ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігі мешіт демеушілерінің қолдауымен 30 отбасына қайрымдылық шарасын өткізді.
Бұл шараға қатысқандар көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұлар негізгілері болды. Оларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік салынған пакет ұсынылды.
Жиналғандарға «Қайрымдылық шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға демеу болу және олардың дұғасын алу»,-деді ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы. Сонымен қатар демеушілерге де алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.
Жалпы мұндай игілікті шаралар облыстық мешітте әр айда 30-50 жанұяға жасалып тұрады. Оған ұйтқы болатын демеушілер және Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі.