Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында студенттер жатақханасында жастармен кездесті.
Бас имам студенттерге салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дініміздің негізгі құндылықтары жөнінде насихат айтып, тұшымды пікірін ортаға салды.
Басқосуға жергілікті институттың, медициналық және гуманитарлық колледждердің студенттері қатысты. Осындай жүздесуде маңызды әңгіме өрбіткен имамға алғыстарын жеткізді.
Бас имам жатақхананың тәрбиешілері Қ.Жайлаубаева мен Б. Жұпарбекке мұндай тағылымды жиынды ұйымдастырғандары үшін дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі