ليس فيه شىء من الدلالة على استقرار وجود ذاته في السماء وإنما ذلك لمجرد أن السماء قبلة الدعاء ومنزل الأنوار والأمطار والخيرات والبركات {وفي السماء رزقكم وما توعدون
«Алайда, қолды аспанға көтеруде Алла Тағаланың аспанда екеніне дәлел жоқ. Шынында, мұның себебі ─ аспан дұғаның құбласы болып табылады, сондай-ақ, ол ─ игілік, жаңбыр, береке түсірілетін жер. Аятта былай делінеді: «Сендердің несібелерің [жаңбыр, жарық және ризықтың пайда болуына себепкер басқа да нәрселер] әрі уәде етілген нәрселер көкте (51:22)».
Осылайша, біз дұға қылу кезінде қолды аспанға қарай көтеру Алланың аспанда екенін білдірмейтінін анықтадық. Бұл - негізсіз дәлел.
_____________________
[1] Ибн Касир осы аяттың талдауында былай жазған: «Муджахид былай деді: «яғни, қайда болсаңдар да, сендер үшін Құбла бар, сондықтан, намазда соған қарай бет түзеңдер». Ибн Әби Хатим, ибн Аббастың бұл аятты Құбланың Иерусалимнен ауысатынына қатысты түсірілді деп санағандығын айтқан. Сондай пікірде болғандар: Әбу әл-Алия, әл-Хасан, Ата әл-Хурасани, Икрима, Қатада, әс-Судди және Зайд ибн Аслам».
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Taalib.ru

Бүгін Алматыда «Алматы - 2015 жылғы Ислам мәдениеті астанасы» халықаралық конференциясы басталды. Іс шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде.
Шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Ислам ынтымақтастық ұйымына кіретін елдердің мәдениет министрлері қатысты.
Халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғысын жеткізіп: «Алматы – мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, дініміз бен руханиятымыздың ордасы. Алатаудың баурайындағы руханиятымыздың шамшырағы саналған әсем шаһарымыз Алматыға Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы мәртебесін беру – мұсылмандығымыздың тағы бір жарқын көрінісі»,-деді.
Конференция барысында 100-ден аса халықаралық сарапшылар, әлемнің 15 елінен келген саясаттанушылар мен ғалымдар ИЫҰ аясындағы халықаралық интеграциялық процесстерді талқылайды. Ислам әлемі елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу саласындағы хал-ахуал талқыланып, жан-жақты мәдени ынтымақтастықтың болашақ жоспарлары қарастырылады.
muftyat.kz
Таяуда ғана «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен өткен І Республикалық имамдар форумында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жиын қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев жеткізген болатын.
Елбасы өзінің жолдаған құттықтау хатында «Форум отандық мүфтият қызметіне тың серпіліс беріп, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешудегі имамдардың рөлін арттыруға септігін тигізеді деген сенімін», - білдірген.
Ел Президенті сондай-ақ имамдарды діни тұрақтылықты нығайтуға, өскелең ұрпақты дін атын жамылған теріс ағымдар ықпалынан сақтау жолында табанды жұмыс жүргізуге шақырды.
muftyat.kz
«Әлеуметтік желілерде парақша ашуға бола ма?» деген сұраққа Әли Джифри былай жауап берген: «Болады. Бірақ,ол Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұялмай көрсете алатындай парақша болуы тиіс».
Оқырмандарымызбен мына мәселе төңірегінде сөз қозғасақ деп едік. Баршамыз Ғаламторды пайдаланамыз ─ «ВКонтактеде», «Фейсбукта», «Твиттер»де немесе өзге де әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ жан кемде-кем шығар, сірә. Әлеуметтік желі – өте ыңғайлы дүние. Ол жерде достарыңмен сөйлесуге, жаңалықпен бөлісуге, фильм немесе қызықты бағдарлама тамашалауға, лекция тыңдауға, жаңа ақпарат білуге болады. Сонымен қатар, Ғаламтор Ислам ілімін тарату ісінде үлкен көмекші – ол жерден Ислам ғұламасының кітаптарын немесе мақалаларын оқуға, уағыздарды қарауға, дін маманына сұрақ қоюға мүмкіндік бар.
Бірақ, біз сол құралдарды дұрыс пайдаланумен қатар, сол кеңістікте әдеп сақтай білеміз бе? Себебі, мұсылман адам, жүрегінде иманы бар адам қай жерде болса да сол қалпынан таймауы керек емес пе? Өкінішке орай, мұны екінің бірі түсіне бермейді – бәзбір жас мұсылмандар «бұл шынайы емес, виртуалды, тіпті жасанды, ойлап табылған кеңістік болғандықтан, онда алып бара жатқан қандай қағида болуы мүмкін?» деп ойлайды. Алайда, Алла бізді қай жерде болсақ та көреді емес пе? Сондықтан, шынайы өмірде айтқан сөздеріміз бен жасаған амалдарымызды былай қойғанда, Ғаламторда өз-өзімізді қалай ұстағанымыз, не айтқанымыз, неге қарағанымыз және не тыңдағанымыз үшін де жауап береміз. Құранда былай делінеді:
«Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» (17-сүре «Исра», 36-аят).
Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Расында, адам бар болғаны бір сөз айтып, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлауы мүмкін. Бірақ, ол дәл сол сөзі үшін тереңдігі жетпіс жыл қашықтықты құрайтын Тозаққа тасталады» (Ахмад риуаят еткен).
Ары қарай, біз Алланың қалауымен, бүкіләлемдік желіні пайдалану кезінде сақталуы керек болған кейбір ережелер жөнінде әңгіме-дүкен құрамыз.
Суреттер мен Ғаламтор: өзіңнің кез келген суретіңді қоя берген дұрыс па?
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген адамдар әлеуметтік желілерді жаңалықпен алмасу құралы ретінде пайдаланады: бүгін менің басымнан қандай жайттар өтті, апта соңын немесе демалысымды қалай өткіздім, не сатып алдым, қандай тамақ пісірдім және т.б. Оған қоса, көп жағдайда әрбір осындай хабарламамен бірге фотоесеп те қатар жүреді («досымның туған күнінде отырған кезім», «менің бітіру кешім», «демалысым», «жаңа тағамым», «менің жаңа автокөлігім»). Адамдардың көпшілігі Исламды ұстана бастағанда кейбір маңызды тыйымдар мен қауіпті қаперден шығарып, бұрынғы әдеттерін жалғастыра береді.
1. Бірінші мәселе, әсіресе, діндегі әпке-қарындастарымызға қатысты. Біз хиджабқа қатысты бір нәрсені көп жағдайда ұмытып жатамыз. Хиджаб ─ тәнді ғана жабу емес, бұл ─ әйел адамның бөтен көздерден мейлінше таса болуы. Өкінішке орай, көптеген әпке-қарындастарымыз сыртқы хиджабты кигендерімен, бөгде еркектердің көздеріне түспей жүруді қажет деп таппайды: бұрынғыдай олармен емін-еркін араласуды жалғастыра береді. Әлеуметтік желілердегі ахуал да сондай: исламды ұстанатын әпке-қарындастарымыздың парақшалары олардың (әр түрлі жағдайда, әр түрлі жерлерде, достарымен және туыстарымен түскен) суреттеріне тұнып тұр. Жүзіңізді тұмшалап жүрген күннің өзінде де (бірақ, көптеген мұсылман қарындастарымыз бет-жүздерін бүркемей, ашып жүреді ғой), бекерден-бекер өзіңізді көрсетіп, бөгде еркектердің жүрегінде құмарлық сезімін оятудың қажеті қанша? Осы күнәға толы заманда лаң шығарудың не керегі бар? Көшеде сіздің бетіңізге жүздеген еркектің қадала қарап тұрғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Оның сізге ұнай қоюы екіталай. Ал, әлеуметтік желілердегі парақшаларға күн сайын неше түрлі мыңдаған адам кіреді емес пе?
Қазіргі мұсылман әпке-қарындастарымыздың көпшілігінің киімі мен сыртқы келбетін «хиджаб» деп шартты түрде ғана атауға болады: әдетте олар денеге жабысып тұратын ашық түсті киім киеді; көздерін бояумен сызып, қастарын жұлады; қылымсып күлімсірей қарайды. Мұсылмандардың аналарының немесе сахабалардың әйелдерінің (баршасына Алла разы болсын) бөгде еркектердің алдында сондай кейіпте тұрғандарын көз алдарыңызға елестете аласыздар ма? Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы асыл Фатимадан (Алла оған разы болсын): «Әйел адам үшін ең үлкен игілік не?» ─ деп сұрағанда, ол: «Ол да еркектерді көрмеуі керек, еркектер де оны көрмеуі тиіс», - деп жауап берген. Біздің ізгі ата-бабаларымыздың ұяттылығы мен ибалылығы осындай болған!
Топтар мен қауымдастықтарға әке-шешелерінің хиджаб киюге рұқсат бермейтінін, оларды түсінбейтінін айтып шағымдарын қарша борататын, бірақ, өз парақшаларын ашық киім киіп, шаштарын жайып түскен суреттеріне толтырып қоятын әпке-қарындастарымыз жайлы аузымызға да алғымыз келмейді. Осы жерде бауырларымызға да, әпке-қарындастарымызға да айтарымыз: сіздің суретіңіз болмаса да, өзіңіз желіден бір жерден тауып алған бөтен біреудің суреті болсын мейлі, парақшаларыңызға хиджаб кимеген әйелдердің суреттерін қоюдың қажеті жоқ. Олай істеуге болмайды. Әйтпеген жағдайда сіз күнәға себепкер боласыз, себебі, әйел адамның ер адамға ондай сиықпен көрінуіне болмайды емес пе?
2. Екінші мәселе: сіз парақшаңызды кім қарайтынын және суреттеріңізді нендей мақсатта пайдаланатынын білмейсіз. Суретті өз қалауымызша өзгертуге мүмкіндік беретін «Фотошоп» пен басқа да бағдарламалардың барын ұмытпаңыз! Сіз бетіңіздің бикини киген (немесе басқа да ерсі кейіптегі) қыздың немесе, керісінше, үстіне қару-жарақты асынып алған және («Исламды қабылда, әйтпесе, біз сені өлтіреміз» деген сияқты) сес көрсету мағынасындағы жазуды ұстап алған лаңкес әйелдің бетінің орнына қойылғанын қалар ма едіңіз?
3. Суретіңізді тек қана виртуалды құрбыларыңызға көрсеткіңіз келген күннің өзінде де – олардың ар-ұятты екеніне әрдайым сенімді бола аласыз ба? Құрғақ сөзбен шектеліп қоймас үшін, бір қарындасымыздың хикаясын (Бұл хикая «Муслимы поймут» тобында жарияланған болатын) оқып көріңіз. Ол қарындасымыз өзге әпке-қарындастарымызды жеңіл ойлаудан сақтандыру үшін өз басынан өткен хикаямен бөліскен:
«Сыныптастарым мені «ВКонтактеге» тіркелуге көндірді. Мен бұрын-соңды парақшама сурет қоймаған едім. Бір күні өзімнің жеке, жабық альбомыма бір суретімді қоюға бел будым. Ол суретті тек қана діндегі құрбыларым көре алатын еді. Мен ол суретте хиджабта болатынмын.
Бірер сағаттан кейін желіге кіріп, діндегі құрбыларымның парақшаларын қарап отырып, кенеттен... өзімді көрдім! Төбемнен жай түскендей күй кешіп, не болғанын түсінбей қалдым. Бір құрбымның парақшасында менің суретім тұр. Мен одан суретімді алып тастауын өтіндім. Ол алып тастады. Бірақ, сурет жан-жаққа тарап үлгеріпті. Ол аздай:«Мұның сенің суретің екенін дәлелдесең ғана алып тастаймын», - дегендер де табылып жатты. Мен оны қалайша дәлелдеймін?!
Суретімнің жалпыға ортақ желіге қайдан түскенін білмеймін. Бірақ, кейін сол үшін көрмегенді көрдім. Содан бір-екі жыл өткеннен кейін бір діндегі құрбымыздың үйіне қонаққа бардым. Ол жерде бейтаныс әйелдер көп болатын. Бір әйелдің менен кеш бойы көзін алмай қарап отырғанын байқадым. Кеш аяқталуға таяғанда бәрінің төрт көзі түгел отырғанда ол бәрінің көзінше маған: «Сіңлім, мен саған бағанадан бері қарап, қай жерден көргенімді есіме түсіре алмай отыр едім. Енді есіме түсті. Мен сенің суретіңді күйеуімнің компьютерінен көрген екенмін ғой!» - деп қойып қалмасы бар ма.
Сол жерде отырғандардың барлығы маған жалт қарады. Мен алғашында оның қандай суретті айтып жатқанын түсінбедім, «ол жаңылысқан шығар» деп ойладым. Бірақ, ол суретті сипаттап бергенде, қай сурет жайында сөз болып отырғаны есіме түсті. Сөйтіп, сол болған түкке тұрғысыз жайтты түсіндіре жөнелдім... Олардың көпшілігі маған сенген жоқ, әрине. Осылайша, ертеңіне мен «танымал» болып ояндым. Бүкіл жамағаттың айтатыны мен болдым. Керек десеңіз, тіпті мені сол әйелдің күйеуімен сөйлесіп жүр екен, оған сурет жіберіп жүр екен және т.б. деп қаңқу сөз таратқандар да болды. Соның бәрі діндегі әпке-сіңлілерімнің тақуалығына сеніп, өзімнің ақымақтығыммен альбомыма қойған суретке бола... Содан бастап суретке түсуден қалдым».
Өз әйелі бола тұра, компьютеріне бөгде әйелдердің суреттерін жүктейтін еркектердің бұл қылығы түсініксіз, әрине. Әйткенмен, қыздар да сақ болып, ибалық танытулары қажет.
4. Сонымен бірге, көз тию деген нәрсенің барын ұмытпаңыздар! Көз тию деп, біреудің басқа адамға қарағанынан сол адамның басына бақытсыздық пен ауру-сырқат бұлты үйірілетіндігін айтып отырмыз. Ол көреалмаушылықпен, қызғанышпен немесе тіпті шамадан тыс тамсана қарауы мүмкін.
«Көз тию – ақиқат» (хадис 3879, «Сунан» Әбу Дауд).
Сіз өзіңіздің, туыстарыңыздың бен жақындарыңыздың, достарыңыздың, сатып алған заттарыңыздың және барған жерлеріңіздің суреттерін желіге жариялағанда, бұл біреудің қызғанышын оятуы ғажап емес. Сіз айналаңыздағыларға өміріңізде орын алған жағымды жайтты хабарлайсыз – бірақ, басқа біреудің өмірінде көрген қуанышынан гөрі қиыншылығы басым шығар. Сіз тұрмысқа шықтыңыз – ал, басқа бір әйел өмірлік серігін таба алмай жүрген шығар; сіз балалы болдыңыз (сөйтіп, соның суретін төрткүл әлемге жария етіп, қуанышыңызды бөлісуге асығасыз) – ал, бір отбасылық жұп қаншама жылдар бойы бала сүйе алмай жүрген шығар; сіз өзіңізге жаңа компьютер (яки, тіпті автокөлік) сатып алдыңыз – ал, біреу әрең дегенде күнін көріп жүрген болса, сіздің қуанышыңыз бен табысыңыз оның ішін тырнайтын шығар. Біреудің көреалмаушылығын, қызғанышын оятып, өзіңізді және жақындарыңызды қатерге тігудің қажеті қанша?
(осы мәселе бойынша толығырақ бір ғұламаның «Әлеуметтік желілер мен көз тию» атты мақаласын оқып білуіңізге болады»
Аға-інілер мен әпке-қарындастар, ибалы болыңыздар! Ерлер мен әйелдердің Желіде сөйлесу ережелері!
Жоғарыда айтылғандай, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар Желіге қатысты көптеген қағидалар мен тыйымдарға немқұрайлы қарайды. Олар мұның шынайы емес, виртуалды қарым-қатынас екенін айтып, өздерінің бұл қылықтарын ақтап алуға тырысады. Ерлер мен әйелдердің арасындағы қарым-қатынас мәселесі де сондай. Мұсылмандардың ер мен әйелдің бөлек сөйлесу қағидаларын қатаң қадағаулары керектігі бәріне белгілі: әйел адам мен әйел адам, ер адам мен ер адам сөйлеседі. Қарама-қарсы жыныс өкілімен қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда ғана, жұмыс, оқу мәселесі бойынша немесе өмірлік серігіңді іздеу кезінде тілдесуге болады. Бірақ, ондай жағдайда да сөйлесу кезінде қатаң қағидаға бағыну керек. Ғаламторда да осы қағидалар өз күшінде: жас жігіттің қыз балаға «достасуға», «жай ғана сөйлесуге», «тілдесуге» ұсыныс жасап хабарлама жазуына жол берілмейді. Қандай да бір істі талқылау керек болған күнде де тілдесу әзіл-қалжыңсыз, артық сұрақсыз («сіз тұрмыстасыз ба?», «жасыңыз қаншада?» деген сияқты), смайликсіз және сол секілді ойнақы суреттерсіз қатаң іскери формада өтуі тиіс.
Сондай-ақ, өкінішке орай, қандай да бір жалпы жұртқа ортақ алаңқайлардағы ─ топтардағы, тематикалық талқылаулардағы тілдесу де көңіл қуантарлық емес. Кейбір маңызды әрі қызықты тақырыптарды ерлердің де, әйелдердің де талқылағысы келуі мүмкін, бұл рас. Бірақ, онда да байсалдылық, инабаттылық таныту керек: тақырыпқа қатысты әңгімені ғана қозғау керек; адамның жеке тұлғасын талқыламау керек. Мүмкіндігінше қарама-қарсы жыныс өкілімен пікірталасқа түспеген жөн – егер әйел адам сол пікірталаста дөрекілік танытып, ерсі қылық көрсетіп, сұхбаттасына тіл тигізсе (сұхбаттасы дұрыс істемей, қайдағы-жоқты айтқан күннің өзінде де оны жайына қалдыру керек), ұяттың көкесі сонда болады. Мұндай қылық ешкімге жараспайды. Ал, сондай тұрпайылық пен әдепсіздікті инабаттылық пен байсалдылықтың үлгісін көрсетуге міндетті мұсылман әйел көрсетсе, онда мүлде ішің ашиды. Ер адамның да өзіне қарағанда әлдеқайда нәзік, әлсіз болып келетін әйел затына дөрекі сөйлеп, тіл тигізуі де (ол әйел «бірінші бастаған болса да», ер тұлғалы адам оған кішіпейілділікпен қарауы тиіс) ─ қынжылтатын дүние. Алайда, ер адамның: «Әй, әйел, сен біздің әңгімемізге мүлде араласпа! Сенің орның асүйде!» ─ деген сөздермен бұйырып сөйлеуі ер кісіге жараспайтын мінез. Мұның дөрекілік және көргенсіздік екенін былай қойғанда, бұл ─ барып тұрған ақымақтық. Сол «ақылшы» және «тәрбиеші» мұнысымен «уақытты бос егеске құрту жақсы емес, одан да пайдалы іспен айналысқан абзал» дегенді меңзеген болса, бұл ереженің ерлерге де, әйелдерге де қатысы бар емес пе?
Негізі, аға-інілер мен әпке-қарындастар, көркем мінез көрсету қажеттігін ұмытпаңыздар: бір-бірлеріңізге дөрекі сөйлеп, тіл тигізбеңіздер; ашуланбаңыздар; бос пікірталасқа түспеңіздер (Ары қарай, Алланың қалауымен, Ғаламтордағы егестің қаупі мәселесін толығырақ талқылаймыз).
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет күні құлдың амал таразысында көркем мінезден ауыр еш нәрсе болмайды».
Тағы бір қауіп мынада: кейде жас жігіттер мен қыздар «біз жай ғана сөйлесіп жүрген жоқпыз, «бір-бірімізді Исламға шақырып жүрміз» деп, өз-өздерін және бір-бірлерін алдап әлек. Олар дінді ұстанбайтын мұсылман бауырын намаз оқуға немесе мұсылман емес қызды Исламды қабылдауға үндеп жүргендерін тілге тиек етеді. Пенденің өз-өзін ақтап алуға бағытталған мұндай сылтаулар ─ бар көксегені адам баласын күнәға итермелеу болған шайтанның қулығы. Екі жастың жақын сөйлесуі олардың көңілінде бір-біріне деген сүйіспеншілікті оятуы әбден мүмкін. Сөйтіп, олардың сөйлесуі діни үндеудің шегінен шығып, виртуалды (кейде тіпті, өкінішке орай, шынайы) «махаббатқа» және жақын қарым-қатынасқа әкеп соғуы ғажап емес.
Егер біреудің Исламды қабылдауына немесе дін туралы білім алуына шынымен де көмектескіңіз келсе, сұхбаттасыңызды өзімен бір жыныстағы білетін адаммен таныстырыңыз. Сонда ғана, Алланың қалауымен, шынында да Аллаға ұнамды амал жасап, күнәның алдын аласыз.
Өмірлік серігіңізді Ғаламтор арқылы іздеуге тура келсе
Егер үйленетін (немесе тұрмысқа шығатын) уақытыңыз келген болса, бірақ, шынайы өмірде белгілі бір себептермен өзіңізге лайықты адамды таба алмай жүрген болсаңыз (мәселен, мұсылман емес адамдардың арасында тұрсаңыз немесе туыстарыңыз Исламды ұстанбайтын және сізге көмектесе алмайтын болса), сол себепті Желінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болсаңыз, сізге берер ақыл-кеңесіміз төмендегідей.
Біріншіден, Желіден өмірлік серігіңді іздеу жайында ислам ғұламасы былай жазады (ең алдымен ерлерге қатысты):
«Өмірлік серігіңізді басқа жолмен табуға мүмкіндігіңіз болмай, әлеуметтік желіге жүгінуіңізге тура келсе, төмендегі ақыл-кеңесімізді ұстанып, осы әдісті пайдалануыңызға болады:
• Жай ғана достасып, кездейсоқ қарым-қатынас жасауға емес, тек қана некеге тұруға ниеттенуіңіз қажет.
• Өзіңізді таныстыру кезінде толық атыңызды (лақап ат емес), нендей іспен айналысатыныңызды айтып, отбасын құратын ниетіңіз барын білдіріп, болашақ жарыңызға қоятын талаптарыңызды атап өтуіңіз тиіс. Әзілдесіп, қылымсудан аулақ болыңыз. Алға қойған мақсатыңыз бен күткен үмітіңіздің шынайы, ойға қонымды болуын қадағалаңыз, шыншылдық әрі адалдық танытыңыз.
• Егер бір-біріңізге суреттеріңізді көрсету қажеттілігі туындаса, суретіңіз біреуге көрсетуге лайықты болса ғана (ол суретте күлкілі немесе ерсі кейіпте болмасаңыз), онымен алмасуыңызға болады.
• Егер ол қызға сізбен сөйлесу қызықсыз болса немесе оның сізге лайықты жар болмайтынын сезінсеңіз, сөйлесуді дереу доғарыңыз.
• Бір-бірлеріңізге лайық екендеріңізді түсінсеңіз, онымен және оның отбасымен кездесіп, хиджаб ережелерін бұзбастан (мәселен, онымен оңашада кездеспей) неке мәселесін талқылау үшін шара қолдануға тиіссіз.
Өзіңіздің және Алланың алдында ниетіңіз адал болуы қажет және бұл танысуды харам етілген қарым-қатынас бастау үшін пайдаланбауыңыз керек» (мүфти Сухайл Тармахомед).
Бұдан ары қарайғы кеңестер қыз балаларға қатысты:
Біреумен танысып, сөйлесу кезінде абай болыңыздар. Сіз сұхбаттасыңызды көрмейсіз, танымайсыз, адам өзі жайында ойынан шығарып неше түрлі нәрсені айтуы мүмкін! Егер сұхбаттасыңыз:
- нағыз есімін, мамандығын, тұрғылықты жерін айтудан қашқақтаса (немесе нақты ештеңе айтпай, жалпылап айтса);
- тез арада некеге тұруға ұсыныс жасаса – бірақ, әке-шешеңізбен, туған-туысқандарыңызбен танысқысы келмесе;
- сізді өзінің туысқандарымен таныстырғысы келмесе және «Сіздің әке-шешеңіз мен туралы біле ме? Олар сіздің некеңізге келісімін берді ме?» деген сұрақтарға жауап беруден басын алып қашса;
- өз отбасын асырау, әйел, бала-шағасын қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы сұрақтарға жауап беруден жалтарса немесе нақты жауап бермесе;
- оның екінші әйелі болуыңызды ұсынса, бірақ, «бірінші әйелім білмейтін болсын» десе, – осының бәрі сақтануға себеп!
Сондай-ақ, мынаны жадыңызға түйіп алыңыз – скайп немесе виртуалды сөйлесудің басқа да құралдары арқылы жасалған неке жарамсыз болады!Ғаламтордағы күйеу жігітпен некеге тұруға бел бумас бұрын онымен шынайы өмірде міндетті түрде кездесу керек (оңашада емес, әрине), оны туған-туысқандарыңызбен таныстыруыңыз керек (және оның туыстарымен кездесуіңіз қажет); не болмаса, оның таныстары мен достарынан ол жайлы сұрап білуге тырысуыңыз керек.
Шын сондай болу ма, әлде солай көріну ме – біз әлеуметтік желілердеөзімізді нағыз мұсылман ретінде көрсетіп жүрміз бе?
Біз мақаланың басында әйгілі ғұлама Әли Джифридің (Алла оған жар болсын) сөзін жайдан-жай келтірген жоқпыз. Ол виртуалды өмірде парақшаларымызды Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұялмай көрсететіндей әдеп сақтауымыз керектігін айтты. Бөтен адамдар біздің парақшамызға кірсе, оны мұсылман адамның парақшасы деп айта ала ма? Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынымен де кенеттен біздің арамызға келіп, парақшаларымызға кірді деп көз алдымызға елестетсек (біздің амалдарымыз шындығында да оған көрсетіледі ғой, бұл жайында сенімді хадистер бар), ол не көрер еді? Музыкалық жазбалар мен бос, мағынасыз, тіпті күмәнді мағынадағы көркем фильмдер ме? Жас жігіттердің шаштарын жайып, ашық-шашық киінген қыздарды өздеріне дос қылып алып, олардың суреттерінің астына «лайк» қойып: «МашаАлла!», «Хас сұлу!», «Құлпырып тұрсың!» деп жазған мақтау сөздерін бе? Жұмыста корпоративтік сауық кешінде немесе мектепте бітіру кешінде арақ-шарап пен басқа да харам етілген нәрселердің арасында өздеріне махрам емес жігіттермен құшақтасуға жақын қалып тұрған қыздарды (немесе, керісінше, хиджаб кимеген әйелдердің арасында тұрған жігіттерді) ма? Ол бұған разы болар ма еді? Оның өз ізбасарларына үйреткені осы ма еді?
Желідегі дау-егес пен пікірталастар турасында
Жоғарыда айтылып кеткендей, Ислам мен ислам ілімін таратуда ғаламтордың пайдасы зор. Исламдық сайттар мен топтар ашып, үлкен ғұламалардың кітаптарын, мақалаларын, лекцияларын аударып; Исламды дұрыс ұстану жөнін үйретіп, адасушы ағымдар жайында ескертіп (олар көп жағдайда бұл іспен аз ғана сыйақыға, риясыз немесе, керек десеңіз, тегін айналысады), Исламға шақыру игі ісіне ат салысып жүрген мұсылмандарды Алла сый-сияпатқа бөлегей. Мұның бәрі мақтауға тұрарлық амал және, иншаАллах, Алла Тағаланың сауабына кенелтеді.
Алайда, сенімді білімді таратуға жағдай жасау басқа да, дін жайында сөз қозғау, ол түгілі, қарапайым білімің жоқ бола тұра, пікірталасқа түсу мүлде басқа дүние. Өкінішке орай, бұл ─ қазіргі кезде жас мұсылмандардың (әсіресе, жас жігіттердің) арасында кең етек жайған мәселе: жас жігіттер әуелі намаздағы «Фатиха» сүресін дұрыс оқуды үйреніп алмай немесе дәретті жөнді ала алмай жүріп, виртуалдық әлемде аянбастан уақыттарын егес, сөзталасқа құртып жатады.
Ондай пікірталастардың қауіпті болатын себебі көп:
• Біріншіден, адам кей нәрселерді білмесе, бар жасаған құлшылығы жарамсыз болуы мүмкін. Ол сол қажетті білімді үйренудің орнына қаншама уақытын текке өткізеді. Ажал құшқаннан кейін Алла Тағала оны қанша адамды дауда жеңіп шыққаны үшін емес, дәретін жөнді алмағандығы яки намзын дұрыс оқымағандығы үшін жауапқа тартады.
Тағы бір қауіптің мәні мынада: пікірталасқа түсушілер білімдері болмаса да, дауға араласады. Сол себепті, олар білімсіздікпен Исламға қатысы жоқ нәрсені дінімізге таңып қоюы мүмкін немесе, керісінше, Исламдағы міндетті болған нәрселерді діннен шығарып тастауы ғажап емес. Тіпті олар өздерін Исламнан шығаратын сөз айтып қоюы да ықтимал, Алла ондайдан сақтасын!
Имам әл-Ғазали «Ихья» кітабында былай жазады:
«Расында, қарапайым адам тек қана иман келтіріп, бойұсынушылық танытып, өзінің құлшылығымен және күнделікті тіршілігімен айналысып, білім жағын ғұламаларға қалдыруы қажет. (Шешім шығаруға хақы жоқ) қарапайым адамның ілім мәселесі жөнінде сөз қозғағанынан гөрі, зина және ұрлық жасағаны артығырақ.
Кәміл білімі жоқ бола тұра, Алла және дін жайында сөз қозғаған адам өзі күтпеген жерден күпірлікке түсуі мүмкін. Ондай адам жүзе алмастан теңіз тұңғиығына сүңгіген адаммен бірдей».
• Тағы бір қауіп мынада: адам өз мүмкіншілігін асыра бағалап, ақылы мен білімі өзінен жоғары біреумен (адасушы мұсылманмен немесе кәпірмен) пікірталасқа түсуі мүмкін. Ондай қарсылас қитұрқы сұрақтар қойып, оның өзінің ойын шатастырып жіберу қаупі бар. Соның нәтижесінде ол Исламның ақиқаттығына (немесе оның кейбір тұстарына) күмәндана бастауы ғажап емес. Бұл Исламда шынымен де ол сұрақтарға жауап жоқ деген сөз емес. Тек ол адам сол сұрақтардың жауаптарын білмеуі мүмкін.
Тағы бір маңызды жайт: өкінішке орай, біз пікірталас мәдениетін білмейміз. Пікірсайысқа түсушілер қарсыласымен сыпайы түрде сөйлесу керек деп таппайды, оған тіл тигізіп, жеке басының мәселелерін қозғап кетеді. Көп жағдайда олар бұл әрекеттерін «ол адасқан (ол түгілі, мұсылман емес)» дегенді тілге тиек етіп, сол үшін онымен жұмсақ сөйлесудің қажеті жоқ деп, өздерінің бұл әрекеттерін ақтап жатады. Алайда, Құранда Исламға шақыру жайында былай айтылған ғой:
«Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес» («Нахл» сүресі, 125-аят).
Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай ескерткен:
«Өзінікі дұрыс бола тұра, пікірталастан бас тартқан адамға жәннаттың төңірегінен үй берілетініне кепіл боламын, әзілдеп те өтірік айтпайтын адамға жәннаттың ортасынан үй берілетініне кепіл боламын және көркем мінезді адамға жұмақтың ең жоғарғы деңгейінен үй берілетініне кепіл боламын» (Әбу Дауд, сенімді қудси хадис).
Шамадан тыс пікірталас жүргізе берсе, жақсы адамның да мінезі өзгеріп кетуі ғажап емес – ол сабырсыз, өрескел, дөрекі болып кетеді; содан кейін ол пікірталасқа адасушы біреуді немесе кәпірді тура жолға бағыттау үшін емес, сол дауда жеңіске жетіп, сұхбаттасынан басым болу мақсатында (және ол жеңілсін деген тілекпен) түсетін болады.
Әбу Ханифаның өмірбаяны суреттелген кітапта төмендегі хикая келтіріледі.
«Әбу Ханифа кезінде ақиданың мықты білгірі болған. Ол сан түрлі адамдармен, кәпірлермен, сектанттармен пікірталас жүргізіп, оларды жеңіп отырған. Ал, оның ұлы кәлам ғылымымен, яғни, теология, ақида ғылымымен айналыса бастағанда, ол да пікірталасқа түсетін болған. Сонда оның әкесі Әбу Ханифа оған пікірсайысқа қатысуға тыйым салып, былай деген: «Біз пікірталасқа түскенде қарсыласымызға құрметпен қарайтынбыз; құдды төбемізде құс отырғандай сақтықпен пікірталас жүргізетінбіз. Өйткені, біз бір жолдасымыздың ағаттық жіберіп қоюынан қорқатынбыз. Ал, сендер пікірталасқа түскенде қарсыластарыңның қателесіп, күпірлікке түскенін қалайсыңдар. Қарсыласының күпірлікке түскенін тілеген адамның өзі одан бұрын күпірлікке түседі. Өйткені, ол діндегі бауырына такфир шығарғысы келді».
Кааб ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Ғұламалармен тең болу үшін, ақымақтармен дауласу үшін, сөйтіп, ел-жұртты тәнті ету үшін білім алған адамды Алла Отқа тастайды» (имам әт-Тирмизи).
Уақытты текке өткізбеңіздер!
Қорытындылай келе айтарымыз ─ уақыттың құндылығын естен шығармаңыздар! Компьютерге отырмас (планшетті, телефонды қолға алмас) бұрын: «Дәл осы кезде міндетті түрде Ғаламторға кіруім керек пе?» ─ деп ойланып көріңіз. Бәлкім, шынайы өмірде басқа да шаруаларыңыз бар шығар: үй тапсырмасын орындамаған шығарсыз, сабаққа, емтиханға дайындалуыңыз қажет шығар? Мүмкін, әке-шешеңіз немесе туған бауырларыңыз үй шаруасына көмектесуіңізді өтінген шығар? Ал, достарыңызға хабарласпағаныңызға немесе туыстарыңыздан немесе көршілеріңізден хабар алмағаныңызға қанша уақыт болды? Әлде, бәлкім, жұбайыңыз бен балаларыңыз жанындай жақсы көретін жақын адамының виртуалдық «достарын» қоя тұрып, соларға көңіл бөліп, тілдесуін, ойнауын, жай ғана қалдарын сұрауын күтіп жүрген шығар. Бәлкім, таза ауа жұтып, саябақта серуендеп қайтқан жөн шығар? Шынайы өмір әлі де бар, ол жайында ұмытпаңыз.
«Бес нәрсе келмей тұрғанда бес нәрсенің қадірін біліңдер: кәрілік келмей тұрғанда жастық шақтың қадірін, дертке шалдықпай тұрғанда денсаулықтың қадірін, кедейлікке ұшырамай тұрғанда байлықтың қадірін, жұмыс шықпай тұрғанда бос уақыттың қадірін, ажал келмей тұрғанда өмірдің қадірін».
«Қиямет күні құлдан төрт нәрсе сұралмайынша, оның аяғы жерден қозғалмайды: өмірін қалай өткізгені, жастық шағын неге сарп еткені, білімін қалай пайдаланғаны, дүние-мүлігін неге жұмсағаны».
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Муслима (Аня) Кобулова арнайы Azan.kz сайты үшін
Ата-анасының мейірімінсіз қалған жазықсыз бүлдіршіндерге қандай көмек көрсетсек те жарасады. Бұл орайда Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің қызметкерлерінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары күллі еліміздегі бауырларымызға үлгі-өнеге десек, қателеспейміз.
Жалаң сөзге салынбас үшін нақты деректер мен дәйектер келтіре кетелік. Мысалы, жақында жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, білімді де қажырлы азамат Асқар Мейрамбекұлы бірқатар жамағаттармен бірге облыс орталығындағы тәрбиеленіп жатқан жетім балаларды аквапаркке алып барды.
Содан кейін облыстық балалар үйінде балақайлардың құрметіне дастарқан жайылды. Олар өздеріне көрсетілген осынау қайырымдылық және ізгілік шараларына дән риза болып, жүздерінен қуаныштың лебі есті.
Бір тоқтала кетер жай, әңгіме арқауына айналған игілікті іске облыстық мешіт қызметкерлері мен киелі орынға жиі келіп тұратын жамағаттар демеушілік етті.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі