Ислам діні - тазалық діні екендігі белгілі. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Тазалық - иманның жартысы» деп айтылған. Осы хадиске амал еткен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің жамағаты мешіт ауласын кысқы коқыстан тазартып, көктемнің шуақты күндерін тиімді пайдалану мақсатында мешіт ауласын тазартып, тәртіпке келтірді.
Алдағы уақытта қопарылған топыраққа гүлдер отырғызылатын болады.Жамағат ұйымшылдық танытып, мешіт ауласының тазаруына өздерінің айтарлықтай үлесін қосты.
Сенбіліктен кейін барлық қатысушыларға мешіт асханасында дастархан жайылды. Онда мешіттің бас имамы Мейіржан Қапарұлы көпшілікке насихат айтып, жамағатқа шын жүректен шыққан алғысын білдірді.
Жақында ауданда кейінгілерге өнеге боларлықтай ерекше жүздесу болып өтті. Осындағы «Жітіқара ауданың мүгедектер достастығы» ұйымы мүгедектікке шалдыққан кісілердің «Ержан Тәтішев» мешітінде зиярат ету рәсімін өткізді.
Мешіттің наиб имамы Руслан Маратұлы оларға киелі орында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.Қонақтарға мешітті аралатып,дұға жасады.Сабырлық, сынақ хақында насихат айтты.
Сондай-ақ, келген қонақтар мешіт кітапханасында болып, дін, діл, тіл турасында пікір алмасты.