Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Сауал қоюшы

Сұрағы:

Намазды бастарда қолды қай жерге дейін көтереміз?

Жауап:

Ифтитах тәкбірінде екі қол құлақ дейгейіне дейін көтеріледі. Бұған байланысты көптеген хадистер бар. Солардың бірі: عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ -صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ- كَانَ إِذَا كَبَّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى يُحَاذِىَ بِهِمَا أُذُنَيْه Малик ибн әл-Хуайристен (р.а.) риуаят етіледі: «Аллаһ елшісі (с.а.у.) тәкбір алғанда екі қолын құлағының дейгейіне жеткенге шейін көтеретін еді.» Хадисті имам Муслим риуаят етті.[1]

Иә, қолды иық деңгейіне дейін көтерді деген риуаяттар да, жоқ емес. Алайда, ханафи ғалымдары бұлайша екі ұшты жеткен хадистердің бір-біріне қайшы еместігін, олардың арасын жамъ етіп, яғни біріктіріп түсінуге болатынын айтады. Мәселен, шейх мулла Әли әл-Қари өте танымал «Мухтасар» атты кітапқа жазған шарх-түсіндірмесінде тақырыпқа қатысты екі түрлі хадистерді келтіріп, былай дейді: «Құлақ деңгейінде немесе иық деңгейінде көтеруге қатысты риуаяттардың арасында қарама-қайшылық жоқ.

Бұған негіз мына хадис: رَوَى أَبُو دَاوُدَ عَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ: “أَنَّهُ أَبْصَرَ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حِينَ قَامَ إِلَى الصَّلَاةِ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى كَانَتَا بِحِيَالِ مَنْكِبَيْهِ وَحَاذَى بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ”. Имам Әбу Дәуіт сахаба Уаил ибн Хужрдың Пайғамбарды (с.а.у.) намазға тұрғанда екі қолын иығының деңгейіне жеткенше және екі бас бармағы құлағына жеткенше көтергенін өз көзімен көргендігін риуаят етеді.[2] Екі басбармақтың құлақтың жұмсақ етіне жеткізілуі қажеттігін айтқан адам анығында екі риуаяттың арасын ұштастырып, екеуін бір мағынада түсінген болып табылады. Осылайша, бұны негізге алу тағы да нақтыланып тұр. Себебі, «екі басбармақты құлақтың жұмсақ етіне теңестіру керек» деген сөз екінші бір жағынан «қол иық пен құлаққа дейін көтеріледі» деп айтуға да ыңғай береді.

Өйткені, қолымыздың білезікке дейінгі бөлігі иығымызбен теңескенде немесе оған жақындағанда қолдың білезіктен бастап саусақ ұшына дейінгі бөлігі құлақпен теңеседі».[3] Мұнымен қоса қолды құлақ деңгейіне дейін көтеруді міндеттейтін мына бір риуаятқа назар аударуларыңызды өтінеміз: رَوَى الْحَكَمُ بْنُ عُمَيْرٍ قَالَ كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُعَلِّمُنَا : “إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَارْفَعُوا أَيْدِيَكُمْ وَلَا تُخَالِفْ آذَانَكُمْ … “. رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ وَرَوَاهُ الدَّارَقُطْنِيُّ فِي سُنَنِهِ بِإِسْنَادٍ رِجَالُهُ ثِقَاتٌ. Хакам ибн Умайр айтады: Алла елшісі (с.а.у.) бізге былай деп үйрететін: «Намазға тұрғандарыңда қолдарыңды көтеріңдер, әрі қолдарың құлақтарыңнан айнымасын (міндетті түрде құлақ деңгейінде болсын)». Хадисті имам Тобарани және имам Дарақұтни өзінің «әс-Сунан» атты кітабында сенімді рауилер тізбегімен риуаят етеді. Яғни, бұл хадис сахих.

Ханафи мәзһабында намазды бастағанда қолды құлақ деңгейіне дейін көтеру сүннет, ал басбармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізу – мустахаб (жақсы) амал болып табылады. Әли әл-Қари басбармақты құлақтың жұмсағына тигізу ісінің қолды құлақ деңгейіне дейін көтерілгеніне сенімді болу үшін орындалатынын айтады.[4] Яғни, «басбармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізу» ісі «қолды құлақ деңгейінде көтеру» сүннетін орындауға көмекші құрал болып табылады. Сұрақ: Әйел адам намазда қолын қай жерге дейін көтереді? Жауап: Әйел адамның қолын иық деңгейіне дейін көтеруі сүннет.

Себебі, бұл әйелдің әуретін жасыруға ең қолайлы амал.[5] Сондай-ақ, бұған мына төмендегі хадис және басқа да хадистер дәлел бола алады: عَنْ عَبْدِ رَبِّهِ بْنِ زَيْتُونَ قَالَ « رَأَيْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ تَرْفَعُ كَفَّيْهَا حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا حِينَ تَفْتَتِحُ الصَّلَاةَ » Абду Роббиһ ибн Зәйтун айтады: «Мен Уммуддарданың (р.анһа) намазға бастағанда екі қолын (білезік пен саусақ ұшы аралығындағы бөлігін) иығына дейін көтергенін көрдім».[6] Сұрақ: Намазда қолды қанша рет көтереміз? Жауап: Қолдар намазда тек ифтитах тәкбірінде ғана көтеріледі. عَنْ عَلْقَمَةَ قَالَ “قَالَ عَبْدُ اللهِ [ بْنُ مَسْعُودٍ ] : “أَلَا أُصَلِّي بِكُمْ صَلَاةَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ؟” فَصَلَّى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِلَّا فِي أَوَّلِ مَرَّةٍ”. [ قَالَ ] وَفِي الْبَابِ عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ. قَالَ أَبُو عِيسَى حَدِيثُ ابْنِ مَسْعُودٍ حَدِيثٌ حَسَنٌ وَبِهِ يَقُولُ غَيْرُ وَاحِدٍ مِنْ أَهْلِ الْعِلْمِ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَالتَّابِعِينَ وَهُوَ قَوْلُ سُفْيَانَ [ الثَّوْرِيِّ ] وَأَهْلِ الْكُوفَةِ. Алқамадан риуаят етіледі. Ол айтты: «Абдуллаһ ибн Масғұт (р.а.) былай деді: «Мен сендерге Аллаһ елшісінің (с.а.у.) намазындай намаз оқып берейін бе?» – деп, намаз оқыды, әрі қолын тек намаздың басында ғана көтерді.»

Бұл хадисті Тирмизи риуаят етіп, былай деді: Бұл тақырыпта әл-Бара ибн Азиптен де бір хадис жетті. Әбу Иса (Тирмизи) айтты: «Ибн Масғұттың бұл хадисі хасан (жақсы) хадис. Бұл ойды (яғни, қол тек намаздың басында ғана көтеріледі деген ойды) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабалары және табиғиндерден көптеген адам айтқан. Сондай-ақ бұл Суфян мен Куфа ғалымдарының да сөзі.» Ғұлама ғалым Зафар Ахмет әл-Усмани: Бұл хадистің рауилері Имам Муслимнің рауилері болып табылады (яғни, хадис сахих).[7] – дейді. Өздеріңіз байқағандай аталмыш хадиске имам Тирмизи «хасан» деген баға бергенімен, оны сахих деп бағалауға да болады. Себебі, бұл хадисті жеткізуші рауилер Муслимнің «әс-Сахих» атты еңбегінде де кездеседі.

Имам Муслим дәл сол рауилерден алған басқа хадистері сахих деп бағаланып, оларды өзінің «әс-Сахих» деп аталатын сахих хадистер жинағына енгізген. Міне енді дәл сол рауилер жеткізген жоғарыдағы Абдуллаһ ибн Масғұттың хадисі де неге сахих болмасқа?! Сондай-ақ, ол хадисті хасан деп бағаласа да, ол кемшілік емес. Себебі, хасан хадис те шариғат амалдарына негіз бола алады. Сұрақ: Тәкпір алу үшін қол көтергенде алақанды қайда қаратамыз? Жауап: Қолды құлақ деңгейінде көтергенде екі алақан да қыблаға қарауға тиіс.

Себебі, қыбла шарапатты жақ. Бұл істе фиқһшы ғалымдардың өзара келісімі бар.[8] Себебі, бұған қатысты мынандай хадис риуаят етілді: عَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “إِذَا افْتَتَحَ أَحَدُكُمُ الصَّلَاةَ فَلْيَرْفَعْ يَدَيْهِ وَيَسْتَقْبِلْ بِبَاطِنِهِمَا الْقِبْلَةَ …”. Абдуллаһ ибн Омар (р.анһума) айтады: Аллаһ елшісі (с.а.у.) былай деді: «Іштеріңде біреуің намаз бастағанда екі қолын көтерсін және екі алақанын қыблаға қаратсын».[9]

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником