«Дорстрой материял ХХІ» ЖШС Директоры Марченко Владимир Анатольевич мырза Республикалық "Біз біргеміз" акциясының аясында Тобыл кентінің "Ажар" мешітіне құны 3000000 (үш миллион) теңге тұратын 5 қабатты үйдің 1 қабатынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді. Ол пәтерді Арафа күні Ажар мешітіне ТОО «Дорстрой материял ХХІ» Директорының орынбасары тапсырды.
Кілтті тапсыру салтанатына Б.Майлин аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, жергілікті Тобыл кенті әкімінің бірінші орынбасары Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы арнайы келіп, Ажар мешітінің имамына үйдің кілті табыстау сәтіне қатысты. Ауданымыздың бас имамы Нураханов Аязбек Жумабайұлы Қостанай облысының бас имамы Бақытбекқажы Тәжімбеттің Құттықтауы мен алғысын жеткізе отырып, үй алып беруге көмек сұрағанымызда жауапсыз қалдырмай көмектесіп үй алып беруші мекеме басшыларына және ұйымдастырып, жанашырлық танытып басы- қасында жүрген аудан әкімшілігі мен «Нұр Отан» партиясының басшыларына рахметін білдірді. Қасиетті Арафа күнгі Алла разылығы үшін мешітімізге жасалған сыйлықтарыңыз, тілеген жақсы тілектеріңізді Алла өзі кабыл етсін деп дұғасын жасады. Келген мешіт жамағаттары да өз ризақшылықтарын білдіріп, үй алуға себеп болған барша азаматтарға рахметін айтып жатты.
Соңында аудан имамы Нураханов Аязбек Жумабайұлы үй алып беруші мекеме басшыларына алғысын білдіріп Бұрынғы Мүфтиіміз болған Әбсаттар қажы Дербісәлінің "Иман және Заман" атты кітабын сыйға тартты. Соңында естелікке фотоға түсті.