Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 30 Июль 2020 09:16

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Қадірлі қауым!

Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды.

«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.

Құрметті отандастар!

Өкінішке қарай, әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты Құрбан айтты өз дәрежесінде атап өтіп, жамағатпен құлшылық жасай алмаймыз. Алланың аманаты болған өміріміз бен денсаулығымызды сақтау – мұсылмандық міндетіміз. Алайда сауап іздеген адам үшін жақсылықтың есіктері қашан да ашық. Біз осы ретте құрбан шалу шараларын қашықтықтан жүзеге асыруды қолға алдық.

Құрбан айттың тарихына терең бойласақ, Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сынақ жібергеннен кейін оны сүйінші хабармен қуантқан. Бұл туралы Құранда баяндалған: «...Бұл нағыз ашық сынақ еді. Біз оның орнына үлкен құрбандық (Ұжымақ қошқарын) ауыстырдық. Біз оған соңғылар ішінде «Ибрахимге сәлем!» деген алғыс қалдырдық. Біз жақсыларды осылай сыйлаймыз. Өйткені, ол иманды пенделерімізден еді» («Саффат» сүресі, 106-111-аяттар).

Аса Мейірімді, ерекше Кеңшілік Иесі Раббымыз осы сынақты тезірек жақсылыққа алмастырғай. Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай.

Алла Тағала жер бетін жұқпалы дерттен тазартып, жақсылығы мен берекетін жаудырғай. Қауіпті індеттен қайтыс болғандарды мейіріміне бөлеп, науқас жандарға шипасын бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын етіп, қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралуды жазғай! Әмин!

БИЫЛ ҚҰРБАН АЙТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Алла қаласа 31 шілде мен 2 тамыз ара­лығында елімізде Құрбан айт мерекесі өтеді. Биылғы Құрбан айтта елдегі пандемияға байланысты жылдағыға ұқсамайтын біраз өзгешеліктер болғалы тұр.

Биыл тұңғыш рет онлайн құр­бан шалу жобасы қолға алынды. Осы бағытта wuww.qurban2020.kz сайты іске қосылды.Жаңа сайт қалай жұмыс істейді?

Онлайн құрбан шалу несімен ерекшеленеді? Пандемия жағдайында Құрбан айт мерекесі қалай өтеді? Құрбандыққа шалынатын мал қандай болуы керек? Осы және басқа да сұрақтарға ертең, 29 шілде күні сағат 21:00-де ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап береді.

«Құрбан айт – ұлық мереке» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн кездесуді Діни басқарманың youtube және instagram каналдарынан көруге болады.

Тікелей эфирді тамашалап, сұрақ қойыңыз. Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Понедельник, 27 Июль 2020 09:39

Құрбан айтқа арналған брифинг

Жуырда облыстық «Qostanai» телеарнасының ғимаратында алдағы Құрбан айтқа байланысты брифинг болып өтті. Оған Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет және Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Азамат Мурзақанов қатысты.

Бұл басқосу екі тілде жүргізілді. Онда биылғы еліміздегі карантинге орай Құрбан айт мейрамында құрбан шалу рәсіміндегі өзгерістер жайлы жан-жақты айтылды.

Үстіміздегі жылы мешіттерде бұрынғыдай Құрбан айт намазы оқылмайды. Құрбандық шалу рәсімі онлайн (қашықтықтан) орындалады. Онда негізінен түйе, сиыр, ешкі, қой сойылады.

Бір тоқтала кетер жай, жағдайы келген отбасылар қой сойса, жеті адам қосылып, ірі қара малды шалуға болады.

 Ағайындарға айтарымыз, Құрбан еті шариғат бойынша үшке бөлінеді. Оның бір бөлігі өз отбасына қалдырылады, бір бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне беріледі. Қалған бір бөлігі жоқ-жітік пен көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша мешіт ұжымы көп балалы отбасыларды назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан жүрегі жомарт азаматтар шын ниетпен Құрбандыққа шалған малдарының етін мешітке әкеліп тапсырса да болады. Қайырымдылық көмектің сауабы қашан да мол.

 Биыл Құрбан айт 31-шілде мен 1-2 тамыз күндері аталып өтпек. Жоғарыда Құрбандық шалу рәсімі онлайн түрінде жүзеге асырылатындығына тоқталдық. Құрбандық шалу уақыты күн шыққаннан бір сағаттан кейін атқарылатындығын ұмытпаған жөн. 

Мұсылман бауырларымыз бұл мәселе бойынша Қостанайдағы «Амиго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасапханасымен байланыс жасағандары абзал. Құрбандық шалуға ықылас танытқан ағайындар Qurban2020.kz сайтына кіріп, онлайн тапсырыс бере алады.

Құрметті жерлестер! Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы баршаңызды алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Әрбір отбасына ырыс-береке, молшылық, зор денсаулық тілейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

БАС МҮФТИ ҚАСИЕТТІ ЗҰЛХИЖЖА АЙЫНЫҢ КЕЛУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін ҚР Президент жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына шыққан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақ елін қасиетті зұлхижжа айының келуімен құттықтады.

Бас мүфти елдегі барша мұсылманды осынау қасиетті айда барынша дұғада болуды насихаттады. Наурызбай қажы Тағанұлы осы күндері көпке көмектесіп, сауапты амалдарға септігін тигізуге шақырды.

«Бүгін, күндердің сұлтаны – қасиетті жұмада, айлардың ұлығы – зұлхижжа айында халқымыздың амандығы мен еліміздің игілігі үшін жасап жатқан дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаху акбар) көбейтіңдер» деген. Осы күндерде ораза ұстап, садақа беріп, науқастарға дәрі жеткізіп, қараусыз қалған қарттар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға көмектесудің сауабы мол. Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай» деді Діни басқарма төрағасы.

–Расында, қасиетті күндер мен айларда адам баласының риясыз жасаған құлшылығы мен дұғасы қабыл болады. Алланың «Әс-Сәләм», яғни амандық пен «Әш-Шафи» шипа беруші көркем есімдерін ұлықтай отырып, дертке шалдыққандардың дертіне шипа сұраймыз. Қайтыс болғандар үшін Алладан – рақым, Пайғамбарымыздың шапағатын тілейміз, – деп түйіндеді сөзін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Суббота, 25 Июль 2020 12:09

QURBAN2020.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

QURBAN2020.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.

Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарлаған едік.
Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.

Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

Сайт функцияларымен төмендегі нұсқаулық арқылы таныса аласыз.

 

QURBAN2020.KZ

Четверг, 23 Июль 2020 17:14

Кең болсаң, кем болмайсың

Қостанай облысында «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Оның аясында жерлестеріміздің денсаулығын нығайтуға арналған 21 тыныс алдыру аппараттары көршілес Ресейдің Екатеринбург қаласынан сатып алынды.

Өңірімізде осы күнге дейін 20 млн-ға жуық қаражат жиналды. Осы қаражатқа алынған 34 аппараттың игілігін халық көріп жатыр. Ал алдағы уақытта осындай құрылғының 10 данасы жеткізілетін болады.

Акцияға белсене қатысып, мұрындық болған азаматтарға, имамдарға «Олжа Агро» және «Best Kostanay» секілді мекеме басшыларына айтар алғысымыз шексіз.

Халықтың денсаулықтары мықты болса, еліміздің де экономикасы өркендей түсетіндігі белгілі. Ендеше жүректері мейірімге толы іскер жандардың ниеттері қабыл болып, жерлестеріміздің отбасы тек қуанышқа кенеле берсін.

Бауырларымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстана береді деген нық сенімдеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 20 Июль 2020 15:26

Онлайн уағыз-насихат жалғасуда

Баршамызға белгілі, әлемді жайлаған дертке байланысты елімізде карантин жарияланды. Соған байланысты дін қызметкерлері де өз жұмыстарын уақыт талабына сай ұйымдастыруда.

Бұл орайда халықты имандылыққа, сабырлыққа шақыру мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Қостанай облысына қарасты барлық мешіттерде онлайн уағыздар жүргізілуде.

Мәселен, әр аптаның алты күнінде есімдері қалың жұртшылыққа жақсы таныс облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет, наиб имам Дархан Сыздықов, білікті мамандар Мейрамбек Жетесов, Тұрым Мұқанбетжановтар облыс тұрғындарымен көкейдегі жүрген көрікті ойлармен бөліседі. Онда өзекті тақырыптарды қамтиды.

Сонымен қатар Ислам ғибадаты, ислам әдебі, құран тәпсірі, ахлақ (мінез құлық) пәндері бойынша апта сайын Қостанай облыстық мешітінің инстаграм, фейсбуг, ютуб желілерінде уағыз-насихат айтылып тұрады.

Мұндай игі мақсаттағы танымдық-тағылымдық жағы мол уағыз-насихаттар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Ең бастысы, еліміздің халқы аман-есен болсын.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай: Емханаға 12 дана оттегі концентраторын табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қайырымдылық қоры еліміз бойынша «Өмірге үміт сыйла!» атты қайырымдылық шарасын бастағаны бәрімізге мәлім. Соған орай Қостанай облысының өкілдігі де қайырымдылық жобасын қолға алды.

Осынау игі шараға жалпы халық белсенділікпен қатысып, өздерінің көмектерін көрсетуде. Мәселен, бұл қайырымдылық жобасының бірінші кезеңінде 5 200 000 теңге қаражат жиналды. Оған Ресейдің Екатеринбург қаласынан 12 дана демалуға тікелей ықпалын тигізетін құрылғыларды қысқа мерзімде сатып алды.

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен өңірдегі «Зекет» қорының жетекшісі Мейрам Жүсіпбеков Қостанай қалалық емханасына 12 оттегі концентратор аппараттарын табыс етті. Аса қажетті аппараттарды жеткізуге мұрындық болған «BEST KOSTANAY» және «ОЛЖА АГРО» мекемелерінің басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Оларға Алланың нұры жауа берсін.

«Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясының екінші кезеңі де өзінің жалғасын тапты. Бауырлас Түркия мемлекетіне 2 325 000 теңгені құрайтын 10 демалу аппаратына тапсырыс берілді.

Ал, шараның 3-ші кезеңінде облыстың бас имамы 30 оттегі концентратор құрылғысын алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 4-ші кезеңінде қазіргі таңда тапшы болып отырған дәрі-дәрмектерді алып беру қарастырылуда.

«Құрметті жамағат, ардақты ағайын! Баршаңызды осы қайырымды да сауабы мол жобада ұйымшылдық танытуға шақырамыз! Атамыз қазақ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп босқа айтпайды. Әрбір отандасымыздың өмірі бізге бәрінен де қымбат» дейді Б.Нұрғабылұлы.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником