Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы қызметке кіріскелі бері талай игі іске мұрындық болып, көмекке мұқтаж жандардың қуанышына ортақтасты.
Ұлық мереке Құрбан айтқа байланысты да қайырымдылық шара ұйымдастырды. Ол Ардақты Пайғамбарымыздың «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, дұшпандықты кетіреді» деген өсиетін басшылыққа алды.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде мешіт жанашыры Расул Абайұлы бауырымыздың демеушілігімен бір күнде ата-анасынан айырылған Нұрислам есімді оқушыға ноутбукт сыйға тартылды жәнеде 25 000 тг қаржылай көмек көрсетілді.
Жаны ізгі азаматтардың ыстық ықыласына бөленген Нұрислам алғысын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі