Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 12 Январь 2022 13:59

Арқалық: Біз біргеміз

Қазіргі елімізде уақытша орын алған төтенше жағдай кезінде бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту әрбір жүрегі халқым мен мемлекетім деп соғатын азаматтың міндеті.

Соның бірі нақты айғағы ретінде Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлының жасап жатқан ісін айтуға болады.

Ол Арқалық - Нұр-Сұлтан бағытындағы блок бекетінде және Арқалық- Жолдама, Амангелді, Торғай тас жолындағы қаланы қырағылықпен күзетіп тұрған полиция қызметкерлерімен кездесті.

Ел қауіпсіздігін сақтауға орасан үлес қосып жатқан құқық қорғау саласындағы жігіттерге буы бұрқыраған ыстық құрт көже мен бауырсақты жеткізіп, ілтипат танытты.

Соныммен бірге осындай қыстың қымызы қаланы тазалап жүрген тазалықшыларға да жасалды.

Бас имамның осы адамгершілік қасиеттерін айқын сезінген полиция қызметкерлері мен қала тазалаушылар өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық мешіттерде Құран хатым дұғасы жасалды. Сауапты шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі құлшылық ордалары біріге үн қосып, бүгін бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.

Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері Құран хатым дұғасына қатысып, Отан қорғау жолында опат болған сарбаздарымыз бен бейбіт тұрғындардың рухына Құран бағыштады. Мемлекетіміздің Көкбайрағы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.

Сауапты шарадан соң тілшілер қауымына берген сұхбатында Бас мүфти: «Біз өткен желтоқсан айында 2022 жылдың жұмыс жоспарын бекітіп, «1 күнде – 1 Құран хатым» жобасын қолға алған болатынбыз. Мақсатымыз – күн сайын Құранды толық оқып, еліміздің ертеңі үшін құрбан болған бабаларымыздың рухына бағыштау. Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнінде Отан үшін жанын берген азаматтарымыздың рухына арнайы Құран хатым дұғасын бағыштадық. Алла қабыл етсін!

Оқиға кезінде оққа ұшқан бейбіт тұрғындарды Алла мейіріміне алғай. Жаратушы Иеміз жарақат алған жандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз. Қиын сәтте әр азамат бірлігін танытып, өз тарапынан қолдау көрсетуде. Біз, дін қызметкерлері де күн сайын дұға жасаудамыз», – деп атап өтті.

Понедельник, 10 Январь 2022 14:36

Арқа хабары

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы жаңа жыл қарсаңында аймақтағы Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітіне арнайы барды.

Онда жергілікті жамағатпен кездесіп, жұма намазының алдында уағыз айтты. Намаздан кейін жиналған қауымға бата беріп, аса маңызды тұрақтылық, ыждағаттылық және ауызбірлік хақында тілге тиек етті. 

Сондай-ақ ол осы сапарында Жангелдин аудандық «Оспан қожа әулие» мешітіне де ат басын бұрып, жамағатпен жүздесті. Мұнда көпшілікке ынтымақ пен бірлік жайында әңгімеледі. Жиналған намазхан мен жамағаттар дін қайраткеріне дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 31 Декабрь 2021 10:31

Көрнекті ақынмен жүздесті

Үстіміздегі жылы өңірімізде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты қаншама қандастарымызға берері мол шаралар ұйымдастырылды.

Соның бірі жақында ғана Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылындағы мешітте Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, ғалым, драматург Ақылбек Шаяхметпен болған кездесу дер едік. 

Есімі республикамызға белгілі қаламгердің ұлағатты сөздері жүздесуге қатысушы жастарға рухани нәр беріп қана қойған жоқ. Олардың алдағы жарқын өмірлеріне де өзінің игі әсерін тигізгендігі айдан анық.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 31 Декабрь 2021 10:29

Жеңімпаздарға сый-сыяпат жасалды

Таяуда облыс орталығына жақын орналасқан Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылында волейболдан жарыс болып өтті. Оған, негізінен, елді мекеннің және көршілес ауылдардағы мешіт жамағаттары да қатысты.

Сайыс өтіп бара жатқан жылы 180 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өткен даңқты жерлесіміз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Ойыншылар тиянақты дайындықтарын көрсетті.

Оны тамашалаған азаматтар үлкен әсер алды. Жарыс соңында жеңімпаз топқа құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды. Сөйтіп, ауыл тұрғындары салауатты өмір салтын ұстануға айрықша көңіл бөліп жатқандықтарын танытты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 31 Декабрь 2021 10:24

Алғыс хаттар табыс етілді

Өңіріміздегі барлық мешіттерде өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы атқарылар міндеттер айқындалып жатқаны көпшілікке белгілі.

Мәселен, жуырда Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымында да жиын болып, онда биылғы халық мүддесі үшін тындырылған игі істер әңгімеге арқау болды.

Онда бас имам Нұрхан Асанұлы жыл бойы өз мамандықтарына барынша адалдықпен қарап, біліктілік пен іскерлік танытқан азаматтарға Алғыс хаттар тапсырып, сый-сыяпат жасады.

Сондай-ақ, қызметкерлер үшін арнайы дастарқан жайылып, Марат қажы барлық қатысушыларға ақ батасын берді. Осы басқосуда болашақта да жұмысты жандандыру жайы айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 29 Декабрь 2021 11:04

Қайырымдылық - ізгі қасиет

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықов қайырымдылық адам бойындағы ең ізгілікті қасиеттердің бірі деп есептейтін иман жүзді азамат.

Ол аталған имандылық ордасына басшы болғалы бері бірқатар кейінгілерге өнеге боларлық игі істерге мұрындық болғандығын ерекше атап өткеніміз жөн.

«Алтын алма, алғыс ал» деген аталы сөзді ұстанатын дін қайраткері жетекшілік ететін ұжым жуырда ғана 5 көмекке зәру отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін табыс етті. Олардың ризашылығында шек болған жоқ.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов өзі басқаратын ұжымдағы негізгі міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың еңбегін бағалауға айрықша көңіл бөледі.

Жуырда жыл қорытындысын шығара келіп, әрдайым жұртшылық құрметіне бөленген қызметкерлерге Алғыс хат тапсырып, мерейлерін асқақтатты.

Қазақ "Бірлік бар жерде тірлік бар" дейді емес пе. Мешітке жамағаттардың ықыласы ерекше болса, мұндағы ынтымақ пен сыйластықтың нәтижесі дер едік.

Жиын соңында Бақыт қажы ақ батасын беріп, барша марапат иелеріне мықты денсаулық, халық игілігі жолындағы қызметтерінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 29 Декабрь 2021 10:57

Тобыл: Өзекті мәселе

Жуырда Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Азамат Мурзаканов Тобыл қаласындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Ол мұнда қазіргі таңдағы өзекті мәселе экстремизм және терроризм тақырыбы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Жастарға теріс ағымдардан сақ болу және оның алдын алу жөнінде тілге тиек етті.

 Қысқасы, колледжде білім алып жатқан болашақ мамандық иелері оның сөзін ерекше ден қойып тыңдады. Өздерін толғандырып жүрген сауалдарға тиянақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Таяуда Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің қолдауымен “ Дені саудың – рухы сау ” атты мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

Бұл салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыста аталмыш мешіттің бас имамы Жандарбек Амирхамзин қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жамағаттар арасында “Бірлік” тобы бірінші, “Сұңқар” тобы екінші, “Достық” тобы үшінші орынды иеленіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сайысқа қатысушы жамағаттардың құрметіне дастарқан жайылды. Уағыз-насихат айтылды. Бас имам жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником