Өңіріміздегі Қостомар ауылында мешіт құрылысына көмек беру мақсатында «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Оған қонақ ретінде Қостанай облысы мен республикамызға танымал өнер майталмандары және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы қатысты.
Кеш өте тартымды өтіп, жұртшылық ұмытылмас рухани азық алды. Ұйымдастырушылар мұндай игі іс-шаралардың алдағы уақыттарда да жалғасын табатындығына нық сенімді.
Жиын барысында бас қосқан қауым жаңа салынып жатқан мешіт құрылысының басына барды. Онды дұға жасалып, ізгі тілек айтылды. Ауыл жамағаты мен сыйлы қонақтарға ауызашар беріліп, тарауих намазы оқылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі