Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Бейімбет Майлин атындағы ауданда іс-сапармен болды. Ол Әйет ауылына атбасын бұрып, жергілікті Сапар Ерғалиев атындағы орта мектептің кітапханасында мұғалімдермен кездесті.
Жүздесу дөңгелек үстел басында өткізілді. Онда рухани байлықтың қайнар көзі болып табылатын «Кітап оқудың қоғамға пайдасы» деген тақырып қозғалды.
Тілге тиек етілген өзекті мәселе кімді болсын толғандырмай қоймайды. Өйткені, ғаламтор мен ұялы телефондар кітаптың орнын ешқашан да толтыра алмасы ақиқат.
Кездесуде ұстаздар көкейде жүрген сауалдарын қойды. Бас имам әңгіме барысында өзіндік ой-пікірлерін күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі