Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің найб имамы Ерік қажы Ыбырай Кәмшат Дөненбаева атындағы ауыл шаруашылық колледжінің екінші және үшінші курс студенттерімен Ихсан бағыты аясында имани кездесу өткізді.
Жастар оның маңызды тақырыпқа арналған әңгімесін мұқият тыңдады. Содан кейін өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.
Жүздесудің соңында олар өздеріне арнайы келіп, қазіргі таңдағы өте қажетті де мазмұнды, тағылымды әрі ғибратты ой-пікірлері үшін Ерік қажыға шынайы алғыстарын білдіріп, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қалың жұртшылыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды Ихсан жылы деп атағаны белгілі.
Оны Бахытбек қажы бастаған аймақтағы дін қызметкерлері де қолдап, бірқатар игі істерді жүзеге асырды. Соның бір жарқын айғағы ретінде облыстық мешітте конференция ұйымдастырылды. Іс-шара Құран оқумен басталды. Оған көрнекті ақын Ақылбек Шаяхмет, танымал ғалым Қалқаман Жақып, аталған имандылық ордасы жанындағы алқа мүшелері, аудан мен қалалардың имамдары қатысты.
Жиында Бас мүфтидің тікелей бастамасымен жарық көрген «Ихсан рухани тәрбие негізі» деп аталатын қос тілде және «Толық адам» атты кітаптардың тұсауы кесілді.
Осы басқосуда құнды еңбектердің лентасын қиған Ақылбек Қожаұлы «Ихсан» сөзінің терең мәні мен мазмұнына, оның оқырман мен мұсылман бауырларымызға берер тағылымы және басқа да өзіндік ерекшелігіне жан-жақты тоқталса, ал Қалқаман Хасенұлы жүрек дерттері жайлы ойлы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, адам бойындағы көркем мінез бен өзге де қандастарымызды ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа бастайтын тәрбиелік жақтары жөнінде әңгіме өрбітті.
Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы конференцияны қорытындылай келіп, жиынның мәртебелі қонақтары Ақылбек Шаяхмет пен Қалқаман Жақыпқа Алғыс хаттарды табыс етті.
Сонымен қатар ол конференцияда қозғалған тақырыптың өте өзекті екенін, осы бағытта алдағы уақытта да тыңғылықты жұмыстар атқарыла беретіндігін айтты. Барлық қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, қызметтерінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Денисов аудандық "Жұма" мешітінің ұжымы жергілікті жамағатты имандылық пен парасаттылыққа, ізгілікке, адалдыққа баулып, асыл дініміздің құндылықтары мен рухани нәріне сусындатып келеді.
Бұл күндері жаңадан жөндеуден өткен имандылық ордасына келушілер де аз емес. Мешіттің бас имамы Руслан Маратұлының іскерлігінің арқасында жүзеге асырылған жарқын істер тілге тиек етерліктей.
Ғимараттың қазіргідей тартымды да жұрт назарын аударарлықтай деңгейге жетуіне мұсылман бауырларымыз, жүрегі жомарт жандар мен демеушілер өздерінің лайықты үлесін қосты.
Жалпы, мешіттегі жөндеу жұмыстары осы жылдың күз айында басталып, дер кезінде аяқталды. Мәселен, имандылық ордасының ауласы қақпамен толық қоршалды.
Сондай-ақ мешіт баспалдағы күрделі жөндеуден өтіп, арнайы тұтқалармен бекітілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылды. Сөйтіп, қысқа мерзімде пайдалануға беріліп, аудан тұрғындарын үлкен қуанышқа бөледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қалалық"Жайлаубай ата"мешітінің наиб-имамы Ерлан Сыздықов және ұстаз Темірлан Бақай Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттермен кездесті.
Өңірге белгілі жоғары оқу орнында білім алып жатқан жастармен болған бұл басқосуда патриоттық тақырып арқау болды. Мұндағы үш топпен жүздесу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Мешіттің білікті мамандары кездесуде еліміздің өміріндегі ең құнды да қастерлі тәуелсіздік жайлы әңгіме өрбітті. Студенттердің қойған сауалдарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Тобыл қаласы орталығындағы «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы және найб имам Азамат Серікбайұлы Қостанай ауданына қарасты Мәскеу және Озерный ауылдарында болды.
Олар сапар барысында селолық округ әкімдерімен кездесіп, елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті халықпен дін, адалдық жөніндегі өзекті тақырыптарды қозғады.
Бұл жүздесулер өте әсерлі өтті. Жиналған жұртшылық білікті мамандардың дін насихаты жайлы ой-пікірлерін тыңдап, өздерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Дархан Сыздықов жаңа қызметке кіріскелі бері бірқатар қордаланып қалған жұмыстарды тындырды. Мешіттің ішіндегі бөлмелерді жөндеуге ерекше көңіл бөліп, имандылық пен ізгілік жайлы қаншама іс-шаралар өткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Ұзынкөл ауданында іс сапарда болды.
Алдымен ауданда ұйымдастырылған қазақша күрестен өткен жарыста бағын сынаған палуандарға сәт сапар тіледі. Осынау шеберлік пен бап сыналар сайысқа 80 жасөспірім қатысты.
Жарыс болған жерде жеңімпаздар да топ жарады. Онда Нұрлан Әміреш Бас жүлдені жеңіп алып, түйе палуан атанды. Оған жүлдеге ақ қошқар табыс етілді.
Күрес қорытындысында бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген жас палуандарға арнайы дайындалған медальдар тапсырылды. Барлық қатысушылар сый-сияпат пен құрметке бөленді.
Сапар барысында аса маңызды басқосулар мен кездесулердің ажарын кіргізіп, жиналған қауымды алдағы қазақ халқының өміріндегі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Ұлы мерекенің құрметіне дастарқан жайылып, ас берілді. Онда да жеңімпаздардың атына жылы лебіздер айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін «Қайырымдылық және Зекет қоры» өткен қараша айында талмай жұмыс істеп, өңірде қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетті.
Осы арада сөзіміз нақты болу үшін деректер мен дәйектерге сүйенелік. Мәселен, аймақ бойынша 90 адамға азық-түлік таратылды. Бұл мақсатқа 1 млион 810 теңге жұмсалды.
«Қолы ашықтың - жолы ашық» демекші, қор басшысы Бақытжан қажы демеушілер мен қаржылай көмек көрсеткен жүрегі жомарт жандарға айтар алғысы шексіз. Алла разы болып, істері алға баса берсін деген тілекте.
Қостанай облыстық мешітініңбаспасөз қызметі
Қостанай облыстық мешітінің «Әйел-қыздар секторы» ұстазы Халим Жансаяның ұйымдастыруымен «Құран хатым» дұғасы жасалды. Онда қатысушылар өздерінің жақындарына дұғадан бағыштады.
Сондай-ақ, киелі орындағы сауат ашу курсын тәмәмдаған шәкірттерге сертификат тапсырылды. Бұл олардың өміріндегі есте қаларлық сәттердің бірі екені даусыз.
Осы шарада ұстаз Жансая Салауатқызы Құран Кәрімнің қасиеті жайында уағыз-насихат айтып, оны жұртшылық ұйып тыңдады.
Кеш соңында шарға қатысушылар бір-біріне сыйлық ұсынып, дастархан басында тәтті шәй ішіп тарқады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен сенбіде Қостанай облысындағы Қарабалық ауданына қарасты Бөрлі ауылында намазхананың ашылу салтанаты болып өтті. Оған жергілікті халық көп жиналды.
Сонау 90-жылдардың басында бой көтеріп, бірнеше жыл жұмыс істеген киелі орын кешегі тоқырау кезеңінде жабылып қалған-ды. Бұл, әрине, жергілікті жұртшылықтың арқасына аяздай батты.
Содан бері біраз уақыт өтті. Халықтың ислам дініне деген ынта-ықыласы артты. Сөйтіп, олар имандылық ордасының қайтадан ашылуына бастама көтеріп, түрткі болды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан басшыларының қолдауымен ауыл тұрғындары, жүрегі жомарт жандар, еліміздің түкпір-түкпірінде ғұмыр кешіп жатқан құтты қоныс тумалары атсалысып, қолға алған игілікті іс ойдағыдай жүзеге асырылды.
Айтулы шараға Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қатысып, ауыл тұрғындарына жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімі Руслан Халықов та жерлестерінің өміріндегі қуаныштарына ортақтасып, құттықтады.
Сонымен, 22 жылдан бері жабық тұрған намазхана есігін айқара ашты. Салтанаттың соңында ауылдың қадірменді ақсақалдары Ақатай қария мен Жақсылық қажы ақ баталарын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне де санаулы күндер қалды. Ол біздің мемлекетіміздің өмірінде ерекше орын алады.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан жылы» аясында облыстық деңгейде мешіт жамағаттарының ынтымақ-бірлігін нығайту, егемендігіміздің қадыр-қасиетін арттыру, оның мән-мағынасын өскелең ұрпақтың саналарына сіңіру мақсатында спорттің волейбол түрінен жарыс болып өтті.
Оның барысында жоғары шеберлік көрсетіп, көңілдегідей ойын өрнегін танытқан Лисаков қаласындағы «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Ал, екінші орын Әулиекөл ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің, үшінші орын Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің командаларына бұйырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегелерге лайықты марапат жасалып, естелікке сыйлықтар табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі