Алда келе жатқан Рамазан айы аса қасиетті болып табылады. Оған да санаулы күндер қалды. Қазір өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында оған дайындықтар жасалып жатқаны белгілі.
Мәселен, Қостанай шаһарындағы «Жайлаубай ата» мешітінде осы қасиетті айға әзірліктер жасалуда. Оған орыс тілінде де дайындықтар жасалды. Әрбір жексенбі күндері арнайы басқосулар өткізілді.
Мысалы, сол дәрістер барысында Оразаны қалай ұстауға болады, оның адам денсаулығы мен ағзасына пайдасы жөнінде жан-жақты айтылды.
Мысалы, сол дәрістер барысында Оразаны қалай ұстауға болады, оның адам денсаулығы мен ағзасына пайдасы жөнінде жан-жақты айтылды.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр Жастар істері бойынша атқаратын іс-шаралар жоспарына сәйкес, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аграрлық-биологиялық факультетінің студенттері арасында «Табиғатты аялайық» тақырыбы аясында кездесу өткізді.
Басқосу барысында асыл дініміздің ұстанымында қоршаған ортаны, бау-бақшаны күтіп-баптау, жан-жануарға, жалпы Аллаһ тағаланың жаратылыстарына мейіріммен қарау, бергеніне шүкірлік ету, Ұлы шебердің туындыларына құрмет көрсету міндет болып саналатындығы жайлы сөз қозғалды.
Жалпы, «Жайлаубай ата» мешітінде жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол мұндай жүздесулер жиі ұйымдастырылады. Оған жоғарыда аталған басқосу жарқын айғақ болады.
Ислам діні - тазалық діні екендігі белгілі. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Тазалық - иманның жартысы» деп айтылған. Осы хадиске амал еткен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің жамағаты мешіт ауласын кысқы коқыстан тазартып, көктемнің шуақты күндерін тиімді пайдалану мақсатында мешіт ауласын тазартып, тәртіпке келтірді.
Алдағы уақытта қопарылған топыраққа гүлдер отырғызылатын болады.Жамағат ұйымшылдық танытып, мешіт ауласының тазаруына өздерінің айтарлықтай үлесін қосты.
Сенбіліктен кейін барлық қатысушыларға мешіт асханасында дастархан жайылды. Онда мешіттің бас имамы Мейіржан Қапарұлы көпшілікке насихат айтып, жамағатқа шын жүректен шыққан алғысын білдірді.
Жақында ауданда кейінгілерге өнеге боларлықтай ерекше жүздесу болып өтті. Осындағы «Жітіқара ауданың мүгедектер достастығы» ұйымы мүгедектікке шалдыққан кісілердің «Ержан Тәтішев» мешітінде зиярат ету рәсімін өткізді.
Мешіттің наиб имамы Руслан Маратұлы оларға киелі орында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.Қонақтарға мешітті аралатып,дұға жасады.Сабырлық, сынақ хақында насихат айтты.
Сондай-ақ, келген қонақтар мешіт кітапханасында болып, дін, діл, тіл турасында пікір алмасты.
«Өткенге құрмет – елге құрмет» деген үндеуге сәйкес жуырда Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бастамасымен дәстүрге айналған игі шара биыл да жалғасын тапты.
Жақында жергілікті жамағат, мекеме қызметкерлері мен жалпы қарапайым халық бірлесіп ауданда «Зират тазалығы» күнін ұйымдастырды.
Мұсылман әдебінің негізін құрайтын тазалық мәселесіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде айрықша мән берген. Соның ішінде зират басын қоқыстан тазарту бір жағынан өткенімізді құрметтеу болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды іс-шара екендігі даусыз.
Жиналған жамағат о дүниелік болған ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зираттардың маңайын тазалап,олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Таяуда Денисов ауданы «Жұма» мешітінің Бас имамы Болатжан қажы Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен мешіттің алаңына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Қазақ халқы «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтпаса керек. Ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с..ғ.с.) мына хадисінен аңғаруға да болады: «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады».
Тағы бір хадис шәріпте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа», – делінген.
Жуырда Науырзым аудандық ақпараттық - насихаттық тобының мүшелері - «Түркебай» мешітінің бас имамы Н.Сыздықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер А.Серікбай ауданға қарасты Дәмді мен Қожа ауылдарының тұрғындарымен «Толеранттылық» тақырыбында кездесулер өткізді.
Бұл шараның мақсаты - ұлтаралық татулық, бірлік, дін жайлы халыққа жан-жақты әңгімелеу болатын.
Жалпы, толеранттылық дегеніміз жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және өзге діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, олармен достық қарым-қатынаста болу емес пе?
Осынау кездесуде барлық қатысушыларға игі әсер етіп, көкейлеріне қонымды қаншама маңызды жайлар айтылды.
Қостанай облысының өкілі Бас имам Бахыбек Нұрғабылұлы өңірлік коммуникациялар қызметі залында Рамазан айына байланысты брифинг өткізді. Кездесуде алдағы қасиетті айдың 6 мамырда басталып 30 күнге жалғасатынын айтып өтті.
Сонымен қатара 5 мамырдан бастап тарауиқ намазынан соң арнайы көлік ба екендігін, күнделікті облыстық мешітте 500-600 кісіге ауыз ашар ұйымдастырылып жатқанын туралы ақпарат жеткізді.
«Бұл айдың қасиеттілігі Құран түскен ай сондықтан тек ғана ішіп-жеуден тыйылып қоймай құлшылықты күшейтіп, қасиетті Құранды көп оқып, оқу білмейтіндер болса үйренуге шақырды. Себебі басқа күндерден қарағанда Рамазан айының әрбір күнінде жазылатын сауаптың шексіз екендігі туралы хадисте айтылған», деді Бас имам.
Халыққа толық ақпарат жетуі үшін Рудный қаласының Бас имамы Азамат Серікбайұлы Рамазанға қатысты орыс тілінде айтып журналистердің сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сонымен 2019 жылдың 5 мамыры 1-ші тарауиқ намазы. 6 мамыр оразаның 1-ші күні. Қадір түні 31 мамыр. 5 маусым Ораза айт.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігі мешіт демеушілерінің қолдауымен 30 отбасына қайрымдылық шарасын өткізді.
Бұл шараға қатысқандар көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұлар негізгілері болды. Оларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік салынған пакет ұсынылды.
Жиналғандарға «Қайрымдылық шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға демеу болу және олардың дұғасын алу»,-деді ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы. Сонымен қатар демеушілерге де алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.
Жалпы мұндай игілікті шаралар облыстық мешітте әр айда 30-50 жанұяға жасалып тұрады. Оған ұйтқы болатын демеушілер және Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі.
Қостанайда «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар болып өтті. Бұл жиында ҚМДБ төраға орынбасары А. Әділбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов, Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин, Қостанай облысының өкілі бас имам Б. Тәжімбет және облыс көлемінен ел ағалары ақсақалдар қатысты.
Бұл басқосудың мақсаты – жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіруді насихаттау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу.
Өткен 2018 жылы осы тақырыпта үлкен жиын болып, онда ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын басшылыққа алып, жаназаға қатысты бірнеше шешім қабылданған болатын.
Осы қабылданған шешім аясында атқарылған, қолға алынған жұмыстар бойынша Алтынсарин ауданынан Жандарбек Қарбенұлы, Ұзынкөл ауданы алқа мүшесі Кенесары ақсақал және Әулекөл ауданынан келген Қайдар Әбдірахманұлы сөз сөйледі.
ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы өз сөзінде «Жаназа тақырыбына қатысты елді толғандырған мәселелер көп. Қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу салттары шариғат қағидаларымен атқарылған және атқарыла бермек. Жерлеу рәсімі елімізде жалпылама бірдей орындалғанымен, кейбір аймақтық ерекшеліктер кездесіп тұрады. Біздің мақсатымыз – діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру, жамиғатқа бірдей біріңғай үкімдерін жеткізу. Өйткені мұсылмандық діни рәсімдердің түп-негізі – шариғат үкімдері. Ал шариғат үкімдері жалпы мұсылман үмбетіне ортақ, екендігін атап өтті.
Осы жиын соңында «жаназа рәсімдеріне қатысты ұсыныстар айтылып, оны халық тарапынан қолдау тауып жатса алдағы уақытта нақты шешім ретінде бекітілетін болады»-деді Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы.
Бұл басқосудың соңында мәжіліске келген барша ақсақалдар мен қонақтар күн тәртібіндегі мәселені бір ауыздан қолдайтынын және оның өте маңыздылығына тоқталды.
Еліміз бойынша дін қызметкерлерін аттестациялау Қостанайда өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет бастаған комиссия облыс көлеміндегі дін қызметіндегі имамдар мен молдаларға сәттілік тіледі.
Алау Шайхымұлы өз сөзінде бұл шараның мақсаты – сынақ , емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрларды көбейту екендігін атап өтті.
Нұрбек Әуезханұлы «Аттестация нәтижесіне қарай қызметкерлер білім деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын болады», - дей келе емтиханның жүргізілу тәртібі мен бағалау критерийлерін түсіндіріп берді.
Сынақтың алғашқы кезеңінде "Ақида", "Фиқһ" және заң сұрақтары бойынша электронды жүйеде тест тапсырып, екінші кезеңде "Құран Кәрім (қирағат, тәжуид)", "Ислам тарихы (алғашқы кезең)" және төрт құжат бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру форматында өтті.