Таяуда Денисов ауданы «Жұма» мешітінің Бас имамы Болатжан қажы Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен мешіттің алаңына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Қазақ халқы «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтпаса керек. Ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с..ғ.с.) мына хадисінен аңғаруға да болады: «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады».
Тағы бір хадис шәріпте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа», – делінген.