Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Міне, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздік мерекесіне де санаулы ғана айлар қалды. Биыл осы мейрамның 30 жылдығын атап өтеміз.

Сонымен қатар биыл Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.ғ.с) туған күні мәуліт те осы күндерге сәйкес келді. Осының бәрін алдын-ала жоспарлаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі мұрындық болып, аталған аудан өңірінде тұңғыш рет ұлттық ат спорты көкпардан сайыс ұйымдастырды.

Оған қолдау білдірген Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов, «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрлан Сыздықов және Құсмұрын елді-мекенінің жамағаттары қаржылай көмек бергенің ерекше атап өткеніміз жөн.

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Жарыстың өтетіндігін естіген болар, жергілікті бауырларымыз көп жиналды. Өңір бойынша алпыстан астам шабандоздар қатысып, бақтарын сынады.

Осы жарыстың басы - қасында кезінде КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, марқұм Ораз Сейдахметовтың сүйікті ұлы, есімі елімізге танымал шабандоз Бақдаулет Асан болып, жарыстың жоғары деңгейінде өтуіне ықпалын тигізді. 

Жарыс болған жерде жеңімпаз да жарқырап көрінетіндігі белгілі. Өздерін нағыз спорттық бабында екендігін көрсеткен шабандоздарға қаржылай сыйлық салтанатты түрде тапсырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 03 Ноябрь 2021 16:19

Бас имам ректормен кездесті

Жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлеткеттік өңірлік университетінде болды.

Онда осы аймақтағы іргелі оқу-орнының ректоры Алма Іргебайқызы Досжановамен жүздесті. Кездесу барысында олар алдағы уақытта облыстық мешіт пен университеттегі жастар арасындағы рухани, адамгершілік, тәрбие және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысты барынша жандандыруға келісті.

Көпшілікке мәлім, облыстық мешіттің жанындағы Әлішер Ертайұлы жетекшілік ететін «Жастар ісі секторының» атқарған істері жылдан жылға қарқын алып, жастар арасында қолдау тауып келеді.

Жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында болашақ маман иелерін яғни студенттерді теріс ағымнан сақтандыру, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміздің жаңғырту, дініміз бен тілімізге құрметпен қарау жайы әңгіменің өзегіне айналды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 01 Ноябрь 2021 12:52

200 отбасына

Қазақстан мұсылмандары діни басөқармасының Қостанай облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері өткен қазан айында да қажырлы еңбек етіп, өңірдегі көмекке мұқтаж жандардың алғысына бөленді.

Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, наиб имам Бақытжан Икрам өткен қазан айында жалпы облыс бойынша тек ғана мешіттерден 200 отбасына қайырымдылық шаралары жасалды.

Атап айтқанда азық-түлік қржындары мен киім-кешек те табыс етілді. Сондай-ақ жолда қалып қойған азаматтардың да өтініштері қанағаттандырылып, қаржылай жәрдем көрсетілді.

Жалпы, аталмыш шараларғы барлығ 1 млн 539 мың 100 теңге қаражат жұмсалды. Бұл орайда өңірдегі жүрегі жомарт демеушілердің белсенділік танытқандықтарын атап өткен жөн дейді Бақытжан қажы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 01 Ноябрь 2021 11:48

Рудный: Өркендеу коды

Рудный қаласындағы №19-шы мектепте «Мәдениет – ұлттық қайта өркендеу коды» атты жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуді жас маман тарих пәні мұғалімі Қабылдина Гүлмира жүргізіп, «Рудный қаласының Нұр» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиевке сөз берді.

Бас имам өз сөзінде: «Мәдениет – діннің төл перзенті десек-те болады. Мәдениет - жеке тұлға мен қоғамның ар-ұятының айнасы. Бұған адамзат дін арқылы ғана қол жеткізе алады. Дін жоқ жерде көркем мінез бен парасаттылық жайлы сөз қозғау, пікір таластыру да қиын. Өйткені, көркем мінез бен мәдениеттің қайнар көзі – ар-ұждан. Сол ар-ұжданды басқаратын жалғыз нәрсе, ол Алла тағаламен байланыста тұратын дін. Халқымыздың мәдениеті де Хақ Тағаладан келген асыл дінімізбен біте қайнасқан» - дей келе әңгімесін жас ұрпақ тәрбиесіне бұрды. Адалдық, мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік жалпы әдептілікке байланысты мазмұнды ойымен бөлісті.

Кездесуге арнайы қатысқан мектеп директоры Гүлжазира Ғинаятқызы да айтылған насихаттарды қолдап, тақырыпқа сай өз ойын да жан-жақты жеткізе білді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 01 Ноябрь 2021 11:45

Тобыл: Халықпен тығыз байланыста

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, келелі де рухани нәр берер сұхбатттарын одан әрі жалғастыруда.

Бұл сөзіміздің нақты айғағы ретінде кезекті сапарында Мичурин және Заречный елді-мекендерінде болып, жергілікті азаматтармен жүздесті. 

Онда Дархан Манарбекұлы ислам діні мен адам бойындағы ең ізгі қасиеттер - адалдық, адамгершілік және басқа да тәрбиелік мәні зор тақырыптар бойынша уағыз айтты.

Осы ауылдардағы басқосуларға мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов та қатысты. Кездесулер өте әсерлі өтті. Қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником