Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жұма күндері мешітке барып тұрамын. Бес уақыт намаз оқымасам да мешітке кіргенде дұғамды жасап, басымды сәждеге тигізіп бар көңіл-ниетіммен Аллаһқа жақындасам деген ойда боламын. Әйелдер бөлмесіне жұма күндері мұсылман апайлар мен қыздар көп жиналады екен. Бірақ сол әйелдердің бір-бірімен орынға таласып, ұрсысып қалатындары бар. Тіпті, сырт киімдері мен аяқ киімдерін кіре беріске тастамай, өзімен (төрге шықса да) қолымен ұстап жанына қоя салатын да апайларымыз бар екен. Сосын мешітке жасанып барудың не қажеті бар? Меніңше, көп әйелдер мешітке Аллаһқа жалбарынайын деп емес, керісінше, киген киімі мен өзін көрсетуге келетін секілді. Жалпы, әйелдерге мешітке барып намаз оқу міндет пе? Мұның жөнін айтсаңыздар екен? Майра, Алматы қаласы.
Хижап киюді Исламдағы ағым деп жүр. Осының анық-қанығы қандай?
Намазды бастарда қолды қай жерге дейін көтереміз?
Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды? Қысқартып оқымаса болмай ма? Себебі қазіргі таңда бұрынғыдай емес көлік бар. Жол жүрудің қиыншылығы аз емес пе?
Намаз оқылуы барысында балалардың кедергі келтіруі намазды бұза ма? (Мейірбек)
Пятница, 28 Сентябрь 2018 15:45

Тазалыққа иманның жартысы

Мешітке құлшылық-ғибадатын жасауға келген әрбір жамағатқа Алла үйінің әсемдігі мен тазалығы жағымды әсер қалдырып, кейінгі өскелең ұрпақтың үлгі-өнеге алуына себебін тигізері хақ.

img01

Осындай игі істі басшылыққа алған Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Қапарұлы әрқашан киелі орынның сыртқы және ішкі тазалығын басты назарда ұстап келеді.

Оның тікелей басшылығымен жақында мешіт ауласында сенбілік ұйымдастырылды. Осындағы имандылыққа бет бұрған жамағат та тазалық ісіне белсене атсалысты.

img01

Сөйтіп оларға мешіт қызметкерлері де қосылып, айналаны тазартып, ағаш бұтақтары тәртіпке келірілді. Олар арнайы көлікке тиеліп, тиісті жерге жөнетілді.

Сенбіліктен кейін жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді. Осы басқосуда имам жамағатқа уағыз-насиғат айтып, игі шараның жоғары деңгейде өткені үшін барлық ағайындарға шынайы алғысын жеткізді.

Ауызбірліктің арқасында мешіттегі шара жастарға өнеге болды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 28 Сентябрь 2018 15:37

Жастар ісі секторы

img01

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің «Жастар ісі секторының» жауапты өкілі Әлішер Ертайұлының қатысуымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жоғары оқу орындарының діни салауаттылық саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатындағы оқыту семинарына» қатысты.

img01

Семинар барысында, Әлішер Ертайұлы «Ел ішіндегі бірлікке кедергі болатын жайттар және білімге ұмтылу дегеніміз не?» тақырыбында лекция оқыды.

img01

Бұл семинардың басты мақсаты, Қостанайдағы жоғары оқу орындарындағы жастардың, сонымен қатар университет оқытушыларының діни сауатын арттыруға ықпалын тигізу.

img01

Алдағы уақытта мұндай мағыналы да мәнді семинар мен кездесулер өңірімізде одан әрі жалғасын табады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 20 Сентябрь 2018 17:00

Өкіл имам Арқалықта

Өкіл имам Арқалықта

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет Арқалық қаласында арнайы іс-сапарда болды.

Өкіл имам Арқалықта

Онда өкіл имам қаланың жақында тағайындалған Эльдар Қонысбайұлымен кездесіп қаладағы ахуалмен танысты.

Өкіл имам Арқалықта

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты студенттерімен «Рухани жаңғыру – білім мен тәрбие кілті» - атты тақырыпта тағылымды әңгіме өткізді. Кездесуде аталған жоғары оқу орнының ректоры Сейітбек Қуанышбаев жиналғандарға өкіл имамды таныстырып, оған сөз берді.

Өкіл имам Арқалықта

Бахытбек Нұрғабылұлы студенттеріді жаңа оқу жылымен құттықтай келе, егемен еліміздің болашағы – жастардың қолында, ол үшін үздік оқып, әрқашанда алғы шепте болулары керектігін еске салды.

Өкіл имам Арқалықта

Облыстың бас имамы сондай-ақ шаһардағы Нәзипа Құлжанова атындағы педагогикалық колледжге де ат басын бұрып, мұнда да жұртшылықпен жүздесті.

Өкіл имам Арқалықта

Бұл жерде жиналғандарға жалпы, ата-ананы құрметтеу, әдептілік, мейірімділік жайында тұшымды уағыздар айтты. Теріс ағымдардан аулақ болып, өмірде кездесетін барлық қиындықтарға шыдамдылық таныту қажеттігін тілге тиек етті.

Өкіл имам Арқалықта

Аталмыш басқосуларда өкіл имам өзіне қойылған барлық сауалдарға нақты жауап берді. Жүздесулерден кейін «Арқа дидары» телеарнасына «Ислам және отбасы» тақырыбында сұхбат берді.

Өкіл имам Арқалықта

Өкіл имам Арқалықта

Өкіл имам Арқалықта

Өкіл имам Арқалықта

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қарабалық ауданындағы Бөрлі ауылына мемлекеттік көші-қон бағдарламасымен Маңғыстау облысынан Үсеновтар отбасы тамыз айының аяғында көшіп келді.

img01

Отағасы Әділбек ауылдағы шаруашылықта механизатор болып жұмыс істейді. Ал жары Несіпкүл үй шаруасында. Отбасында үш ұл тәрбиелеп отыр. Осы орайда мешіт қызметкерлері сол отбасына арнайы барып, құтты болсын айтып сәлем берді.

img01

Алайда отағасы Әділбек ағамыз жұмыста екен. Несіпкүл апамыз оларды қуана қарсы алған. Сонымен қатар мешіттен келген өкілдер бұл жанұяға жылы лебіздер білдіріп, сый-сияпаттын жасады. Мешіттің алқа мүшесі Қуандық ақсақал батасын берді. Алдағы уақытта да өңірімізге басқа жақтан осы бағдарлама аясында отбасылар көшіп келді деп күтілуде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 16 Август 2018 11:56

Балахмет Әлішер Ертайұлы

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

Балахмет Әлішер Ертайұлы 1994 жылы 24- ші қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келді.

2001-2010 жылдары аралығында Қостанай қаласының «Сырбай Мәуленов» атындағы гимназиясында оқыды.

2010-2012 жылдары Қостанай ауданы, Затобол кентінің «Нұржан Наушабай» атындағы орта мектебінде оқып бітірді.

2012-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен үздікке бітірді.

2013-2016 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Жастар комитетінің» белсенді мүшесі болды.

2015 жылы құрылған Орта Азиядағы лаңкестікке қарсы құрылған жастар тобының белсенді мүшесі.

2016 жылдың шілде айынан бастап, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде наиб имам қызметін атқаруда .



Үйленген.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником